Сабақ тақырыбы: Өрмелеп шығу жаттығулары. Сабақ мақсаты: Өрмелеп шығу жаттығуларын меңгерту, орындап үйрету



Дата12.10.2020
өлшемі48,5 Kb.
#66100
түріСабақ


Рахатов Мухтар Жетписбаевич

24 лингвистикалық мектеп- гимназия



Дене шынықтыру пәні мұғалімі
Сабақ тақырыбы: Өрмелеп шығу жаттығулары.

Сабақ мақсаты: 1. Өрмелеп шығу жаттығуларын меңгерту, орындап үйрету.

2. Аяқ, қолдың бұлшық еттерін дамыту, оқушылардың дене бітімінің дұрыс

қалыптасуына ықпал ету.

3.Оқушыларды сенімділікке, төзімділікке, батылдықққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі:дәстүрлі

Сабақ типі: жаңа білім меңгерту

Сабақ әдісі: жаттығулар орындау, топтық, жеке

Пайдаланатын құралдар: гимнастикалық төсеніш, ысқырық, арқан

Өткізілетін орын: мектептің спорт залы





Сабақ мазмұны

Уақыт мөлшері

Әдістемелік нұсқаулар

1

Ұйымдастыру бөлімі

А) Сапқа тұрғызу, мәлімдеме қабылдау,сәлемдесу.

Б) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

5


Саптық ережелерді сақтауды қадағалау.

Тыныштық сақтау.






Дайындық бөлімі

Бағыттаушының соңынан сол аяқпен адымдап жүру.

Спорттық жүріспен жүру.

Оң жақ қапталмен қолды алға серпу.

Сол жақ қапталмен қолды алға серпу.

Оң жақ қапталмен аяқты қайшылап жүгіру.

Сол жақ қапталмен аяқты қайшылап жүгіру.

Қол алда тізені көтеріп жүгіру.

Қол артта өкшені тигізіп жүгіру.

Жай жүріске көшу.

Қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүру.

Қол желкеде өкшемен жүру.

Қол белде табанның ішкі жағымен жүру.

Қол белде табанның сыртқы жағымен жүру.

Қол алға созылған күйде тізені жартылай бүгіп жүру.

Толық отырып жүру.

Жалпы дамыту жаттығулары

А) Бастапқы қалып аяқ арасы иық кеңдігінде қол белде басты 4 сан солға, 4 сан оңға қарай айналдыру.

Б) Бастапқы қалып аяқ арасы иық кеңдігінде қол иықта 4 сан солға, 4 сан артқа айналдыру.

В) Бастапқы қалып аяқ арасы иық кеңдігінде қол кеуде алдында бүгулі күйінде 1-2 бүгіп серпу, қолды 3-4 рет жазып серпу.

Г) Бастапқы қалып аяқ арасы иық кеңдігінде оң қол жоғарыда сол қолмен төмен 1-2 артқа серпу 3-4 қол алмастыру.

Д) Бастапқы қалып аяқ арасы иық кеңдігінде қол белде 1-2 солға иілу 3-4 оңға иілу.

Е) Бастапқы қалып негізгі тұрыс 1 қол жоғарыда, 2 қол аяқ ұшында, 3 толық отыру, 4 бастапқы қалыпқа келу.

Ж) Бастапқы қалып негізгі тұрыс 4 сан оң аяқпен 4 сан сол аяқпен 3 сан қос аяқпен 4- ші сан 360-қа айналып секіру.



10

Ара қашықтық сақтау 1-2 м.

Дұрыс тыныс алуын қадағалау.


Әрбір жаттығудың орындалу жиелігі жоғары болуы керек.

Дем алуын қадағалау.

Алақан ішке қарау керек.

Арқа түзеу.

Аяқ түзеу.

Аяқ түзеу.

Басты толық айналдыру керек.

Әрбір жаттығуларды талапқа сай орындау керек.
Толық иілу.


3

Негізгі бөлім. 25м.

Жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын сақтай отыра қимылдауды ескерту.

Арқанмен өрмелеу техникасын түсіндіру.

1-орындықта отырған бастапқы қалыпта қол мен аяқтың күшін тең мөлшерде пайдалана отырып, арқанмен өрмелеу техникасын меңгерту.

2- арқанды барынша жоғарыдан ұстау керек.



3- қолмен арқанды ұстаған күйде тез тартылып, екі табанмен арқанды қысып алу.




4


Қорытынды бөлім

Демдерін қалыпқа келтіру.

Сапқа тұрғызу.

Жіберген қателерді айту.

Оқушыларға баға қою.

Үйге тапсырма беру.

Сабақты қорытындылап аяқтау.


5


Түзу боймен тұру.



Қателерді айтып көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет