Сабақ тақырыбы: Жазық фигуралар Оқу мақсаты



Дата06.07.2018
өлшемі21,88 Kb.
#47656
түріСабақ
Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы

Қашаған Күржіманұлы атындағы № 8 орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі: Утесинова Роза

Математика пәні,1 «Б» сынып




Сабақ тақырыбы:

Жазық фигуралар


Оқу мақсаты:

жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигура-ларымен (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида), танысады және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіреді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

А4 өлшемді қатты қағаз;

қарындаштар;

қайшылар;

кеңістік және жазық фигураларының топтамасы;

марапаттауға арналған жазық фигуралар пішінінде жасалған медальдар.

Тірек сөздер

үшбұрыш; дөңгелек; шаршы; тіктөртбұрыш; жақ.

Треугольник шар квадрат прямоугольник

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға “жазық фигуралар” ұғымын кеңіс-тік фигуралары жақтарының көмегімен түсіндіру. Үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш секілді жазық фигуралармен танысу және бір-бірінен ажырата білу.
Жоспарланған уақыт

Жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

Шаттық шеңбері

0-3 мин


Тамшы болып тамайық,

Арық болып ағайық.

Көлшік болып жиналып,

Күнге қолды бұлғайық.

Күн көзімен тұрайық.

Ой қозғау әрекеті: ауызша есептеу арқылы топтарға бөліну.Әр топқа кеңістік фигураларына ұқсас Астана қаласындағы үлкен ғимараттардың аттарымен атау(цилиндр-Алтын орда,шар-Бәйтерек,пирамида-Бейбітшілік сарайы,конус-Хан шатыр)



Слайд


Ортасы

Топтық жұмыс:

тәжірибе жасау

Оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс

Топтық жұмыс

«Кім зерек?» ойыны


Топпен тәжірибе жасауға қатысуды ұсыну.


  1. Фигураның табанын қағазға қарындашпен бастырып сызғызу.

  2. Фигураны алып тастап, қағазда салынған суретті көруге ұсыныс жасау.

  3. Фигураны қиып алу қажеттігін айту.

  4. Қиып алынған фигураның қалай аталатынын сұрау.

  5. Қиып алынған фигураның “дөңгелек” деп аталатынын айту..

Оқушылардан күнделікті өмірде дөңгелек пішінді қандай заттарды көріп жүргенін сұрау.. Дөңгелек пен конустың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыртып айтқызу.

Тәжірибені жалғастыру. Оқушыларға мына іс-әрекеттерді жасауды ұсыну.:


  • үстелге конус және оның қатарына қағаздан жасалған дөңгелекті қойғызу.

  • үстелдің беті көздерінің деңгейімен бірдей болатындай етіп отырғызып, фигураларға қарату.




  • Оқушылардан не байқағанын сұрау. Көрген-дері бойынша қорытынды жасату. Конустың үстел үстінен жоғары тұрғанын, оның тек табаны ғана үстелде жатқанын, ал дөңгелек түгелімен үстел бетінде орналасқанын бақылау арқылы қорытынды жасатқызу. Сондықтан конус пен дөңгелектің екі түрлі фигуралар болатынын айту.

Олардың негізгі айырмашылығы: дөңгелек — жазық, ал конус — кеңістік геометриялық фигура екендігін айтып, қорытындылау.


Оқушылардан тағы да қандай фигура арқылы дөңгелекті салуға болатынын сұрау. Жауаптарын айтқызып, олардың дұрыстығын тексеруді ұсыну. Цилиндрді қолданып, тәжірибені қайталап көруді ұсыну және сызғаннан пайда болған дөңгелек-ті көрсету. Ал шарды бастырып сызудың мүмкін емес екенін, бірақ ол да кеңістік фигурасына жататынын айтып қорытындылау. Сонымен шар мен цилиндр — кеңістік фигуралары, ал дөңге-лек — жазық фигура екеніне тәжірибе арқылы көз жеткізгенін ескертіңіз.

  1. Қане тапшы «Бұл не?» ойыны:

  2. -Оның үйі қайда?

“Суретте қандай геометриялық фигуралар бейнеленген?” деп сұрау. Сыныпта жақсы оқи білетін оқушылар болса, фигуралардың сөздерін дауыстатып оқыту.

Орындап көр. Берілген тапсырмада оқушыларға айналасын зерттей отырып, пішіні жазық фигуралар болатын немесе ізі жазық фигураның пішінін елестететін заттарды табуды ұсыну.

Шығарып көр. Оқушыларға тапсырмада көр-сетілген суреттегі заттарға мұқият қарап, олардың жақтарының қандай пішін құрайтынын анықтауды ұсыну.Тапсырманы орындау барысында оқушыларды кеңістік және жазық фигуралар туралы алған білімдерін талдай білуге жетелеу.
«Пішіндер әні»музыкасы арқылы қимылдар жасату.
Фигураларды топтастыру. Тапсырма фигура-лардың типтерін ажырату дағдысын дамытуға арналған. Оқушылар фигураларды топтарға бөліп, әр топты өзіне тән тұйық сызықпен айналдырып сызу керек.
Фигуралар мен заттардың пішіндерін са-лыстыр. Тапсырма оқушылардың қандай жазық геометриялық фигура берілген заттың бейнесіне сәйкес келетінін анықтай білу дағдысын тексеруге арналған. Оқушылар кеңістіктегі заттың пішінінің жазық геометриялық фигураның қайсысына сәйкес келетінін анықтап, фигураны заттың түсіне сәйкес бояумен бояуы тиіс.

*Жетістік баспалдағымен өзін-өзі бағалау.


І топ:Фигуралардан қайықтың

моделін құрастыр.

ІІ топ:Сандардан өрнек,теңсіздіктер құрастыр.

ІІІ топ:Қарапайым фигураларды сыз

ІҮ топ: Вен диаграммасы
Музыканы қосып, геометриялық фигуралармен ойнату.Музыка ойнап тұрған кезде оқушылар допты бір-біріне беріп отырады. Музыка тоқтаған кезде доп кімнің қолында қалса, сол оқушы фигураның атын 3 тілде айтуы керек


Кеңістік фигуралар

Тәжірибе жасау үшін А4 қатты қағазы, қарын-даштар, қайшы және кез келген көлемді фигура.

Бейнеролик



Соңы

Қорытындылау
Бағалау

Кері байланыс

Оқушылар сабақ соңында:

жазық фигураларды;

әрбір фигураның өзгешелігін анықтауды;

жазық фигура кеңістік фигураның ізі немесе баспа таңбасы екенін біледі.

Оқушыларға жазық фигураларды көрсете оты-рып, тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдату:

— кез келген жазық фигураны ата. Аталған фигураның қандай ерекшелігі бар екенін білесің бе?

— цилиндрдің табанын бастырып сызса, қандай фигура шығады?

— егер параллелепипедтің жағын бастырып сызса, қандай фигура пайда болады?



— шаршы алу үшін қандай фигураны бастырып сызу керек?
«Еркін микрофон» әдісі арқылы сабақтан алған әсерлерін,не біліп,не үйренгендерін,сабақтың ұнаған тұстарын айтқызу.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет