Сабақ тақырыбы Ғылыми жаңалықтар (ашулар) мен технология. Жалғаулық шылаулар. Оқу мақсаты



бет1/2
Дата28.06.2017
өлшемі377,3 Kb.
#20104
түріСабақ
  1   2
Сабақ жоспары №1-2

Мектеп:

НЗМ Қызылорда қаласы

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Қасенова Г.И

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны: 17

Қатыспағандар:

Бөлім

9-БӨЛІМ: Ғылыми жаңалықтар (ашулар) мен технология

Сабақ тақырыбы

Ғылыми жаңалықтар (ашулар) мен технология. Жалғаулық шылаулар.



Оқу мақсаты

8. Т/А2.Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау.

8.Т/А2.Әлеуметтік-қоғамдық, оқу –еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау.




Табыс критерийі

  1. Әлеуметтік-қоғамдық, оқу –еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі интервьюдегі автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдауда нақты фактілермен сөйлейді.

  2. Бейнебаянның жанрын анықтап, дәлелдер келтіреді

  3. Жалғаулық шылауларға мысалдар келтіріп, тақырыпқа қатысты өз ойын қорытындылайды.

Құндылықтарды игерту

«Мәңгілік ел» құндылығы:

  • Тіл және мәдениет

НЗМ құндылықтары:

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;

  • Ынтымақтастық;

  • Жауапкершілік;

Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет.

Тілдік міндеттер

Шылауларды пайдаланып, ойларын нақты тұжырымдайды.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

5мин

Сабақтың басы

20 мин

12 минут


3 минут

минут


15 минут

10 минут


5 минут

5 минут


1.Ұйымдастыру.

2.Ой қозғау



• Оқушылар топтарға бөлінеді және әрбір топтың бір мүшесі сурет таңдайды. Топтағылар суретте қандай ғылыми жаңалықтар бейнеленгендігін талқылайды. Оқушылар суретке байланысты сұрақтарға жауап береді:

• Бұл қандай ғылыми жаңалық?

• Бұл туралы мен не білемін?

• Мен бұл туралы не ойлаймын? Бұл маңызды ма?

• Мен неге бұлай ойлаймын?

Сабаққа болжам жасалады.

Сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады.

«Ғылыми жаңалықтар (ашулар) мен технология» тақырыбына байланысты диалог, монологқа құрылған бірнеше жанрдағы (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) бейне фильм көреді.

3.«Мағынаны тану» кезеңі.

Ғылым (араб.: علم‎ (ілім)— білім, тану; лат.scientia — білім) — жалпы мағынасы: жүйелік біліммен тәжірибе. Арнайы мағынасы — ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы.

Ж 1 топтық тапсырма: Оқушылар жұмысты өзара бөліп алады.

1. Алдымен тыңдалған бейне материалдың қандай жанр екенін анықтап алу;

Мәселен, «интервью» жанры деп танысаң:

А) 1 сөйлеммен өзіңнің пікіріңді айт; мысалы: интервью не пікірталас.

Ә) 2 сөйлеммен өз пікіріңе мысалдар келтір. Ол ережеге бағытталуға болады. Мысалы: бұл – интервью, себебі екі адам арасындағы сұхбат. Сұхбат екі немесе одан да көп адамдар арасындағы әңгіме.

Б) 2 сөйлеммен қарсы пікір білдір. Мысалы: Интервью мазмұнына байланысты жаңалыққа ұқсайды. Бірақ сыртқы түрінде (формасында) айырмашылық бар.

В) 2 сөйлеммен тыңдаған бейне фильм, не материалыңнан ой-пікіріңді, мысалыңды дәлелдейтіндей фактілер келтір. Мысалы: журналшы «Смарт бесік» туралы сұхбат алып жүр. Оған қазақ өнертапқышы Серікбол Шәймардан жауап беруде. Нақты мысал келтірсем. Журналшы:

- Алғаш бұл идея қалай туды?

Серікбол Шаймардан:



- Қазіргі кезде ғылым барынша гүлденіп, қазақтың сан ғасырлар бойғы туындысы болған ұлттық бұйымдарын шетелден енген осы заманғы бұйымдардың біртіндеп ығыстыра бастағаны белгілі. Міне, осындай жағдайды аз да болса өзгертсем деген ниетпен...

Бағалау критерийі:

1.Бейнебаянның жанрын анықтап, дәлелдер келтіреді.

2. Өз пікіріне ережеге сүйеніп, мысалдар келтір.

3. 2 сөйлеммен қарсы пікір білдіріп, өз ойына нақты дәлел айтады.

4. Тыңдаған бейне фильмнен ой-пікірін мысалын дәлелдейтіндей фактілер келтіреді.

Жұмыстарын әр топ 3 минут ішінде қорғайды.

Топтар бірін-бірі бағалайды.

2-сабақ.


