Сабақ тақырыбы Атмосфералық ауа газдар қоспасы. Ауаны ластанудан қорғау Негізгі мақсаттар



Дата14.05.2017
өлшемі88,72 Kb.
#16260
түріСабақ

Күні:




Сабақ тақырыбы

Атмосфералық ауа — газдар қоспасы. Ауаны ластанудан қорғау


Негізгі мақсаттар

Ауа -қоспа. Ластану себептері, күресу шаралары туралы ой қозғап, сыни ойлау дағдысын қалыптастыру.


Оқыту әдістері

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.




Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Уақыт

Мұғалімнің іс әрекеті

Бағалау

Оқушының іс әрекеті

Ұйымдастыру

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу



1 мин

«Салем –сөздің анасы»

Оқушыларды сабаққа қызығушылығын арттыру.

Италияда құшақтап амандасады,

Зимбабада бөксені түйістіріп, қол шапаттайды,

Македонияда шынтақтарын тигізе амандасады,

Никорагуада иық қағысады,

Бразилияда арқа сипайды,

Қазақтарда - қол алысып, төс қағысып амандасады.

Оқушыларды жапырақ түстері арқылы арқылы топтарға бөлу.





Оқушылар сәлемдесіп, бөлінген топтарына отырып, топ басшысын сайлау

Негізгі бөлім

Мағынаны ашу




1 мин

4 мин

2 мин

Білу.

«Көрінбейтін сиқыршы»

Қызығушылықты ояту.



Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда топырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің. оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.

  • Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.

БББ кестесін толтыру




Жасырын ақпаратты оқып, «Ауаның ластануы» туралы бейнеролик көрсету арқылы тақырыпты ашамыз



Жаңа сабақты ашу


10 мин

ІІ. Түсіну

«Ойлан. Жұптас. Талқыла»

Атақты орыс дәрігері Ф.Ф. Эрисман «Таза ауа - адамның бірден бір санитарлық және эстетикалық қажеттілігін құрайды» деді. Ежелгі грек философы Анаксимен (б.э.д. 560-450 ) алғаш рет ауаның денелер түзетін негізгі элемент екенін айтса, Аристотель (б.э.д. 384-322 ) ауаның екі қасиеттің: ылғал мен жылу көзі болып табылатынын 4 заттың бастауы екенін айтқан болатын. Ауаның құрамына алғаш тәжірибе жасаған француз ғалым А. Лавуазье .


І топ- Ауа — газдар қоспасы.

ІІ топ- Ауа — газдар қоспасы.

Әрбір топ «Ауа — газдар қоспасы» жайлы өз пікірін қорғап, айтады. Әрбір топ тақырып бойынша 3 сұрақ дайындайды.

Топтар қорғағаннан кейін «Екі жұлдыз, бір тілек» стикерді толтыру ұсынылады.



1 балл

Оқушылар «Ауа-газдар қоспасы» тақырыбына постер құрастырып, қорғайды

Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар

7 мин

1 мин

ІІІ. Қолдану

«Ойлан, одан кейін жауап бер»

Сен түрлі орындарда түрлі иіс болатынын байқадың ба?

Асханада, шаштаразда, дәріханада иісі бар заттардың бөлшектері ауа бөлшектерімен араласады және біз әр түрлі иістерді сеземіз. Бірақ таза ауада иіс болмайды. Жылытқан кезде ауа кеңейеді,ал суытқанда қысылады.

Дәптерлеріңді көтеріңдер, ар жағындағыны көресіңдер ме?

- Жоқ.

Жардың ар жағындағы көрші сыныпты көре аламыз ба?



- Ал сыныптағы заттарды көре аламыз ба?

- Иә.


- Бұл ауаның қандай қасиетін көрсетеді?

- Ауа мөлдір. Бұған айналамыздағы заттарды көзге көре алатынымыз дәлел. Таза ауаның иісі жоқ. Ауа иіссіз. Бұларға көз жеткізу үшін тәжірибелер жасап көреміз.



1. Сытырлақ дорбаны үрлеп, ауа толтырамыз. Аузың қолымызбен бекітеміз.

- Тез қысыла ма?

Сонда ауа деген газ, дәлірек газдардың қоспасы.

2. Ауа серпімді, сығылады. Допты алайық. Оны қолыммен қысамыз. Бүйірі қабысады. Бұл кезде ішіндегі ауа сығылады. Қолымызды жіберсем, серпіліп қайта орнына келеді. Серпіліп тұрған - ауа.

3. Үш бірдей шамды (біріншісі) жағып, біріншісін стаканмен,екіншісін банкамен жауып, үшіншісін ашық қоямыз. Енді салыстырамыз, дәлелдейміз. Нәтижесінде, ашық май шам жана береді. Қалғаны ауа жоқтықтан сөніп қалады. Жануды қолдау ауаның маңызды қасиеті. Мысалы: Үйді жылыту үшін пеш жағамыз. Жануды күшейту үшін не қажет? Ауа. Үрлесең тез жанады. Демек ауа түссіз, иіссіз, серпіледі, сығылады, жануды қолдайды.

Ауаның қандай қасиеттері бар?

Ауа-мөлдір. Бұл туралы ол арқылы барлық қоршаған заттарды көретініміз айғақ (салыстырып қарайық: есік,кітап, мөлдір емес. Олар арқылы басқа заттарды көруге болмайды.)

Ауа – түссіз. Шындығындада, сөре-сары, сынып тақтасы-жасыл, бөлме өсімдігі-жасыл, ал ауада бұл түстерде басқа түстерде болмайды.

Ауа түссіз, мөлдір.

Ауа сығылады, серпіледі. Ауа жануды қолдайды.


СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?

  • Адам құрамында 21% оттек, 79% азот, 0,03% көмірқышқылы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы ауада 16% оттек, 4,0% көмірқышқылы, 79% азот болады. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырмашылығы өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады.

  • Адам бар жоғы 2 минут ғана дем алмай тұра алады.

  • Мектеп сыныбында сабақ басталғанға дейін, шамамен, 1м3-де 2600 микроб, ал І ауысым сабағы аяқталғанда 13500 микроб болатыны есептелген.

  • Нашар желдетілген бөлмедегі ауа құрамында 0,1% дан артық көмірқышқыл газы СО2 болады. Бұл адам үшін зиянды.

  • Қалалардағы зауыт, фабрикалардан бөлінетін улы газдардың әсерінен, зиянды жағдайлардан өсімдіктердің зат алмасу процесі баяулайды. Мысалы: жөке ағашы орманда 400 жыл өмір сүрсе, қалада не бары 50-80 жыл ғана өмір сүреді.

1 балл

Оқушылар түрлі тәжірибелер жасайды.

Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар

4 мин

ІІІ. Талдау. Тест жұмысы.

І топқа:

1. Дем алу үшін ауаға қандай газ қажет?

а) азот б) оттегі в) көмірқышқыл газы

2. Ауаның қандай қасиеттері бар?

а) мөлдір, түссіз, иіссіз, қыздырғанда, ұлғаяды, салқындатқанда қысылады, жылуды жай өткізеді.

б) Аспан тәрізді көгілдір, дыбыстарды өткізеді, күн сәулелерін өткізеді, иісі жоқ.

3. Ауаның құрамына қандай заттар кіреді?

а) сутек, мыс, мырыш

б) оттегі, азот, көмірқышқыл газы.

в) хлор, фтор, йод.

4. Өсімдіктердің қоректік қасиетінен де пайдалы жағын тауып белгіле:

а) Сәнді в) Оттегіне байытады. с) Иісі жұпар



ІІ топқа:

1. Ауа нелердің қоспасы?

а) Қатты заттардың в) Газдардың с).Сұйық заттардың

2. Ауаның жануға және тыныс алуға қатысатын бөлігі қалай

аталады?

а) Оттегі в) Асыл газдар. с) Азот

3. Ауаның негізгі бөлігі не?

а) Азот. в) Асыл газдар. с) Оттегі

4.Ауаның физикалық қасиеттерін тап:

а) Ериді,өткізеді. в) Қатты с) Иіссіз, жануды қолдайды




4 балл

Оқушылармен 2 топқа тест сұрақтары беріледі.

Оқушылар формативті бағаланады жетондар арқылы бағаланады.




Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар

6 мин

ІV. Жинақтау.

«Бірге ойлаймыз»

1 топ-«Ауа - өмір өзегі» Ауа тазалығын сақтауда және экологиялық проблемаларды шешуде қандай шаралар жүргізер едіңіз?»

ІІ топ- «Егер де мен...»




1 балл

Оқушылар ой топтастыру арқылы талқылайды

Сабақты қорытындылау

6 мин

V. Жинақтау.

«Блум кубы»

  • Атап өт: Ауадағы кездейсоқ заттарды атап өт

  • Түсіндір: Оттектің табиғаттағы айналымы жүзеге асуын түсіндір.

  • Бөліс: Атмосферадағы тазалығын сақтау үшін біздің елімізде іске асырылып жатқан шараларды сыныптастарға мысалдар келтіре отырып бөліс.

  • Неге: Ауадағы кездесетін кездейсоқ газдар болуы мүмкін. Олар неге қауіпті?

  • Ойластыр: Өсімдіктер 1 жылда қанша оттек бөлетінін ойластыр.

  • Ұсын: Ауаны зиянды газдармен ластамаудың шараларын ұсын.




2 балл

Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырамыз.




2 мин

VІ. Бағалау

БББ кестені толтыру







Не түсінгендерін талқылап жазады

Бағалау: Критерий бойынша бағалау.

Жиындық бағалау



1 мин

Сабақ бойы жүргізілген формативті бағаларды жинақтап,әр оқушыға тиісті бағалары қойылады.







Топ басшысы жиынтық бағаны айтады.

Үйге тапсырма:

1 мин

& 36 оқу. «Ауа - тіршілік көзі» презентация дайындау







Каталог: uploads -> doc -> 053f
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
053f -> «Котлет массасын дайындау және одан алынатын шала фабрикаттар.»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет