Сабақ Тақырыбы: «Отырар сазы» фольклорлық- этнографиялық оркестрі Мақсаты: оркестр ұғымын кеңейту Міндеті: музыкалық таным, білім сауаттылығын тереңдете түсу



Дата28.06.2017
өлшемі8,63 Kb.
#20476
түріСабақ

Ашық сабақ Тақырыбы: «Отырар сазы» фольклорлық- этнографиялық оркестрі

  • Мақсаты: оркестр ұғымын кеңейту Міндеті: 1. музыкалық таным, білім сауаттылығын тереңдете түсу.
  • 2.Шығармашылық белсенділігін арттыру, ән салу шеберлігімен қоса қосымша шығармашылық іске дағдыландыру,
  • 3.елжандылықты, патриоттық сезімін тәрбиелеу.
  • Оркестрдің ұйымдастырушысы, көркемдік жетекшісі және бас дирижері КСРО-нің халық артисі Н. А. Тілендиев. 1982 жылдан оркестр “Отырар сазы” деп аталады. Музыкалық шығармалар ерте кезден белгілі қазақтың ұлттық аспаптарында орындалады.
  • Отырар сазы - Қазақтың мемлекеттік халықтық музыкалық аспаптарының фольклорлық -этнографиялық оркестрі. 1980 жылы ансамбль ретінде қазақ филармониясының жанынан құрылған

«Отырар сазы» оркестрі

Қазірде Н. Тілендиев атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық халық аспаптар оркестрі деп аталады. -Оркестрдің құрамында домбыра мен қобыздан басқа,қазақтың жетіген, шертер, шаңқобыз, месқобыз, сырнай, сазсырнай,сыбызғы, асатаяқ, дауылпаз,тұяқтас,қоңырау т.б. аспаптары бар. Оркестр фольклорлық туындылармен қатар аңыз,шежіре,күйлер сипатында жазылған Қазақстан композиторларының шығармаларын, кинофильмдер музыкасын да орындайды. Оркестр құрамында 65 өнерпаз қызмет етеді. Оркестрдің репертуарында халық күйлері-”Кеңес”, “Сары өзен”, “Салкүрең”,халық композиторларының шығармалары –Тәтімтеттің “Қосбасар”, “Саржайлау”, “Сылқылдақ” , “Ерденнің күйі”, Ықыластың “Қамбар батыры”, М. Төлебаевтың “Еске алуы”, Н. Тілендиевтың “Ата толғауы”, “Көш керуені”, К. Күмісбековтың “Қорқыт күйі”, “Фараби сазы” және т.б күйлері бар.

Нұрғиса Тілендиев (1925- 1998) –дарынды композитор, дирижер және күйші. Туып өскен жері –Алматы облысы Іле ауданы Шамалған ауылы.

  • Нұрғиса Тілендиев (1925- 1998) –дарынды композитор, дирижер және күйші. Туып өскен жері –Алматы облысы Іле ауданы Шамалған ауылы.

Нұрғиса Тілендиев

  • Фильмге музыка жазған
  • Дирижер
  • Күйші
  • Оркестрдің
  • жетекшісі
  • Музыка тыңдау: Н. Тілендиевтің күйі “Ата толғауы” орындайтын “Отырар сазы”” оркестрі
  • -Осы күйді тыңдау барысында қазақтың қандай музыкалық аспаптарының үнін ажырата алдыңдар?
  • -Күйді тыңдай отырып, қазақтың халық аспаптарын орындалу ретіне қарай орналастырып дәптерлеріңе жазыңдар?

-”Көш керуен”-Н. Тілендиевтің шығармаларының ішіндегі биік музыкалық талғаммен жазылған, әсем әуенді күй. Күйде қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының үні ерекше бір үндестікпен дыбысталады.

  • -Н. Тілендиевтің халық сүйіп тыңдаған, ел мақтанышына айналған шығармаларының бірі-”Саржайлау”әні. Тыңдау. -Әннің сөзін жазған ақиық ақын М. Мақатаев туралы кім не біледі? Ақиық ақынның өлеңдерін кім жанына жақын тұтты екен?
  • -Шығармашылық жұмыс: Музыкалық шығармаларды тыңдай отырып, көз алдыңа келген бейнені, шығарманы мазмұндайтын суреттер салу.
  • Ән үйрену: “Кел жайлауға”
  • муз: Ә.Телғозиев
  • сөзі: Д. Жанботаев
  • Келдік, міне жайлауға,
  • Жайлау жақсы ойнауға.
  • Ағып жатыр балбұлақ,
  • Аршалы сай, қойнауда,
  • Қ-сы
  • Жайлау-жайлау жасыл тау,
  • Жасыл тауда осынау
  • Жорға мініп ойналық,
  • Қонаққа кел досым-ау.
  • Аққуындай даланың,
  • Ақбоз үйі даланың.
  • Көрген кезде әжемді,
  • Қуанып бір қаламын
  • -Оқушының тіл байлығын дамыту.
  • - Мен жайлауға барғанда деген тақырыпта әңгімелесу.
  • Сабақты қорытындылау:
  • “Бүктемеден” әртүрлі музыкалық аспаптадың суреттері көрсетіледі.Оқушылар оларға анықтама береді.
  • -”Отырар сазы”фольклорлық оркестрін құрған кім?
  • -Ол туралы не білдің?
  • -Композитордың шығармаларын ата?
  • -Қандай музыка тыңдадыңдар?
  • Оларда ұқсастық бар ма?
  • Үйге тапсырма: Өз ойыңша қазақтың
  • жайлауының суретін сал.

Каталог: kopilka -> uploaded files
uploaded files -> Оқып үйренудің негізгі мақсаты Оқытуда қалыптасатын әдіс-тәсілдер
uploaded files -> Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі дара тұлға
uploaded files -> Тақырыптың туындау себептері
uploaded files -> Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы
uploaded files -> Ххі ғасыр көшбасшысы өткізген
uploaded files -> Жарық туралы дуализм Квант дегеніміз не? Абсолют қара дене Фотон
uploaded files -> Өмірбаяны 1858 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл
uploaded files -> Презентация №50 Абай атындағы орта мектеп
uploaded files -> Атақты жазушы Біздің жерлесіміз
uploaded files -> Сабақтың барысы: Сабақтың кезеңі Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет