Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектерді қалай ықшамдаймыз?
Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына қалай шығарамыз?
3 кезең: “Жаңа сабақ”.
Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып,әріп бөліктері бірдей қосылғыштардан құралған алгебралық қосындыны ықшамдауға болады.
1-мысал: 5а-9а+4а-11а алгебралық қосындысыберілген 5а,-9а,4а,-11а қосылғыштарының әріп бөліктері бірдей. Мұндай қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды. Тең қосылғыштар да ұқсас қосылғыштар болып табылады.
Әріп бөліктері бірдей қосылғыштарды ұқсас қосылғыштар деп атайды.
2 мысал:Ұқсас қосылғыштары бар 3x-8x+7x алгебралық қосындысын ықшамдайық.
3x-8x+7x=(3-8+7)x=2x
алғашқы өрнек ортақ әріп көбейткіш өрнектің ықшамдалған
түрі
Ұқсас қосылғыштарды қосу ұқсас қосылғыштарды біріктіру деп аталады.
Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін:
1)Олардың коэффициенттерін қосу керек.
2)Алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.
Алгебралық қосындыда ұқсас қосылғыштардың әр түрлі бірнеше тобы болуы мүмкін . Мұндай жағдайда әр түрлі ұқсас қосылғыштардың астын түрліше сызып ,соған қарап біріктіреді.