«Алтын бесік балабақшасы» МКҚК
Солтүстік-Қазақстан облысы, Петропавл қаласы
«ЖАС ШАХМАТШЫ»
ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Петропавл қаласы 2016
«Жас шахматшы»
мектепке дейінгі ересек жас балаларына арналған әдістемелік құрал
Авторлары -
|
М. Дарбаева - біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты педагог, педагогикалық ғылымдар магистрі «Алтын бесік» балабақшасы» МКҚК директоры, Петропавл қ.;
Бекжанов Т.С – біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты педагог, «Алтын бесік» балабақшасы» МКҚК дене шынықтыру нұсқаушысы, Петропавл қ.;
|
Мектепке дейінгі ересек жас балаларына арналған әдістемелік құрал. «Жас шахматшы». – Петропавл: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ» 2016 ж. – 41б.
МАЗМҰНЫ
Түсіндірме жазба .................................................................................................2
Оқу-тақырыптық жоспар
Бірінші оқу жылы.................................................................................................7
Екінші оқу жылы...................................................................................................8
Бағдарлама мазмұны............................................................................................9
Бірінші оқу жылы..................................................................................................9
Екінші оқу жылы...................................................................................................16
Бағдарламаны әдістемелік қамтамасыз ету........................................ ................25
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................37
Қосымша..................................................................................................................38
«Шахмат ойыны – тек құр ойын-сауық емес. Адам өміріне қажетті ақыл-ойдың кейбір аса бағалы сапалары , осы ойында нығайтылатыны соншалықты, өмірдің көп жағдайларына пайдалы болатын әдетке айналады...»
Бенджамин Франклин
Түсіндірме жазба
Н.Ә Назарбаев өзінің 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы «Қазақстан - 2050»: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткен: «бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек....» нұсқауы мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңа бағыт береді.
«Жас шахматшы» қосымша білім беру бағдарлама, мектепке дейінгі білім беру мекемесінде жүзеге асырылады және балалар тұлғасының ақыл-ой, физикалық және психикалық дамуының тұтас процесін қамтамасыз етуге бағытталған бағдарлама. Мектепке дейінгі жас балаларына шахмат ойынын оқыту қажеттілігі мен мүмкіндігі туралы мәселе бұрыннан бері педагогикада жағымды шешім қабылдаған. «Жас шахматшы» мектепке дейінгі ересек балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламасы балалардың интеллекттік дамуына бағытталған, кіші мектепке дейінгі жаста белсенді қалыптасатын психикалық процестерді жетілдіреді. Осы бағдарламаны енгізудің педагогикалық ең алдымен, мектепке дейінгі жас балаларын ақыл-ой, психикалық және физикалық дамытудың тиімді құралы ретінде шахмат ойынында қолдану идеясы болады. Мектепке дейінгі жас балаларын шахмат ойынына ерте оқыту, баланың бастауыш мектептің оқу процесіне қолайлы бейімделуін қамтамасыз етеді, күйзелу деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді, оқу процесіне және бала тұлғасының дамуына, оның ойлау өнімділігін арттыруда жақсы әсер етеді. Бұл көпжылдық практикалық тәжірибемен расталады: шетелдік және отандық. Мектепке дейінгі балалық шақта сақталатын дамудың зор потенциалды мүмкіндіктерін сенімділікпен айтуға болады.
«Жас шахматшы» бағдарламасын енгізу мақсаты мектепке дейінгі ересек балалардың интелектуалдық және тұлғалық дамуына жағдайлар жасау, жалпы мәдениетті қалыптастыру және шахмат ойынына оқыту арқылы мағыналы уақыттарды ұйымдастыру болып табылады.
Мектепке дейінгі балаларды шахматқа үйрету міндеттері едәуір кең және сан алуан.
а) білімділік:
Балалардың шахмат ойынына деген тұрақты қызығушылықтарын қалыптастыру.
Балаларға негізгі шахмат түсініктерін меңгерулеріне мүмкіндік беру.
Шахмат ойыны кезіндегі фигураларды тәртіп ережелерімен таныстыру, балаларды шахмат ойынында осы ережелерге сәйкес әрекет жасауға үйрету.
Балаларға ойын тапсырмаларын орындау процесінде фигуралар арасындағы өзара әрекетке, сонымен қатар, ойын процесінде шахмат фигуралары туралы алған білімдерін қолдануға үйрету.
Балаларға шахмат партиясын жүргізуге негіз болатын принциптерінсәтті меңгеруін қамтамасыз ету.
Шахмат тақтасындағы ойын практикасы процесінде алған білімдерін белсенді қолдануға көмектесу.
Жазықтықта бағдарлануға үйрету, балалардың қиялын байыту.
б) дамытушылық:
Салыстыру, айқындау икемділіктерін дамыту және қарапайым байланыстар мен қатынастарды орнату, оқу тапсырмаларын шешу жүрістерін өз бетімен шешу және түсіндіру.
Ойлау, ес, зейін, байқағыштық, қиялдың барлық салаларын дамыту.
Мектепке дейінгі баланың ойлау қызметін активтендіруге мүмкіндік беру.
Баланы логикалық тапсырмаларды өздігінен шешуге тарту.
Таным мен шығармашылыққа ынталандыруды қалыптастыру.
в) тәрбиелеушілік:
Шыдамдылыққа, мақсаттылыққа, ерікке, жинақылыққа, өз күшіне деген сенімділікке, шешім қабылдаудағы дербестікке тәриелеу;
Бағдарламаның ерекше өзгешеліктері.
Мектепке дейінгі ересек балаларға арналған спорттық-техникалық бағыттағы «Жас шахматшы» қосымша білім беру бағдарламасы И.Г.Сухиннің «Шахматы, первый год» бағдарламасы негізінде дайындалған, ол дәстүрлі емес авторлық атқарымдардың қатарына сүйенеді, нақтырақ айтқанда:
Шахмат тақта фрагменттеріндегі ойынды оқу процесінде кеңінен қолдану;
Стандартты емес дидактикалық тапсырмалар мен ойындарды қолдану;
Әр шахмат фигурасының мүмкіндіктерін толық зерттеу;
Фигуралардың шектелген мөлшерімен ойын ережелерін оқу процесінде айрықша қолдану;
«Жою ойыны» оқытудың алғашқы кезеңінде желілік ойынды анықтау: фигураға қарсы фигура;
Әр дидактикалық ойынға арналған ойын ережелерінің нақты блоктарын дайындау;
«мат» шеткі бұрыштық шахмат терминіне асықпай ойын жасауы.
«Білімді қорыту үшін оны ерекше тәбетпен жұту қажет» - деп А.Франц қайталаудан жалықпаған. Сондықтан, мектепке дейінгі ересек балаларына қызықты болу үшін, бағдарламада шахмат туралы ертегілер, ребустар, жұмбақтар, сөзжұмбақ, қызықты тапсырмалар және викториналар кеңінен қолданылады.
«Жас шахматшы» бағдарламасы келесі принциптер негізінде жүзеге асырылады:
Дамытушы қызмет принципі: ойын үшін емес ойын, әр қатысушының және барлық ұжымның тұлғасын дамыту мақсатында.
Басқа жақтан пассивті пайымдау емес, ойын әрекетіндегі әр баланың белсенді қосылу принципі.
Бағдарламалық материалды баяндаудың қол жетімділік, жүйелілік және бірізділік принципі.
Психологиялық жайлылық принципі – оқыту процесінің барлық стресс тудырушы факторларын алуды қамтамасыз ететін білім беру ортасын жасау туралы тұтас түсініктерінің принциптері – жаңа білімді енгізу кезінде оның заттар және қоршаған орта құбылыстарының өзара байланысы ашылады.
Минимакс принципі – әр баланың өз екпінінде алға басу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Вариативті принцип – балалардың өзінің жеке таңдауын жүзеге асыру икемділігі қалыптасады және оларға жүйелі түрде таңдау мүмкіндігі ұсынылады.
Шығармашылық принципі – оқыту процесі балалардың шығармашылық әрекетіндегі жеке тәжірибе алуға бағытталған;
Жоғарыда баяндалған принциптер дамытып оқытуды ұйымдастыру негіздері туралы заманауи ғылыми көзқарастарды біріктіреді және интеллектуалдық және тұлғалық дамытудың міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді.
Аталған принциптердің әрқайсысы оқытудың нәтижесіне жетуге, мектепке дейінгі жас балалардың шахмат ойынының негіздерін меңгеруіне бағытталған. Бұл балаларда шахмат сабақтарына тұрақты қызығушылықтарының көрінуіне, әрекеттердің ішкі жоспарын құру шеберлігінің көрінуіне, кеңістіктік қиялды, мақсаттылыққа, мақсатқа жетудегі тұрақтылықты дамытуға мүмкіндік береді.
Оқытудың негізгі түрлері мен құралдары:
Дидактикалық ойындар мен тапсырмалар;
Шахматтық тапсырмаларды, комбинацияларды және этюдтарды шешу;
Практикалық ойын;
Теориялық сабақтар, шахматтық ойындар;
Шахматтық турнирлар.
Бағдарламаны жүзеге асыру барысындағы күтілетін нәтижелер:
Баланың тұлғалық, интеллектуалдық және әлеуметтік дамуының жоғарлауы, коммуникативтік, инициативтіліктің, толеранттылықтың, жеке қабілеттілігінің дамуы.
Шахматтық ойында теориялық білім мен практикалық дағды алу.
Іс-әрекеттің жаңа түрлерін меңгеру (дидактикалық ойындар мен тапсырмалар, ойындық жаттығулар, сайыстар.)
Шахматтық партияны басынан бастап аяғына дейін ережелер бойынша ойнай білу, оқытудың соңғы нәтижесі болып саналады. Бұл белгілі бір білім беріктігін және оны практикада қолдана білуін жоспарлайды.
Балалардың білімі мен қабілеттіліктерінің педагогикалық мониторингі жылына 2 рет (кіріспе – қыркүйекте, қорытынды - мамырда) жеке әңгімелесу түрінде де, және практикалық тапсырмаларды шешу түрінде де жүргізіледі. Диагностикалық шаралар мектепке дейінгі балалардың оқытудың әрбір сатысында табыстарын қадағалауға мүмкіншілік береді.
Диагностика критерийлерінің педагогикалық мониторингтін жүргізу методикасы.
Бірінші оқыту жылының аяғында бала:
Шахматтық ойынның пайда болу тарихын;
Шахматтық терминдерді: ақ және қара алаң, көлденең, тігінен, диоганаль, орта, серіктестер, бастапқы қалып, ақтар, қаралар, жүріс, алу, шайқаста тұру;
Шахматтық фигуралардың аттарын: ладья, піл, ферзь, ат, пешка, король;
Әрбір фигураның жүру және оны алу ережесін білуі тиіс.
Бірінші жылдың аяғында балалар :
Шахматтық тақтаны меңгере білу;
Әрбір фигурамен жеке ойнау;
Серіктестер арасында шахматтық тақтаны дұрыс орналастыру;
Ойын алдында фигураларды дұрыс қою;
Көлденең, тігінен, диоганальді айыра білу;
Рокировканы білу;
Қарапайым шахматтық есептерді шешу;
Серіктестер арасында шахматтық тақтаны дұрыс қою, фигураларды орналастыруды білуі тиіс.
Баға критерийлері
2 (Жоғары): Бала «шахматтық патшалық», шахмат тарихы туралы хабардар болу. Тор көз дәптер және сызғышпен қолдана білу. Тігінен, көлденеңнен және диоганаль алаңдарын тез арада және дұрыс табу, оларды көрсетіп, дауыстап айта білу тиіс. Шахматтық фигураларды біліп, айырып және аттарын атай білу керек. Шахматтық фигуралардың жүрістерін және олардың айырмашылықтарын біледі. Фигураларды алу тәсілдері туралы ұғымды білу. Балада танымдылық белсенділігі, логикалық ойлау қабілеттілігі, қиялы дамыған. Балада көзбен қабылдауы, назары, қолдың кішкентай моторикасы дамыған. Өзінің іс-әрекетін жоспарлай, оны ойлай біледі, дұрыс жауабын талқылай, іздей біледі. Шапшаңдылығы мен зеректілігі және кеңістікте бағдарлана білуі дамыған.
1 (Орташа): Бала «шахматтық патшалық», шахмат тарихы туралы хабардар болу. Шахматтық алаңды, тігінен және диоганальді іздеу барысында, оларды көрсетіп және оларды дауыстап атағанда қателіктер жібереді. Шахматтық фигуралардың атауларын, шахматтық фигуралардың жүрістерін және олардың ерекшеліктерін шатастырады. «Тең», «тең емес», «көп», «аз» деген ұғымдарды шатастырады.
0 (Төмен): Бала тігінен және диоганальді сызықтарды іздеу барысында, оларды көрсетіп және оларды дауыстап атағанда тез арада таба білмейді. Шахматтық фигураларды танымайды, айыра білмейді және олардың аттарын атамайды. Шахматтық фигуралардың жүрісін және олардың ерекшеліктерін білмейді.
Оқытудың екінші жылының мағынасы шахматтық ойындарға үйретуді, шахмат ойынының ережелерін, және де шахматтық нотациямен, көрнекті шахматшылардың шығармашылықтарымен танысуды қамтиды; шахматтық тапсырмаларды шешуді үйренеді.
Оқытудың екінші жылының аяғында бала:
Бірнеше көрнекті шахматшылардың аттарын,
Шахматтық терминдерді: рокировка, нотация, атқыланған алаң, шах, мат, пат, ничьяны білуі тиіс.
Оқытудың екінші жылының аяғында бала:
Шахматтық партияны басынан бастап аяғына дейін, ойынның барлық ережелерін сақтай отырып ойнау керек;
Бір жүрісте мат қоюы тиіс; шахматтық тапсырмаларды 1-2 жүрісте шешуі керек.
Баға критерийлері
2 (Жоғары): Бала «шахматтық патшалық» туралы хабардар. Сызғышпен және тор көз дәптермен қоладана алады. Тігінен және диоганальды сызықтарды тез арада және дұрыс тауып, оларды көрсетіп және дауыстап атай алады. Шахматтық фигураларды біледі, айыра алады және оларды атай алады. Шахматтық фигуралардың жүрістерін және олардың айырмашылықтарын біледі. Бірінші жүрістердің маңыздылығын біледі. Фигураларды алу тәсілдері туралы ұғымды біледі. Тапсырмаларды өздік орындайды, ойын қысқа да нақты білдіреді, тапсырмаларды аса жылдам қарқынды орындауды біледі. Көзбен қабылдауы, назары, қолдың кішкентай моторикасы дамыған. Өзінің іс-әрекетін жоспарлай, оны ойлай біледі, дұрыс жауабын талқылай, іздей біледі. Шапшаңдылығы мен зеректілігі және кеңістікте бағдарлана білуі, ойлау, ойлану, талдау жүргізу қабілеттілігі дамыған. «Рокировка», «шах», және «мат» ұғымдарын біледі. Шахматтық партияларды жазып алуды біледі.
1 (Орташа): Бала сызғышпен және тор көз дәптерді қоладана алуда, тігінен және диоганальды сызықтарды тез арада және дұрыс тауып алуда және оларды көрсетіп және дауыстап атай алуда қиналады. Шахматтық фигуралардың атауларын, шахматтық фигуралардың жүрістерін және олардың ерекшеліктерін шатастырады. «Тең», «тең емес», «көп», «аз» ұғымдарын шатастырады.
0 (Төмен): Бала тігінен және диоганальды сызықтарды тез арада және дұрыс тауып алып, оларды көрсете және дауыстап атай алмайды. Шахматтық фигураларды білмейді, айыра алмайды және аттарын атай алмайды. Шахматтық фигуралардың жүрістерін және олардың ерекшеліктерін білмейді. «Рокировка», «шах», және «мат» ұғымдарын білмейді. Шахматтық партияларды жазып ала алмайды.
Оқу тақырыптық жоспар
Бірінші оқу жылы
№
|
Тақырып (бөлім)
|
Сабақ саны
|
Практикалық сабақ саны
|
№ 1-2
|
Педагогикалық мониторинг
|
2
|
|
№ 3
|
Раджа және данышпан туралы аңыз
|
1
|
|
№ 4
|
Таңғажайып шахмат әлемі
|
1
|
|
№ 5
|
Данышпан
|
1
|
|
№ 6-11
|
Шахмат тақтасы
|
6
|
5
|
№12
|
Шахмат фигуралары
|
1
|
1
|
№ 13
|
Алғашқы құрылуы
|
1
|
1
|
№ 14
|
Олар көп бірақ біз оларды білеміз
|
1
|
|
№ 15-16
|
Ладья
|
3
|
2
|
№ 17-18
|
Піл
|
2
|
2
|
№ 19-20
|
Ладья пілге қарсы
|
2
|
2
|
№ 21-22
|
Ферзь
|
2
|
2
|
№ 23-24
|
Ферзь пілмен ладьяға қарсы
|
2
|
2
|
№ 25-26
|
Ат
|
2
|
2
|
№ 27-28
|
Ат қарсы ферзьге, піл және ладьяға
|
2
|
2
|
№ 29-30
|
Пешка
|
2
|
2
|
№ 31-32
|
Пешка қарсы ферзьге, ладья, піл және атқа.
|
2
|
2
|
№ 33-34
|
Кароль
|
2
|
2
|
№ 35
|
Интелектуалды турнир
|
1
|
1
|
№ 36-37
|
Педагогикалық мониторинг.
|
3
|
3
|
Барлығы__Жыл_бойы'>Барлығы
Жыл бойы
|
|
37
|
32
|
Екінші оқу жылы
№
|
Тақырып (бөлім)
|
Сабақ саны
|
Практикалық сабақ саны
|
№ 1-2
|
Педагогикалық мониторинг
|
2
|
2
|
№ 3-4
|
Шах
|
2
|
2
|
№ 5
|
Фигура ұтатын қос шах
|
1
|
1
|
№ 6
|
Мат
|
1
|
1
|
№ 7-9
|
Мат в один ход
|
3
|
3
|
№ 10
|
Тізбек дегеніміз не?
|
1
|
|
№ 11
|
Тең ойын
|
1
|
1
|
№ 12
|
Рокировка
|
1
|
1
|
№ 13
|
Жеңілмейтін
|
1
|
1
|
№ 14
|
Комбинация сиқырлы әлемі
|
1
|
1
|
№ 15
|
Этюдті шеш, тапсырманы орындап- сәттілік тап
|
1
|
1
|
№ 16
|
Итальян партиясы
|
1
|
1
|
№ 17
|
Сицилиан қорғанысы
|
1
|
1
|
№ 18
|
Ферзь гамбиті
|
1
|
1
|
№ 19
|
Интелектуалды турнирге дайындық
|
1
|
|
№ 20
|
Интелектуалды турнир
|
1
|
1
|
№ 21-22
|
Қысқа партиялар
|
2
|
2
|
№ 23
|
Тәні саудың жаны сау
|
1
|
|
№ 24
|
Қонақта жақсы, ал үйде оданда жақсы
|
1
|
1
|
№ 25-26
|
Атақты гроссмейстерлер
|
1
|
|
№ 27
|
Үлгілі партия
|
1
|
1
|
№ 28
|
Этюд және шахмат тапсырмаларын шешу.
|
1
|
1
|
№ 29
|
Карольде шайқасқанды ұнатады
|
1
|
1
|
№ 30
|
Бұл қызықты
|
1
|
|
№ 31-32
|
Өткенді қайталау
|
2
|
2
|
№ 33-34
|
Шахмат турнирі
|
2
|
2
|
№ 35
|
Шахмат мерекесі
|
1
|
|
№ 36-37
|
Педагогикалық мониторинг
|
3
|
3
|
Барлығы
Жыл бойы
|
|
37
|
32
|
Достарыңызбен бөлісу: |