Сабақ Тақырыбы: "Ұқсас қосылғыштарды біріктіру"



Дата13.02.2017
өлшемі11,3 Kb.
#9054
түріСабақ
  • “Ұқсас қосылғыштарды біріктіру”
  • Дайындаған: Нұрлыбаев Ерлан.
  • Ашық сабақ
  • Тақырыбы: ”Ұқсас қосылғыштарды біріктіру”.
  • Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың білімдерін дамыту.
  • ә) Пәнге қызығушылығын арттыру.
  • б) Уақытты ұтымды пайдаланып, көп есептер шығару.
  • Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар,кеспе қағаздар.
  • Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
  • Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
  • 1кезең. “Үй тапсырмасын пысықтау”.
  • 2кезең. “Сұрақ-жауап”.
  • 3кезең. “Жаңа сабақ”.
  • 4кезең. “Деңгейлік есептер( тақтамен жұмыс )”.
  • 5кезең. “Біліміңді тексер (үлестірмелі қағаз)”.
  • 6кезең. “Қорытынды”.
  • 7кезең. “Үй тапсырмасын беру”.
  • 1кезең.”Үй тапсырмасын пысықтау”.
  • №1. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар.
  • А) ab+ac+ad=a(b+c+d).
  • Ә) 9a-6b+3c=3(3a-2b+c).
  • Б) 6x+2x+3x=x(6+2+3)=11x
  • №2.
  • а) 56 ә) -90
  • 2кезең: “Сұрақ-жауап”
  • Өткен сабақты пысықтау
  • Алгебралық өрнектің мәні дегеніміз не?
  • Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектерді қалай ықшамдаймыз?
  • Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына қалай шығарамыз?
  • 3 кезең: “Жаңа сабақ”.
  • Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып,әріп бөліктері бірдей қосылғыштардан құралған алгебралық қосындыны ықшамдауға болады.
  • 1-мысал: 5а-9а+4а-11а алгебралық қосындысы берілген 5а,-9а,4а,-11а қосылғыштарының әріп бөліктері бірдей. Мұндай қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды. Тең қосылғыштар да ұқсас қосылғыштар болып табылады.
  • Әріп бөліктері бірдей қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды.
  • 2 мысал:Ұқсас қосылғыштары бар 3x-8x+7x алгебралық қосындысын ықшамдайық.
  • 3x-8x+7x=(3-8+7)x=2x
  • алғашқы өрнек ортақ әріп көбейткіш өрнектің ықшамдалған
  • түрі
  • Ұқсас қосылғыштарды қосу ұқсас қосылғыштарды біріктіру деп аталады.
  • Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін:
  • 1)Олардың коэффициенттерін қосу керек.
  • 2)Алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.
  • Алгебралық қосындыда ұқсас қосылғыштардың әр түрлі бірнеше тобы болуы мүмкін . Мұндай жағдайда әр түрлі ұқсас қосылғыштардың астын түрліше сызып ,соған қарап біріктіреді.
  • 3 мысал: 2,8х-7у+5,6+3у-4х-2 өрнегіндегі ұқсас қосылғыштарды біріктіріп,өрнекті ықшамдайық.
  • Берілген қосындыдағы 5,6 және -2 қосылғыштары бос мүшелер деп аталады. Бос мүшелердің әріп бөліктері болмайды.
  • 2,8х-7у+5,6+3у-4х-2=
  • =(2,8-4)x+(-7+3)y+(5,6-2)=-1,2x-4y+3,6
  • 4 кезең. “Деңгейлік есептер” (тақтамен жұмыс).
  • А тобынан №779 , №780 , №781 (оңай есептер)
  • В тобынан №790 , №791 , №793 (орташа есептер)
  • С тобынан №801 , №802 (күрделі есептер)
  • Есептерді оқушылардың білім деңгейіне қарай тақтаға шығарып орындату.
  • “Сергіту сәті”
  • “Ұқсастарын тап”
  • 3
  • 5
  • 12
  • 2
  • 9
  • 6
  • 1 A
  • 2
  • 3
  • 9
  • 2
  • 3
  • 5
  • 6
  • 4
  • A
  • А
  • 11
  • 19
  • 23
  • 5
  • 13
  • Жауабы: жай сандар.
  • 5 кезең. “Біліміңді тексер” (үлестірмелі қағаз).
  • Әр топқа 3 есептен беріледі.
  • №1 кеспе.
  • Жақшаны ашып жазыңдар.
  • 4a-(3b-c)=
  • 2.Бос орындарға тиісті санды немесе әріпті қойып, теңбе теңдікті толықтырыңдар
  • a(b+c)=ab+ c
  • 3. Өрнектің мәнін табыңдар.
  • 3(a+2b)= мұндағы а=3, b=-1

№2 кеспе.

  • №2 кеспе.
  • Жақшаны ашып жазыңдар.
  • x+(8y-z)=
  • 2.Бос орындарға тиісті санды немесе әріпті қойып, теңбе теңдікті толықтырыңдар
  • 1,2a*3b= ab
  • 3. Өрнектің мәнін табыңдар.
  • 5(3x-2y)= мұндағы x=1, y=-2
  • 6 кезең. “Қорытындылау”.
  • Әр топқа бес сұрақ.
  • 1-топ. 1)Тік төртбұрыштың ұзындығы 6см , ені 4см ауданын тап?
  • 2)Қандай түзулер қиылыспайды?
  • 3)Ең үлкен төрт таңбалы санды және ең кіші төрт таңбалы санды ата?
  • 4)Қандай бұрыш 90 градус бұрыш жасайды?
  • 5)100 кг да неше грамм бар?
  • 2-топ. 1)квадраттың қабырғасы 3см,ауданын тап?
  • 2) 1 тоннаның екіден бір бөлігі қанша?
  • 3)Үшбұрыштың периметрі қанша?
  • 4)1 тонна мақта ауырма , 10 центнер темір ауырма?
  • 5)ешқандай арифметикалық амал қолданбай ақ 666 санын 1,5 есеге арттыр?
  • Жауаптары:
  • 1-топ
  • 24см2 2)паралель 3)9999ж/е1000 4)тік төртбұрыш 5)100000
  • 2-топ
  • 1)9см2 2)500кг 3)барлық қабырғаларының қосындысы 4)тең 5)999
  • Қорытындылау:
  • Өткен жаңа тақырыпты оқушыларға сұрақ қою арқылы қорытындылау.
  • 7 кезең: Үй тапсырмасын беру.
  • №783,792,800 есептер
  • Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет