Сабақ тақырыбы: «Ою түрлерін компьютер көмегімен жобалап, бояп, сызып үйрену»



Дата28.01.2018
өлшемі28,25 Kb.
#35108
түріСабақ
Сабақ тақырыбы: «Ою түрлерін компьютер көмегімен жобалап, бояп, сызып үйрену»

Білімділік: ою үлгілерін компьютерге түсіріп, сызып бояудың әдіс – тиәсілдерін меңгерту, алған білімдерін коомпьютер арқылы көрсетуге жинақтауға дағдыландыру.

Дамытушылық: теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен көрсетуге ықпал ету, практикалық іс – әрекеттерін қалыптастыру;

Тәрбиелік: өз халқының салт- дәстүрін құрметтей білуге, өз ұлтының ерекшеліктерін түсіне білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: технология сабағында компьютерді пайдалану, аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: ЭВМ, география, сурет, Қазақстан тарихы

Сабақтың құрал – жабдықтары: қайшы, желім, сызғыш, бояулар, қарындаш, өшіргіш, түрлі түсті қағаз, картон, бор, қағаз

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, графопроектер, матадан тігілген оюлар үлгілері, суреттер, буклеттер, тест сұрақтары, телевизор, видео магнитофон

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Өткен сабақты қайталау

  3. Жаңа сабақты түсіндіру

  4. Практикалық жұмыс

  5. Сабақты қорытындылау

  6. Үйге тапсырма бер:

Үй тапсырмасын тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Ою – өрнектердің мағынасын түсіндір?

  2. Ою – өрнек неше түрге бөлінеді

  3. Зооморфтық ою – өрнектерге қандай оюлар жатады.

  4. Геометриялық ою – өрнектерге қандай оюлар жатады?

  5. Көкөніс оюларға қандай оюлар жатады?

  6. Космогониялық ою – өрнектерге қандай оюлар жатады?

  7. Ою – өрнек қай ғасырдан бастап пайда болды?

1-сурет – «Жануар»

2-сурет – «Геометриялық фигура»

3-сурет – «Жұлдызша»

4-сурет – «Гүл»

Осы суреттер қандай мағынаны білдіреді?

Жаңа сабақ:Ою – өрнек қазақ даласына оқу, сызу пайда болмай тұрып дүниеге келді десе де болады. Өткен ғасырдағы ою – өрнектен адамның ойын, немен шұғылданғанын, тіпті хан мен бай, кедей іс әрекеттерін де оқуға болады. Ою – өрнек тұрмыстың қажеттілігін өтеумен қатар, сұлулық пен символдық қызмет атқарды.

Қазір біз сендермен осы ою – өрнектерге байланысты сұрақтарға жауап береміз




  • Балалар, сендер осы ою-өрнектерді танып білдіңдер десе де болады. Енді осы ою-өрнектерді компьютерге салып үйренеміз. Ол үшін Paint графикалық редакторын ашып саламыз.

Paint – қазақша мағынасын сызып, бояп үйрену.

Тест сұрақтарын компьютердің көмегімен шешіп, компьютер бағасын өзі қояды.

5.Оқушылардан ою – өрнек туралы мақал – мәтелдер, өлеңдер, жұмбақтар сұрау. Оқушыларға екі түрлі қағаз беріп, ою – өрнекті тез арада қиып көрсетуді талап етемін. Сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.



Ою – өрнекке байланысты тест сұрақтары

  1. Ою-өрнектер дегеніміз не?

  1. Ою – өрнек – мәдени шежіре

  2. Ұлттық ою – өрнек негізінен қошқармүйіз болып саналады.

  3. Ою – өрнек бір нәрсені ойып, кесіп, қиып алып немесе оя кесіп қиылыстырып, біріктіре жасау, бір заттың бетіне бедер жасау.

  1. Ою – өрнек неше топқа бөлінеді?

  1. Зооморфтық, көкініс

  2. Зооморфтық, космогониялық, көкініс, геометриялық

  3. Зооморфтық, космогониялық, көкініс, геометриялық, мүйіздік

  1. Зооморфтық ою – өрнектерге қандай оюлар жатады?

  1. «Айшық», «күн», «шұғыла»

  2. «Тұмарша», «бүршік»

  3. «Қошқармүйіз», «қазтабан», «түйе өркеш»


Жаңа сабақты бекіту , бағалау,үйге тапсырма беру

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет