Дайындық бөлімі
Бағыттаушының соңынан сол аяқпен адымдап жүру.
Спорттық жүріспен жүру.
Оң жақ қапталмен қолды алға серпу.
Сол жақ қапталмен қолды алға серпу.
Оң жақ қапталмен аяқты қайшылап жүгіру.
Сол жақ қапталмен аяқты қайшылап жүгіру.
Қол алда тізені көтеріп жүгіру.
Қол артта өкшені тигізіп жүгіру.
Жай жүріске көшу.
Қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүру.
Қол желкеде өкшемен жүру.
Қол белде табанның ішкі жағымен жүру.
Қол белде табанның сыртқы жағымен жүру.
Қол алға созылған күйде тізені жартылай бүгіп жүру.
Толық отырып жүру.
Жалпы дамыту жаттығулары
А) Бастапқы қалып аяқ арасы иық кеңдігінде қол белде басты 4 сан солға, 4 сан оңға қарай айналдыру.
Б) Бастапқы қалып аяқ арасы иық кеңдігінде қол иықта 4 сан солға, 4 сан артқа айналдыру.
В) Бастапқы қалып аяқ арасы иық кеңдігінде қол кеуде алдында бүгулі күйінде 1-2 бүгіп серпу, қолды 3-4 рет жазып серпу.
Г) Бастапқы қалып аяқ арасы иық кеңдігінде оң қол жоғарыда сол қолмен төмен 1-2 артқа серпу 3-4 қол алмастыру.
Д) Бастапқы қалып аяқ арасы иық кеңдігінде қол белде 1-2 солға иілу 3-4 оңға иілу.
Е) Бастапқы қалып негізгі тұрыс 1 қол жоғарыда, 2 қол аяқ ұшында, 3 толық отыру, 4 бастапқы қалыпқа келу.
Ж) Бастапқы қалып негізгі тұрыс 4 сан оң аяқпен 4 сан сол аяқпен 3 сан қос аяқпен 4- ші сан 360-қа айналып секіру.
|
Ара қашықтық сақтау 1-2 м.
Дұрыс тыныс алуын қадағалау.
Әрбір жаттығудың орындалу жиелігі жоғары болуы керек.
Дем алуын қадағалау.
Алақан ішке қарау керек.
Арқа түзеу.
Аяқ түзеу.
Аяқ түзеу.
Басты толық айналдыру керек.
Әрбір жаттығуларды талапқа сай орындау керек.
Толық иілу.
|