Бүгін сабақта біз саяхатымызды жалғастырамыз. Өткен сабақта біз алғашқы адамдар туралы айтқан болатынбыз. Олар туралы білгенімізді қайталап кетейік.
Кубизм әдісі бойынша қайталау.
Не білеміз?Алғашқы адамдар қайда пайда болды?
Сипатта. Алғашқы адамдар қандай болды?
Салыстыр. Алғашқы адамдардың қазіргі адамдардан айырмашылығы қандай болды?
Жаңалық.Отты қалай алды?
Тұрмысы. Олар қайда тұрды?
Азығы. Қандай азықпен тамақтанды?
Қалыптастырушы бағалау:Дұрыс жауап бергендер жолдорба алады.
Бүгінгі сабақта тарихқа саяхатымызды жалғастырып, ежелгі ата- бабаларымыз туралы білетін боласыңдар. Олар кімдер болған екен?
Ребус шешу.
Садақ ,айбалта,қылыш.
Алдынғы әріптерден шыққан сөз. Сақ.
Бүгін сабақта сақтар туралы айтатын боламыз.
Слайд бойынша :
Біздің ежелгі ата-бабаларымыз - сақтар .Олар көшпенді халық болған.Олар өмір үшін қолайлы, әрі мал үшін шөбі шүйгін жерлерге көшіп отырған. Жау келгенде, тіпті ,әйелдері де қорған бола білген. Олардың басшысы- Томирис ханшайым . Ол –ержүрек, ер мінезді , ақылдылығымен көзге түскен. Сол заманда Томирис ханшайымы еліне парсы патшасы Кир шапқанда , елін жаудан қорғап, парсы патшасын өлтіреді. Сол кезден бастап сақтар әйел адамға үлкен сыйластықпен қараған. Сақ қоғамы үшке бөлінген. Жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер.
Оқушыларды шеңбер бойымен тұғызып, интерактивті тақтадағы сөйлемді толықтыру:
Бүгін мен ... білдім.
Томирис ... болды.
Сақтар ...,малшылар, ... бөлінеді.
Бүгінгі сабақты қорытындылайық тақырыпты түсінгеніміз бойынша дорбаны бояңдар. Сабақты түсінгендер жасыл түспен, толық түсінбегендер сары түспен боясын.
Жасыл, сары қарындаштар.
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?
Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?