Сабақ тақырыбы: Лақтыру кезінде күш пен бұлшық ет төзімділігін дамыту



Дата09.10.2019
өлшемі32,23 Kb.
#49507
түріСабақ
Байланысты:
12 сабақ жоспары 1- нұсқа 1 Бөлім Жеңіл атлетика арқылы денсаулық пен фитнес Лақтыру кезінде күш пен бұлшық ет төзімділігін дамыту.

Сабақ жоспары № 12

Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Жеңіл атлетика арқылы денсаулық пен фитнес 

Мектеп:

Күні:

Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні:



Сабақ тақырыбы: Лақтыру кезінде күш пен бұлшық ет төзімділігін дамыту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.1 арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету;

8.3.5.1 басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете білу



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар келесіге қабілетті:

- дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете біледі

- бұлшық ет төзімділігін және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсетеді



Оқушылар көпшілігі келесіге қабілетті:

- арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылайды

Бағалау критериі

- арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсетеді

- басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете білу



Тілдік мақсаттар

Жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін және ағзадағы функционалды өзгерістерін талқылайды және көрсетеді



Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Қауіпсіздік ережесі

  • адымдар, секірулер, екпін алу

  • лақтыру

  • шыдамдылық, төзімділік

  • дәлділік, иелік ету, маневрлілік

  • эстафеталар, жылдамдықты арттыру, топтық жұмыс

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау үшін сұрақтар



  • Оқушылар лақтыруларды орындаған кезде қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындау маңызды ма?

  • Допты лақтыру кезіндегі екпін алу қаншалықты алысқа лақтыруға көмектесті ме?

Құндылықтарды дарыту

(Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды.

(Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті.

(Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік.

Пәнаралық байланыстар

Биология пәнімен байланыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

Лақтыру техникаларын АКТ арқылы көрсету.

Бастапқы білім

Лақтырудың техникасын біледі.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7


7-8

  1. Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз».

Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер

- қауіпсіздік ережесін біледі.



-лақтыру техникасын түсінеді.

-техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсінеді және біледі.;

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(П) «Динамикалық шеңбер»

Оқушылар ішкі және сыртқа шеңберге бөлінеді. Сыртқы шеңбердегілер қозғалмай тұрады, ал ішкі шеңбердегілер берілген тапсырмалар бойынша білетіндерін айтып келесі жұбына бір айналым жасап шыққанша қозғалады. Сыртқы шеңбердегілер сол тақырып бойынша жасаған қорытындыларын сыныпқа келіп айтады.



Оқушылар бір-бірін бағалайды

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық



Сабақтың ортасы

10-20


20-30


(Ж, Т, ҚБ) Сыныпты екі командаға бөлу. Оқушылар диаметрі 10-12м болатын шеңбердің бойына орналасады. Бірінші бір команданың ойыншысы, одан кейін екінші команданың ойыншысы кезекпен ортаға шығып, теннис добын барынша жоғарыға лақтырады. Ойынды басқарушы қолдан шыққаннан бастап, жерге түскенге дейінгі доптың ұщу уақытын өлшейді. Лақтыру неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның ұшу уақыты көбірек болады. Кімнің добы ауада көбірек болса, сол ойыншыға бір ұпай беріледі.

(Ж, Т, К) Сыныпты бірнеше командаларға бөліп, келесі тапсырманы орындауды ұсыныңыз. Лақтырушылар лақтыру межесіне әр командадан кезекпен шығып, белгіленген аймақтарға лақтыруды орындайды:

1-ші аймақ лақтыру сызығынан 20м, 2-ші-25м, 3-ші- 30м қашықтықта орналасады. Әрбір аймақ келесідей белгіленген: 1-2-3 ұпай. Әр аймаққа тигізгені үшін, оқушыға, әртүрлі ұпайлар беріледі. Барлық ойыншылары жинаған ұпайлардың жиынтығы бойынша жеңімпаз команда анықталады.



Дескриптор :

-допты 1 аймаққа лақтырады

- допты 2 аймаққа лақтырады

- допты 3 аймаққа лақтырады .



Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

- биіктікке секіру сіздің ағзаңызға қалай әсер етеді?

- Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.


Үлкен, бос, ойын кеңістігі, теннис доптары, ысқырық, конустар, фишкалар, өлшеуіш, 150гр лақтыруға арналған доптар.

«Подвижные игры и эстафеты с элементами лёгкой атлетики» интернет ресурсына сілтеме :http://u-s.kz/publ/10618-podvizhnye-igry-i-estafety-s-elementami-legkoy-atletiki.html



Сабақтың соңы

35-40


VI. Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілералыптар (Ергежейлілеротырды, алыптартұрды).

Мұғалім үй жұмысын береді:

- пән терминологиясын жаттау;

- таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу.

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.


Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.

  • Өз қимылдар сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.

  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.

  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?

  • Оқушылар иірілу мен бұрылу арасындағы айырмашылықты біле ме?

  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы




Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?







Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет