Сабақ тақырыбы. Клетка құрылымы және функциясы. Сабақ жоспары



бет1/3
Дата23.09.2022
өлшемі16,46 Kb.
#150522
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Цит және гист 3л


Дәріс № 3 (2 сағ.)


Сабақ тақырыбы. Клетка құрылымы және функциясы.
Сабақ жоспары:

  1. Клетка - тірі организмдердің құрылымдық және функциональды бірлігі.

  2. Прокариотты және эукариотты клеткалар, олардың ұқсастықтары.

  3. Ӛсімдіктер және жануарлар клеткасының айырмашылықтары.

  4. Клетканың атқаратын қызметтеріне қарай морфологиялық ерекшеліктері




    1. Клетка - тірі организмдердің құрылымдық және функциональды бірлігі.

Жануарлар клеткасы плазмалық мембранамен шектелген ядро мен цитоплазмадан тұрады. Цитоплазма негізгі заттан (гиалоплазмадан), органоидтардан және кірінділерден түзіледі.
Клеткалардың кӛпшілігі бір ядролы, бірақ та екі немесе кӛп ядролы клеткаларда болады. Кӛп клеткалы организмнің клеткаларының саны ӛте кӛп. Мысалы, адам миының үлкен ми сыңарларындағы клеткалардың саны 20 млрд шамасында, ал қандағы эритроциттердің саны 25 миллиондай.
Ӛсімдіктер мен жануарлар организмі клеткаларының атқаратын қызметтері әр түрлі болғандықтан, олардың пішіні түрліше болады. Клеткалардың пішіні оның организмдегі орнына да байланысты. Жануарлар клеткалары жұлдыз тәрізді (нерв клеткасы), цилиндр, куб тәрізді (эпителий клеткалары), сопақша (эритроциттер), тармақталған (мезенхиманың клетка- лары), жұмыр (жұмыртқа клеткасы) т.т. болады. Клеткалар пішіні жағынан ғана емес, үлкендігі жағынан да ажырайды. Мысалы, адамның жұмыртқа клеткасы (диаметрі 0,1 мм) кӛлемі жағынан адамның сперматозоидынан 1 млн есе үлкен.

    1. Прокариотты және эукариотты клеткалар, олардың ұқсастықтары.

Құрылысының күрделілігіне қарай клеткаларды екі топқа бӛледі: прокариоттық (гректің про - алдымен, карион - ядро) және эукариоттық (эу - жақсы, карион -ядро).
Прокариоттарға эубактериялар, кӛк жасыл балдырлар, спирохеталар, риккетсиялар және миколплазмалар жатады, қалған барлық организмдердің клеткалары, саңырауқұлақтардың, қарапайымдардың, жануарлар мен ӛсімдіктердің клеткалары эукариондық клеткалар. Прокариоттардың клеткалары ұсақ болады (0,5-3 мкм). Митохондриялар, хлоропластар, Гольджи аппараты, лизосомалар сияқты айқын байқалатын мембранамен шектелген органеллалар мен ядролық мембрана болмайды. Прокариоттардың гендік информацияның құрамында эукариоттар клеткасының хромосомаларында болатын негізгі белоктар - гистондар жоқ, тұйық сақина пішінді ДНК-ныд тізбегінен тұратын бір хромосомда орналасқан.
Прокариоттардың ядросында митоздық аппарат пен ядрошығыда жоқ. Прокариоттардың клеткаларына цитоплазмалық ағыс пен амеба тәрізді қозғалыс тән емес, жабайы талшықтардың кӛмегімен қозғалады. Прокариондық клеткалардың цитоплазмасы біртекті емес, онда фибриллалар, ұсақ мембраналық кӛпіршіктер мен жалпақ қапшықтар, рибосомалар, майдың тамшылары, полисахаридтер мен полифосфаттар жиынтықтарын байқауға болады. Бұлардың бәрі цитоплазманың негізгі затында, матриксінде, гиалоплазмада орналасқан.
Эукариоттардың клеткалары әдетте ірі және құрылымы жағынан прокариоттардың клеткаларына қарағанда, анағұрлым күрделі келеді. Сонымен бірге эукариоттарда жақсы жетілген ішкі мембраналар жүйесі -эндоплазмалық тор мен Гольджи аппараты, мембраналармен шектелген органеллалар - ядро, митохондриялар, хлоропласталар мен лизосомалар болады. Эукариондық
клеткаларға цитоплазманың қозғалысы мен митоздық ұршық және талшықтар сияқты энергияны трансформациялаушы кӛптеген күрделі жүйелер тән. Эукариондық клеткалардың ядросында адрошықтр мен хромосомалар болады. Хромосомалары ДНК мен гистондардан тұрады. Эукариоттардың бәрі аэробтар.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет