Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы
Ашық сабақ
Тақырыбы: «5 санын қосу және азайту»
Дайындаған:бастауыш сынып мұғалімі
Жумабаева Гүлбану
Түркістан қаласы
Тақырыбы: 5 санын қосу және азайту.
Мақсаты:
1)Екі амалдан тұратын өрнектермен және басқадай тапсырмалармен байланысты есептеулерде 5санын кестелік қосу мен азайтуды қолдану; Ондықтан аттайтын жағдайларда 5 санын қосу және азайту ерекшеліктері туралы қорытынды жасау; Топта 1,2,3,4,5 сандарын кестелік қосу мен азайту дағдыларын бекіту.
2)Ойындар мен түрлі 5 санына байланысты ізденіс жұмыстары арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
3)Топтық жұмыстар, шығармашылық тапсырмаларды орындауда, бір-бірімен татулықта, достықта жұмыс істеу білуге, бір-біріне көмектесе білуге баулу, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі және жабдығы:
суреттер, тапсырмалар, гүлдер, сызбалар, оқулық, гном (мыртық бала), қағаздар, қарындаштар
Сабақ түрі: (жаңа сабақ)аралас
Сабақта қолданылатын әдістер:
түсіндіру, салыстыру, болжау, іздену, сұрақ-жауап, толықтыру
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. «Психологиялық дайындық»
Қағаз бен кнопканы салыстыр. Олар неге қажет? (бала пікірін тыңдау)
1.Қағазды бүктеу арқылы біргелікте «гном (мыртық бала)» жасау.
Қандай фигурадан жасадық? (шаршы)
Шаршының неше бұрышы бар? (төрт бұрышы бар)
Қандай фигура шықты?(бесбұрыш)
2.Сан қатары берілген:
5 10 15 20 25 30…………
Неге назар аударылған?
Айырмасының мәні 10-ға тең болатын.
15-5 20-10 25-15 30-20
Қандай заңдылыққа сүйеніп айтылды? Сандарды жалғастырыңдар.
(35,40,45) Енді сандар жұбын атаңдар (35-25 40-30 45-35)
Сергіту сәті. «Он саусақ»
Ауызша есептеулер.
1.Көлден ұшты жеті қаз, 2.Жаңа ғана шалғында,
Қайтып қонды екі қаз, Алты бұзау жүр еді.
Қонбады оның нешеуі? Әлде шаршап қалды ма,
Кәне, кім тез шешеді? (7-2=5) Жатып қапты біреуі.
Нешеуі енді жайылып,
Айт, жүргенін айырып? (6-1=5)
Қазіргі есептеулер де 5 саны туралы екен. Ендеше 5 саны жөнінде не білеміз?
Қауымдастық құрайық.
5 алып
5 арыс
5қару
5 бақыт
5 жігіт
5 жетім
5 тас
5 саусақ
5 дұшпан
5 асыл
Балалар өз ізденістерін ортаға салады, әр 5 санына байланысты тамаша сөздерді мәнерлеп айтады. Иә балалар, қазақ халқында киелі сандар өте көп. 3,4,5,7,9,12,30,тб. Ендеше сөз кезегі өздеріңе.
5 алып
1.Балуан Шолақ (шын аты Нұрмағамбет Баймурзин) -палуан, әнші-сазгер.
2.Қажымұқан палуан (Қажымұқан Мұңайтпасов) қазақ халқын дүние жүзіне танытқан палуан. 3.Бұланбай палуан
4.Қазақбай қажы палуан
5.Қасымхан палуан
5 қару:
мылтық,садақ, найза, қылыш, айбалта.
5 бақыт
1.Астыңдағы атың жүрдек болса,Жалғанның пырағы.
2.Алған жарың жақсы болса,Үй-ішің мен достарыңның тұрағы.
3.Әкең асқар тау.
4.Шешең қайнар бұлақ.
5.Балаң жақсы болса,
Екі көзіңнің шырағы.
5 жігіт
1.данышпан жігіт 2.арыстан жігіт 3.түз жігіт 4.қыз жігіт 5.айналып соғар із жігіт
5 жетім
1.Иен қалған жер жетім,
2.Басшысыз қалған ел жетім.
3.Аққу-қазсыз көл жетім.
4.Тыңдалмаған сөз жетім.
5.Іздемесе қыз жетім.
5 дұшпан
Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
5 асыл
Талап, еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым жасау
5 саусақ
Басбармақ, балалы үйрек, ортан терек, шылдыршүмек, кішкене бөбек
Бес тас
Бестас-көбінесе қыздар ойнайтын ұлттық ойын. Ол үшін домалақ, ұстауға ыңғайлы бес тас, отырып ойнауға ыңғайлы тегіс жер керек. Ойын бірнеше сатыдан тұрады. «Бірлік», «екілік», «үштік», «төрт-тік», «алақан», «төртбұрыш», «арттан тастау» -деген сатылары бар.
Ойын сатыларын ойнай алмаған ойыншы сол сатысында тоқтайды. Ойынды келесі кезектегі ойыншы жалғастырады.
«Бес саусақ» (санамақ)
Бас бармағым, Сұқ саусағым,
Бақташы бол! Сауыншы бол!
Қырағы көз, Өнеріңе
Сақ малшы бол! Табынсын ел!
Ортаң қолым, Аты жоғым,
Орманшы бол! Аспазшы бол!
Күллі орманға Өз қолыңнан
Қорғаншы бол! Дәм татсын ел!
Шынашағым,
Бақшашы бол!
Жемісіңді
Мақтасын ел.
Сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады. Сынып 5 топқа бөлінеді.
І-топ «УАҚЫТ»
ІІ-топ «ӨРНЕК»
ІІІ-топ «ФИГУРА»
ІV-топ «ТАҢБА»
V-топ «САНДАР» әр топтың басшысы болады, жауап парағына өз тобының сабаққа қатысқан балаларын белгілеп отырады.
5 санын қосу мен азайту.
5 санын қосу кестесін есімізге түсіреміз. ±5, қандай санмен 5-тің қосынды-сы бір таңбалы сан болады? (0+5, 1+5, 2+5, 3+5, 4+5),ал қандай санмен қосындысы ең кіші екі таңбалы сан болады? (5+5)
Ал, ондықтан аттайтын жағдайларда не істейміз?
6+5=(6+4)+1=11 11-5=(11-1)-4=6 әрі қарай өздері түсіндіре отырып шешеді. Дәптерге осы тапсырмаларды жазып отырады.
7+5=(… 12-5=(….
8+5=(…… 13-5=(….
9+5=(… 14-5=(….
5+6=(… 11-6=(…
5+7=(… 12-7=(…
Сергіту сәті. «Табиғат»
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстай болып ұшамыз.
Көбелектей қонамыз.
Кітаппен жұмыс. Сөз есепті оқимыз. Не белгілі, не белгісіз? Талдап болып, қысқа шартын түземіз.
Әңгіме -6күн
Жыр-? 5күн ұзақ
Ш: 6+5=11 (күн)
Ж: Жырды 11күн оқыған.
Қыз бала -24
? бала келген
Ұл бала-? 4-еуі кем
Ш: 24+(24-4) = 44 (бала)
Ж: 44 бала келген.
**Логикалық тапсырма
7+4= 11-4=
17+4= 21-4=
27+4= 31-4=
Қандай заңдылыққа сүйеніп жазылған? (ондықтары әртүрлі, бірліктері бірдей, 7 –ден құралған)
Өздеріне құрастырту. Яғни, өздік жұмыс.
7+5= 12-5=
17+5= 22-5=
27+5= 32-5=
Өздері жұппен тесереді.
Сергіту сәті. Мына менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау менің басым,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Ойын: «Гүлдерді әшекейле!!»
Ортасына жазылған сан, қандай екі санның қосындысынан тұрады, санның құрамын тауып, әр топ балалары бір-бір өрнек құрап әр гүл күлтешесіне жазады.
Қорытындылау. ***Бақылау тесті
1.Машина-24
-?
Комбайн-20
А) 4 С)34
В)44 Д )14
2.Қосындының мәні 15-ке тең өрнекті тап.
А)8+4 В)9+5
С)11-2 Д)7+8
3.х=5 мәніне сәйкес келетін теңдеуді тап.
А)12-х=6 С)х-9=5
В)х+7=12 Д)8+х=14
4.Қай екі таңбалы саннан мәні 4 болу үшін 8-ді азайтуға болады?
А)4 С)14
В)10 Д)12
5. 1 тәулікте неше сағат бар?
А)24сағ С)20сағ
В)21сағ Д)22сағ
Жауаптары:
№ 1 2 3 4 5
А
В
С
Д
Әр топ басшылары өз тобының жетістігі туралы әңгімелейді.
Бағалау
Үйге тапсырма: №3тапсырма. (жақшалы өрнек құрау) 78-бет
Достарыңызбен бөлісу: |