Сабақ тақырыбы: Дүнеитану әдістемесінің пәні мен міндеттері



Дата17.11.2022
өлшемі15,81 Kb.
#158698
түріСабақ
Байланысты:
14.11 дуниетану


Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі
Оқу сабағының жоспары

Сабақ тақырыбы: Дүнеитану әдістемесінің пәні мен міндеттері


Пән атауы: Дүниетануды оқыту әдістемесін қолдану Дайындаған педагог: Утеева Т.Ж
1.Жалпы мәліметтер
Сабақ типі : онлайн сабақ
2.Мақсаты: тіршіліктің әртүрлі деңгейлерінің дамуын түсінуді қалыптастыратын практикалық және зерттеу іс әрекеті арқылы білім алушылардың функционалдық дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
1)Табиғаттың даму заңдылықтары мен адмның қоршаған ортадағы рөлі туралы түсінік қалыптастыру ;
2)Табиғаттың дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын жаңа білім алуға, оларды әрі қарай кеңейту мен тереңдетуді негізі мен құралы ретінде қолдануға ;
3)Білім жүйесі мен ғылыми дүниетаным негіздерін игеру барысында сыни және шығармашылық ойлау қабілеттерін,зерттеу дағдыларын қалыптастыру ;
2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім , икемділік және дағды машықтар келесі пәндердің меңгеруі үшін қажет; педагогикалық технология, жеке пәндерді оқыту әдістемесі, ғылыми педагогокикалық зерттеу әдістемесі
-Оқытудың әртүрлі технологияларының түрін , ұйымдастыру әдістерімен оқу процесін бақылау түрлерін таңдауға
-Оқу уақытының жалпы сағат көлемін бөлімдері мен тақырыптарға бөлуге (пәнді оқытуға бөлімге сағат көлемінен)
3.Сабақты жабдықтау
Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі – педагогика ғылымының негізгі бағыты. Бұл Дүниетану пәнін негіздері циклінен алған білімдеріне сүйене отырып бастауыш сыныпта Дүниетану пәнін оқытуға қажетті теориялық, әдістемелік білім мен білікті, педагогикалық шеберлікті үйрететін курс болып табылады. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің объектісі Дүниетану пәнін негіздері туралы теориялық білімді, яғни қоршаған орта, ондағы заттар мен денелер, құбылыстар мен үдерістер, қоғамдық қатынастарынан бастауыш сынып оқушыларына жас ерекшеліктеріне сай білім берудің әдістәсілдерін, формаларын және баланың жалпы құзыреттіліктерін қалыптастырып, жетілдірудің жолдарын меңгертетін курс болып табылады. Кіші жастағы оқушылар дүниені біртұтас күйінде қабылдайды, оның көріністерін биологиялық, физикалық, химиялық құбылыстарға бөлмейді. Дүниетану пәнін білімін интеграциялап оқытудың алғашқы кезеңінде табиғат құбылыстары туралы дұрыс, біртұтас түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді, табиғат туралы ғылымдарды одан әрі саралай оқып үйренуге белгілі бір негіз қалайды. Оны оқып-үйрену барысында дүниенің материалдығы мен танымдылығын, құбылыстардың өзара байланысын, заңдылықтар мен эволюция идеяларын түсінуге қадам жасалады. Дүниетану пәнін оқыту баланың ақыл-ойын дамытуға бағытталған үлкен міндеттерді шешеді. Нақты обьектілер мен құбылыстарды оқыпүйрену кезінде оның бақылау қабілеті дамиды. Байқағыштық – заттар мен құбылыстарды саналы түрде қабылдай білу, олардың өзіне тән және ортақ белгілерін табу, белгілі заңдылықтарды байқау, оларды талдап қорытынды жасай білу қабілеті. Байқағыштық жүйелі жаттығулардың барысында біртіндеп дамиды. Мұның бәрі баланың ойлау қабілетін дамытуда, қоршаған ортаны танып білуінде маңызы зор. Жаратылыс ғылымдары логикалық индукция және дедукция әдістеріне үйретеді, құбылыстардың мәніне терең бойлау дағдысын қалыптастырады. Жаратылыс ғылымдары логикалық индукция және дедукция әдістеріне үйретеді, құбылыстардың мәніне терең бойлау дағдысын қалыптастырады. Логикалық ойлаудың дамуы бірнеше кезеңнен тұрады.
1. Фактілер мен құбылыстарды бақылау.
2. Жауапты іздеу үшін мәселе (шарт) қою.
3. Бақыланып отырған нәрсе бойынша мүмкін болжамдар жасау.