1-тапсырма:

Белсенді тапсырма: «Ойлан, тап!» Бір немесе бірнеше оқушыны кабинеттен шығып кетеді. Қалған оқушылар бір түсті не бір проблемалық оқиғаны ойластырып алу керек те, сырттағы оқушы келген кезде соны эмоциямен, қимылмен көрсету керек.Сырттағы оқушы топтағы оқушылардың мәселесін таба алуы керек.



Ой шақыру:

 Бұл тапсырманың алдағы тапсырмаға қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?



Келесі тапсырма: Сіздер тыңдаған түрлі жанрдағы бейне фильмдер мен материалдардағы ғылымның Сыр өңіріндегі дамуы туралы автор көзқарасы мен көтерілген мәселені тауып, соны талдау керек.

Ол үшін:

Т а) таңдаған жанрдағы бейне фильм мазмұны бойынша негізгі тірек сөздерді тауып жазады.

ЖЖ ә) топтағы әрбір оқушы бір тірек сөз бойынша автор көзқарасына негізделген пікірлер мен деректер, дәлелдер әзірлейді.

Т б) Жазған ұсыныс-пікірін топ алдында талқылайды.

С. в) Топта талданған материалдарды біріктіріп, ықшамдап, аудитория алдында қорғайды.

Тапсырманы орындар барысында айтар ойларын сөйлем түрінде дәптерлеріне алдын ала жазып алулары керек.

Бағалау кезінде оқу мақсаты мен оқушы әрекеттеріне қарай жетістік критерийлерін оқушылармен бірлесе отырып құрып алуға болады.

Грамматикалық тапсырма.Жалғаулық шылауларға байланысты тапсырма беріледі.Бейне баяндағы көтерілген мәселеге байланысты өз ойларын тұжырымдайды.

Бағалау критерийі:

1.Шылауларды тақырыппен байланыстырып, сөйлем құрастыру.

2.Шылаудың қай түрін анықтау керек.

1-топ. мен, бен, пен, менен, бенен, пенен, да, де, та, те, және, әрі. 2-топ. бірақ, алайда, дегенмен, әйткенмен, сонда да, әйтпесе.

3-топ. Әлде, біресе, кейде, яки, бірде, я, не, немесе, болмаса, не болмаса, я болмаса.

4-топ. Себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.

Топтық талқылау жүріп, дәптерге сөйлемдерін жазады.



Теориялық білім. Оқушыларға қысқаша түсінік беріледі.

Шылау – толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөздер. Мысалы, үшін, жуық, бірақ, мен, да, әрі, сайын, таман, шақты, бірге, туралы, секілді, т.б.

Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылықтары:

1. Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды;

2. Шылау сөйлем мүшесі бола алмайды;

3. Шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады;

4. Шылау толық мағыналы сөздің жетегінде қолданылып, оған қосымша мән үстейді;

5. Шылаулар түрленбейді, яғни көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді, жіктелмейді.



Шылау сөздер білдіретін мәніне қарай үшке бөлінеді: 1) септеулік шылау; 2) жалғаулық шылау; 3) демеулік шылау.

Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас құрмаластың сыңарларын төмендегі мағыналық қатынаста байланыстырады:

1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен, бен, пен, менен, бенен, пенен, да, де, та, те, және, әрі.

2. Қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйткенмен, сонда да, әйтпесе.

3. Талғаулықты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, кейде, яки, бірде, я, не, немесе, болмаса, не болмаса, я болмаса.

4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.

Кері байланыс

1.Жанр түрін анықтауда, дәлелмен сөйлеуде қандай қиындықтар болды?

2.Топтық тапсырманың сіздің білім алуыңызға қандай әсері болды? Жағымды немесе жағымсыз.Неліктен?

Үйге тапсырма: Ғылыми жаңалықтар (ашулар) мен технологиялар туралы ток шоуға дайындалып келу. Ол үшін осы тақырыпта ізденіп, ақпараттар дайындап келу.

https://www.youtube.com/watch?v=f1n7CxdDlB4




Қосымша мәлімет

Рефлексия

Сабақ / оқыту мақсаты қолжетімді болды ма? Оқушылар нені білді? Сыныпта қандай ахуал қалыптасты? Уақыт бойынша үлгердім бе? Сабақ жоспарынан ауытқушылық болды ма? Болса неге?



Бұл бөлімді сабақ бойынша

ойларыңызды білдіру үшін пайдаланыңыз.

Сол бағанада берілген сұрақтарға жауап беру

арқылы өзіңіздің сабағыңыз жайлы пікіріңізді білдіріңіз



Оқу мақсаты қолжетімді болды.


Қорытынды бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру және

оқыту жайлы ойланыңыз)?

1:

2:



Қандай екі жағдай сабақты жақсырақ өткізуге мүмкіндік

берер еді (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)?

1:

2:

Жалпы сынып немесе жеке оқушылар жайлы мен не білдім?



Келесі сабақтарға дайындалу барысында бұл мәлімет қандай көмегін бере алады?


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет