Көкшетау қаласындағы Назарбаев интеллектуалды мектебі
География пәнінен сабақ жоспары
Сынып: 9
Күні: 05-10-10 ж
Сабақ тақырыбы: §6. Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі.
Сабақ мақсаты: Оқушыларға халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі, халықты аумақтық ұйымдастыру, қала халқы- қала- агломерация-мегаполис, урбандалу, ауылдық халықтың орналасуы туралы толық мағлұмат беру.
Сабақ міндеті:
1.Білімдік: Балаларға халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі, халықты аумақтық ұйымдастыру, қала халқы- қала- агломерация-мегаполис, урбандалу, ауылдық халықтың орналасуы туралы толық білім беру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету.
3.Дамытушылық: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т.б. үйрету.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс
Құрал-жабдықтар: ҚР физ картасы, ҚР әкімшілік картасы, ДЖ физикалық картасы, мектеп атласы, кескін карта,
Барысы: : І. Ұйымдастырушылық кезең
1.Сәлемдесу
2.Балаларды түгендеу.
3.Балалардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Өткен сабақты шолу.
Сұрақтарға жауап беру.
-
Этнос, этностық, диаспора дегенді қалай түсінесің?
-
Мемлекетіміздің ең негізгі этникалық құрамын атаңдар.
-
Халықтардың этнолингвистикалық жіктелуінің негізі неде?
-
Қазақстан халқы саны бойынша қандай айырмашылық жасайды?
-
Қазақтардың дүние жүзіндегі таралу ерекшелігі. Қазақ диаспорасының үлкен шоғыры орналасқан елдер.
-
Қазақстандағы өзбектер мен украиндардың таралуы қандай?
-
Біздің елімізде қандай дін түрлері тараған?
Осы сабақта кездесетін терминдер:
-
Диаспора
-
Этнография-халықтың шығу тегін, орналасуын мәдениеті мен тұрмыс жағдайы туралы ғылым.
-
Этнос
-
Тілдік классификация (лингвистикалық, этникалық)
-
Халық, тіл тобы, тіл семьясы
-
Халықтың діни құрамы
-
Ислам, христиан, будда
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Осы сабақта кездесетін терминдер:
-
халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі,
-
халықты аумақтық ұйымдастыру,
-
қала халқы- қала- агломерация-мегаполис,
-
урбандалу,
-
ауылдық халықтың орналасуы
-
халықты орналастыру
-
халықтың қоныстануы
-
Болашағы жоқ ауылдар
Урбандалу:
-
Қаланың және халқының өсуі
-
Қалалық тіршіліктің өркендеуі
-
Орналасудың жаңа түрінің пайда болуы.
Агломерация – қалалық орналасудың екінші формасы. Агломерация негізгі қаладан (ядродан) және серіктес қаладан тұрады. Агломерациялардың бірігуін мегаролис дейді.
Қалалардың пайда болған уақыты
Халқының саны бойынша қалалар тобы
|
Қалалардың пайда болған уақыты
|
Ежелгі және ортағасырлық кезең
|
ХҮІІ-ХІХ ғғ.
|
Кеңес кезеңі
|
Үлкен
|
Түркістан
|
Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Орал
|
Ақтау, Жезқазған, Талдықорған;
Рудный, Екібастұз
|
Ірі
|
Тараз, Шымкент
|
Астана, Ақтөбе, Павлодар, Семей, Өскемен;
|
Қарағанды
|
Аса ірі
|
-
|
Алматы
|
|
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. В. Усиков. 9-сынып. §6- 40-41-42-43-45-46-сурет бойынша түсіндіру. 68-69-70-71-72бет.
ІҮ.Бекіту.
Сұрақтар:
-
Орналасу мен қалыптасудың қандай айырмашылығы бар? Олардың бір-бірімен тығыз байланыста екендігін дәлелде.
-
Қаланың қандай ерекшелігі мемлекеттегі жетекші қаланың қатарына қосады?
-
Не үшін барлық қалалардың жиынтығы – қоныстану тармағы да, ал агломерация - жүйе болады?
-
Үлкен қаланың 2 түрлі мағынасы бар. Айырмашылығы неде?
-
Қалалар қандай қала қалыптастырушы қызметті атқарады? Мысал келтіріңдер.
-
Ауылдық қоныстанудың ерекшелігі неде?
-
Қазақстандағы ауылдардың негізгі әлеуметтік мәселелерін ата.
-
Негізгі қоныстану белдеуінің басқа аудандардан қандай айырмашылығы бар?
-
Урбандалу, агломерация, мегаполис, урбандалу деңгейі деген ұғымдарды түсіндіріңдер.
Тапсырмалар:
1-кесте. Оқулықтағы 43-сурет бойынша ҚР облыстарын урбандалу деңгейі бойынша топтастыр.
облыстар
|
Аз урбандалған
|
Орташа урбандалған
|
Жоғары урбандалған
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
-
Полулях. Л.Н. «Мектеп оқушыларына арналған өздігінен жұмыс дәптері» 9-сынып. Бойынша жұмыс жасау. 3- тапсырма. 6-бет.
-
Казановская Т., Ульяшова И. «Мектеп оқушыларына арналған жұмыс дәптері». 9-сынып. Бойынша жұмыс жасау. 11-18 бет.
-
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. В. Усиков. 9-сынып. §6-соңындағы тест тапсырмасын орындау. 78-79-бет.
ҮІ.Бағалау
ҮІІ.Үйге тапсырма: §6. Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі. (оқу, мазмұндау, конспектілеу.)
Тексерген: Жаратылыстану пәндері кафедра меңгерушісі Бекенбаева Б.Ш.
Достарыңызбен бөлісу: |