4. Болжамды зерттеу және дұрыс жауапты тәжірибе жүзінде тексеріп, логикалық тұрғыда талдап, тиянақты қорытындылай білу. Қоршаған дүние обьективті түрде өмір сүретін болғандықтан, ондағы заттар мен құбылыстары алдымен санада бейнеленеді. Көру, сезіну, түйсіну арқылы сезім мүшелерге материалдық түрде әсер етеді де біз оларды қабылдаймыз. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер біріге отырып танымды нақтылай түседі. Сезім арқылы таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады.
Оқу үдерісінде баланың қызығушылығын, өздігінен үйрену, танып білу белсенділігін арттыру мақсатында жүргізілетін оқу жұмыс формаларын ұйымдастыруға үйретуді. Дүниетану пәніндың жалпы әдістемесінің аса маңызды міндеттерінің бірі-ғылым ретінде жаратылыс пен оқу пәні ретінде Дүниетану пәнін арасындағы байланысты анықтап береді.
Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты болашақ мұғалімдерге арнайы мектептегі “Дүниетану пәнін” пәнінің теориялық негіздерін және оқыту мен тәрбиелеу әдістемесімен таныстырады. Ал «Дүниетану пәнін» пәнінің мақсаты оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білудің әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің міндеті бастауыш мектеп мұғалімін мемлекеттік білім стандарты мен оның талаптарын, оқу бағдарламасын, пәннің мазмұны мен оқыту әдістәсілдерін және технологиялары жөнінде білімдермен қаруландыру болып табылады. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері:  оқушыларға дүние туралы (көркем, аңыздық, т.б. түсініктер мен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі);  оқушылардың қалыптастыруы тиіс әрекет түрлері (оқу, еңбек, ойын, қарым-қатынас т.б.);  дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми) туралы білім, білікдағдыларды меңгертумен бірге оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту болып табылады. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі – оқу пәні ретінде оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда педагогикалық әдістермен қоса нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылыстары мен дамуын сипаттайтын әдістер де қолданылады. 3. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің басқа ғылымдармен байланысы Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәні жоғары сыныптарда өтілетін физика, химия, биология, география, астрономия сияқты пәндердің алғы шарттары. Бастауыш сыныпта алынған осы ғылымдар төңірегінде алған білімдері жоғары сыныптарда дамытылады. Бұл оқу пәнін өзінің дидактикалық ерекшеліктері бар, оны мектеп курсының өзге пәндерінен ерекшелейді. Табиғат жайлы ғылымдардың барлығы айнала дүниенің даму барысын түсіндіру, табиғаттың даму заңдылықтарын ашу негізін қарастырады. Табиғат құбылыстарының қарапайым байланыстарын және өзара тәуелділігін анықтайды. Тірі және өлі табиғат арасындағы айырмашылықтарды, байланыстарды түсіндіреді. Табиғат құбылыстарының сырын түсіндіре отырып материалистік көзқарас, яғни дұрыс дүниетанымдық көзқарас қалыптастырады. Мұғалім көмегімен айналадағы табиғатты зерттеу (бақылау) арқылы олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін және оны қорғауға деген ықыласын тудыра отырып, өздері тұрған жердің табиғат айырмашылықтарын, олардың себептерін анықтайды. «Дүниетану», «Қоршаған айнала» пәндері «Адам», «Қоғам», «Табиғат» деп аталатын үш ірі бөліктен (блок) құралады. Бұл айналадағы дүние туралы балада біртұтас көзқарас қалыптастыру және онда адамның орны мен ролін түсінуге көмектеседі. Таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайындағы бейнелі қабылдау нәтижесінде ұғым туады. Осылайша таным нақты дүниеге, қоршаған ортадағы бар заттарға негізделсе ғана белгілі мазмұнға ие болады, оны өз мәнінде танып білу үшін ғылым керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет