Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.
Психологиялық ахуал
Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Оқушыларды топтарға бөлу
Ол үшін заттардың суреттерін пайдаланамын: ойыншықтар, көліктер, жемістер, бунақденелілер. Суреттерді 4 топқа бөлемін.
1.Көбелек, қоңыз, шегіртке, ара
2.Қуыршақ, зырылдауық,пирамида, қалақ
3.Ұшақ,машина,кеме, пойыз
4.Таңқурай, құлпынай,қарақат, шие,бүлдірген.
-Біз топқа қалай бөлінідік?
Бірінші топ ойыншықтар, екінші топ көліктер, үшінші топ жемістер, төртінші топ бунақденелілер болып бөліндік.
Оқушылар флипчартқа суреттерді жабыстыру арқылы жиын құрайды.
Жиындар қатары тең бе? Қай жиын тең?
Балалар біз топқа неліктен осылай бөліндік деп ойлайсыңдар?
-Біз затардан не құрадық? Жиындар
-Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыз тең жиындар және оларды салыстыру.
|
суреттер,
ойыншықтар,
|
Сабақ ортасы
Сұрақ қою және талқылау әдісі
Қорытынды шығару және есте сақтау әдісі
|
(Ж) «Тап және салыстыр»
-Берілген заттардан қандай жиындар құрауға болады?
-Жиындарды сипаттап айт және оларды өзара салыстыр.
-Әр жиындағы элементтерді сана
-Элементтер саны бірдей жиындар бар ма, қай жиындарда элементтер саны артық?
Жауабы: мүмкін болатын жиындар:
1.сары-сары алма, сары күн, сары бақбақ
2.дөңгелек - дөңгелек доп,
дөңгелек күн, дөңгелек қызанақ.
3.өмімдіктер-қияр, қызанақ,алма, бақбақ
Дескриптор: тең жиындарды анықтады.
(Ж) Сана және салыстыр
Жиындар тең бе, неге?
Әр жұптағы заттарды санап, салыстыр.
(1-ші тең емес,элементтер саны әр түрлі, 2-ші тең емес, әр түрлі элементтерден тұрады, 3-ші тең,элементтері мен саны бірдей)
Қорытынды шығарады
(Жұптар бір-бірін бағалайды.жасыл қағаз-жақсы, сары қағаз – орташа, қызыл қағаз – төмен)
Дескриптор: жұп құру арқылы нысандар жиынын салыстырды.
(Ұ ОТ) Шығарып көр. Оқулықпен жұмыс
Жиындарды қалай теңестіруге болады?
-қалай теңестірдің?
-мұны қайдан білдің?
-тағы да қандай әдістерді байқап көрер едің?
Жауабы: 1 –ші жиыннан креслоны алып тастауға болады. 2-ші жиынға креслоны қосуға болады.
(Т) Орындап көр.(жарыс түрінде өтеді,
уақыт беріледі, жиынды дұрыс және бірінші болып құраған топ жеңіске жетеді)
Берілген жиынға тең болатын жиындарды ата.
а)1,3,5,7,16
ә)А,Л,Д,М,К
Берілген жиынға тең емес болатын жиындарды ата.
а)ана, әке, ұл, қыз
ә)қыс, көктем, жаз, күз
Жауабы:
1. а)3,5,7,16,1, ә)М,К,Л,Д,А
2.а) ана,әке, қыз, ә) қыс, көктем, жаз
Дескриптор: тең және тең емес жиындарды ажыратты
Дәптермен жұмыс.
Оқушылар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды. 107 бет.
Сергіту сәті. «Көңілді күн» Оқушылар әуенге қосылып билейді.
Қалыптастырушы бағалау
1.а)Екі жиынның элементтерінен жұп құрастырыңыз. Оларды салыстырыңыз. ә)Артық элементін алып тастау арқылы берілген жиындарды теңестіріңіз.
2.Екі жиынның бірігуін бейнелеп көрсетіңіз.
+
=
3.Жиынның қалған бөлігін анықтап, бейнелеп көрсетіңіз.
-
=
Ойлау деңгейлері
|
Бағалау критерийлері
|
білу және түсіну,
қолдану
|
Заттар жиынын жұп құрастыра отырып салыстырады, тең жиындарды анықтайды.
-Екі жиынның қосылуын жиын бөлігін жоюды нақты көрсетеді
|
Бағалау критерийлері
|
Дескриптор
|
Заттар жиынын жұп құрастыра отырып салыстырады, тең жиындарды анықтайды.
|
жиындардың элементтерін жұптайды, <, =, >, таңбаларын қолданып, жиындарды салыстырады, тең жиынды анықтайды.
|
-Екі жиынның қосылуын жиын бөлігін жоюды нақты көрсетеді
|
-екі жиынның барлық элементтерінің бірігуін бейнелеп көрсетеді.
-жиынның қалған элементтерін бейнелеп көрсетеді
|
|
интерактивті тақта
үлестірмелер
дәптер, қалам
интербелсенді тақта
|