Мақсаты
|
Әлеуметтік желінің зиянды жақтарын ажырата білуге, оны тиімді пайдалану жолдарын көрсету. Сандық сауаттылығын арттыру. Оқушылардың әлеуметтік желілерді сапалы пайдалануға үйрету.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: ақпарат ала отырып, өздерінің әлеуметтік желі туралы білімдерін арттырады.
|
Оқушылардың басым көпшілігі: өз ойларын жетік меңгерте алады.
|
Кейбір оқушылар: әлеуметтік желідегі пайдалы топтармен таныстыра отырып, олармен қалай байланысу жолдарын көрсете алады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылардың басым көпшілігі: диалогқа құра алады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: ғаламтор, әлеуметтік желі.
|
Сыныптың безендірілуі: дөңгелек үстел басында жағалай қонақтар, ата-аналар мен оқушылар отырады.
|
Сынып сағаты телевизиялық бағдарламалар ретінде жүргізіледі.
Қонақтарымыз:
ІТ маманы – А. Тыштыбаева.
Тәрбие ісі меңгерушісі – Д. Комалбаева.
Ата-аналар.
Ұйымдастыру кезеңі: шағын көрініспен басталады. Екі оқушы диалог құрады.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз).
|
|
Басталуы
10 минут
|
Қарақат: Қандай керемет құрбыма қызығып отырмын.
Ерасыл: Түсінбедім, Қарақат не туралы айтып отырсың?
Қарақат: Астанаға қыдырып кеткен құрбым ұшақтан жаңа түскен секілді еді, әне-міне дегенше Астананың көшелерінде түскен суреттерін әлеуметтік желіге салып үлгеріпті.
Ерасыл: ммм, менде футболдағы комментарийлерді оқып отырмын.
Мұғалім сөзі:
Міне, көріп отырғанымыздай, еңкейген қарттан, еңбектеген балаға дейін ғаламторда отырады. Қазір тіптен бұл актуалды мәселе ретінде де қарастырады. Яғни пайдасы да зияны да баршылық. Олай дейтінім, заман жаңарып, өрістеп жатқан бүгінгі күнде балаларды одан алшақтату мүмкін емес екені жасырын жайт емес. Пайдасы туралы айтар болсақ, уақытты тиімді пайдаланып ғаламтор желілерінен түрлі мәліметтер алуға болады. Қашықтықтан оқытудың да мүмкіндігі бар. Ал енді зиянды жағына тоқталар болсақ, бала денсаулығына, психологиясына кері әсері де аз емес. Уақытпен санаспай ұялы телефонға тәуелді болып қалған жасөспірімдердің тағдыры сіз бен бізді ойландырады. Балалар, ендеше интернет желісінің бізге қаншалықты зиянды және пайдалы екенін ажыратайық. Ажырату үшін «әлеуметтік желі» дегеніміз не? Соны анықтап алайық.
http://www.bilimland.kz/kk/content/structure/1604-education_movies#lesson=18617
|
Тақырыпты ашу үшін екі оқушының диалогы арқылы жүргізіледі. Ерасыл мен Қарақат бір-бірімен әңгімелеседі. Қарақат телефонындағы инстаграмм желісінен құрбысының суреттерін көріп отырады.
3-жүргізуші мұғалім
http://www.bilimland.kz/kk/content/structure/1604-education_movies#lesson=18617
|
|