Сабақ Тақырып: «Салауатты өмір салты»



Дата01.04.2017
өлшемі36,95 Kb.
#12927
түріСабақ
Өзін-өзі тану сабақ жоспары
Мектеп: №19 орта мектеп-гимназия Мерзiм: 21-23.11.2015-_11 сабақ

Тақырып: «Салауатты өмір салты»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Зиянды нәрселерден қашық болу.

Мұғалiм: Аталықова Ж Сынып «10

Сабақ мақсаты: Адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың мәнін түсіндіру.Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  1. Салауатты өмір салтының мәнін түсіндіру.

  2. Зиянды заттарды қолданудың алдын алу.

  3. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Ресурстар:

Кітап, дәптер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi.

1) Тыныштық сәтi. «Теңіз астына саяхат»





2)Үй тапсырмасын тексеру. (5 мин) 





ІІ. Дәйек сөз.

."Денсаулық - өмір негізі" дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Денсаулықтың адам өмірінде қандай маңызы бар?
3. Сен салауатты өмір салтын ұстанасың ба?
4. Денсаулыққа зиян қандай заттарды білесің? Олардың адам өміріне қандай зияны бар?
5. Дені сау адам қандай болады?






ІІІ. Әңгiмелеу (сұхбат). (5 мин)

Зиянды әдеттер

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту

қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты

заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт

пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік дамиды.

Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа

шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам

зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын

білу керек.Статистикалық мәліметтер бойынша планетада ересектердің

40 пайызы темекі тартады. Оның ішінде 60 пайызы ер азаматтар, 20

пайызы әйелдер екен.

Жыл сайын жер бетінде темекіден 3 миллион адам, яғни темекінің улы

әсерінен әрбір 13 секунд сайын бір адам өледі екен.

Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге әуестенбей, темекі

шегушілерден бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс.


Сұрақтар:








Фильмнен үзінді көру, ойларын айту.





  1. Топтық жұмыс.

Ойын “Жалғасын тап”
1. Ішпеген, шылым шекпеген
Жасайды жылдар көптеген.

2. Ұзартқың келсе ғұмырды,


Таста арақ пен шылымды.

3. Темекінің кермегі – Еріккеннің ермегі.

4. Ішпеген, шылым тартпаған,

Денсаулығын сақтаған.

5. Жасында темекісін будақтатқан,


Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.

6. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр,


Одан кейін өзгелерді сақтандыр.








  1. Топпен ән айту.

«Құстар қайтып барады» әні

Әні Н.Тілендиевтікі
Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып 
Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып 
Зымырайды менің бала кезімдей 
Бір жалт етіп өте шыққан сезімдей


Құстар, құстар сызылтып ән салады 
Сол әнімен тербетеді даланы 
Ал, адамдар күліп бастап өмірін 
Кетерінде жылай да алмай қалады


Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе? 
Тамаша әнмен келіп еді көктемде 
Өскен жерге сыймай кетіп барады 
Өскен жерін қимай кетіп барады








  1. Үй тапсырмасы.

Ақыл бар жерде...... оқып келу 




  1. Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)




Каталог: uploads -> doc -> 03ce
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03ce -> Бағдарламасы Информатика пәні мұғалімі Ашық сабақ
03ce -> Сабақ өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі №49 жалпы орта мектеп Биология
03ce -> Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Интернат қоймасы»
03ce -> Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Тыңайтқыштар туралы түсінік қалыптастыру Сабақ мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет