Сабақ тақырыбы Зәмзәм Жалпы мақсат



Дата22.03.2017
өлшемі325,38 Kb.
#12122
түріСабақ
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Байназарова Гүлзираның қысқа мерзімді жоспары

5.12.2015

Әдебиет 5 «д»

Сабақ тақырыбы

Зәмзәм


Жалпы мақсат:

Ислам діні,имандылық жөнінде білімдерін кеңейту.Бір- бірінің пікірін құрметтейтін ортаны қалыптастыру.Білім-білік дағдысын қалыптастыру.Имандылыққа,Алланы тануға,ислам шарттарын білуге,адамгершілікке,сыйластыққа,елжандылыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Түсініп оқу,сөз астарына үңіліп,мағынаны түсіну,түйінді ой айта білуге,өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу.Ойларын еркін жеткізе білу және қиялын дамыту.Шығармашылық ізденісін арттыру.

 



Сілтеме:

5-сынып оқулығы

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

- ислам діні, имандылық туралы жалпы біледі.

- Имандылық сөзінің мағынасын түсініп, талдай алады.

- Имандылық қасиеттерді бойына сіңіре алады.


Негізгі идеялар:




Сабақта қолданылатын материалдар:

Жұмыс дәптері,тақта,мәтін

Оқыту әдістері:

сұрақ –жауап, топтастыру




Орындалатын тапсырмалар

Уақыт

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

І Ұйымдастыру

Ынтымақтастық

Атмосферасын қалыптастыру.

4 минут

ІІ Тұсау кесер

ІІІ Негізгі бөлім

IV Қорытынды

V.Бағалау
VI.Үйге тапсырма беру. 


А/ Амандасу

Ә /Сынып оқушыларын түгендеу

Психологиялық дайындық:

Әрбір адам?-Туыс,дос,жұрағат

Әрбір сабақ?-Үйрету,ұғу,ұлағат

Әрбір ісің?-Тірлік,тірек,адамдық

Әрбір сөзің?-Шындық,бірлік,адалдық.

Үй жұмысы

Сыныпты 4 топқа бөлу: «Иман», «Сенім»,



«Сабыр»,«Ақиқат».

Сымайыл оқып келу Эссе жазу

1.Ибраһим бала үшін Ажарға үйленуі

2.Өмірге бала келуі.

3.Қызғаныш.

4.Ибраһим Алланың әміріне бойсұнуы.



5 Алла кім?

6 Сымайыл өмірге қалай келді?

7.Сара қандай сезімде болды?

8.Ибраһим неге Сара өтінішін орындады?



Жаңа сабақ

ІІІ.Жаңа сабақ.Зәмзәм. «Өрнекті ара»әдісі бойынша жаңа тақырыпты оқушыларға бөліп беремін,сол бойынша түсінік шығады.Өзім толықтырып түсіндіремін. «Зәмзәм»жөнінде толық мәлімет беремін.

Жаңа сабақ жоспары:

1.Ибраһим Аллаға тәуекелін берік ұстауы.

2.Ажар тағдыр тауқыметіне сабырмен көнуі.

3.Бала шырылы.

4.Алланың шексіз мейірімі.

Сымайылдың өкшесінен су шығып жатқан Б.Байділдаевтың суретіне тоқталу. Оқушылардың ойын білу.

Сөздік: Зәмзәм – зәм-зәм(араб) –жиыл-жиыл,тоқта-тоқта.

«Жүйрік жады»ойыны:

1.Әңгіме кейіпкерлері:………………………………………………………………………..

2.Зәмзәм суы -………………………………………………………………………………………

3.Алла мейірімі:…………………………………………………………………………………..

4.Алла-…………………………………………………………………………………………………

Бес жолды өлең:

Зәмзәм


Қасиетті,мүбәрәк.

Шықты,ақты,қанды.

Жер бетіндегі сулардың қайырлысы.

Су.


Оқушылар шығармашылығы.Өз ойларын өлеңмен,қара сөзбен,т.б. беру.

«Шартараптан»ойыны(ғаламтордан сұрақтар келді):

1.Кейіпкер дегеніміз не?

2.Ертегінің түрлерін ата.

3.Адам ата мен Хауа ана тыйым салынған

жемісті жемегенде не болар еді?

4.Алланың шексіз құдіреттілігін қай жерінен байқадың?

5.Құран Кәрім кімнен,кімге, кім арқылы түсті?

4.Зәмзәм суы қайда екен?



«Зәмзәм» тақырыбында бейне көрініс(видеороликтер) көрсету.

Оқушыларды,белсенді топты бағалау,марапаттау«Зәмзәм»әңгімесі.Б.Байділдаевтың суретін салып келу.

Зәмзәм суы оқу.


Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Байназарова Гүлзираның қысқа мерзімді жоспары

20.10.2015

Әдебиет 5 «д»

Сабақ тақырыбы

«Қырық өтірік» ертегісі

Жалпы мақсат:

Ертегінің мазмұнын ашып, талдау.
Ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу.
Көркем әдебиетті сүйіп оқуға тәрбиелеу, жамандықтан аулақ болып, адамгершілік тәрбие беру.

Сілтеме:

Қазақ әдебиеті оқулығы

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

1.Мұғалім оқуға бағыттап отыру;

2.Оқушылардың  өзін-өзі  бағалау мүмкіндіктерін жасау;

3.Сабақтан  ой түйіп, қорытынды жасау


Негізгі идеялар:




Сабақта қолданылатын материалдар:

Жұмыс дәптері,тақта,мәтін

Оқыту әдістері:

баяндау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, СТО элементтері




Орындалатын тапсырмалар

Уақыт


Сабақ бойынша мұғалім жазбалары


І Ұйымдастыру

Ынтымақтастық

Атмосферасын қалыптастыру.

4 минут
ІІ Тұсау кесер


А/ Амандасу

Ә /Сынып оқушыларын түгендеу

Психологиялық дайындық:

Әрбір адам?-Туыс,дос,жұрағат

Әрбір сабақ?-Үйрету,ұғу,ұлағат

Әрбір ісің?-Тірлік,тірек,адамдық

Әрбір сөзің?-Шындық,бірлік,адалдық.

Тест
1. «Қырық өтірік» ертегісі ертегінің қай жанрына жатады?
а) шыншыл
ә) қиял - ғажайып
б) аңыз
в) хайуанаттар жайлы
2. Ертегінің басты кейіпкері кім?
а) Хан
ә) Тазша бала
б) Инелік
в) Халық
3. « — Жаным - ай, жас бала көрінесің! Сенен естияр талай адамдар да айтамын деп келіп, айта алмай кеткен. Жарқыным, өлуге асығып жүрген не қылған баласың? Тілімді ал да, қайта ғой!» - кімнің сөзі?
а) Хан
ә) Тазша бала
б) Инелік
в) Халық
4. «Құрығым аласа болған шығар»,— деп, құрықтың басына... жалғадым, көрінбеді.
а) қынымды
ә) тебенді
б) пышағымды
в) қамшымды



ІІІ Негізгі бөлім

Қорытынды

Бағалау


4 минут

Үй жұмысы



2 мин

ІІІ. Жаңа сабақ .

«Қырық өтірік» ертегісі

  1. Жаңа сабақтың мақсатын айту.

  2. Оқушыларды 6 топқа бөліп жаңа сабақты меңгеру . (Яғни ертегіні алты топқа бөліп оқыту ) (4 минут) (Қосымшаға қараңыз).

  3. Оқып тоқталғаннан кейін топ ішінде бір- біріне оқығандарынна түсінгендерін айту.(1минут)

  4. Әр топтан жақсы деген екі оқушы түсінгенін айтады. (12 минут)

  5. Мұғалім байланыстырып проблемалық сұраққтар қойып тұрады.

Ханның қырық өтірік айтатын адамды іздеуінің себбебі неде?

Тазша бала өз өмірін неге өлімге тікті?

2-тапсырма Венн диаграммасы

3-тапсырма







Рефлексия Жазбаша түрде алу (1минут)

Сабақта:

Мен түсіндім___________________________________________________________

Мен үйрендім__________________________________________________________

Мен білдім_____________________________________________________________

Мен орындай алдым_____________________________________________________________

Қиыншылық тудырды___________________________________________________________

Мені қызықтырды_______________________________________________________

Мен үшін жаңа______________________________________________________________

 

Сабақта:



Мен тер төгіп жұмыс істедім иә / жоқ

Сабақ қызықты / қызықты емес

Сабақта қиналдым / қиналған жоқпын

Сабақ ұзақ / тез өтті

Сабақта мен шаршадым / шаршаған жоқпын


Оқып мазмұндау ,Өтірік өлең құрастырып келу. (1минут )



Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Байназарова Гүлзираның қысқа мерзімді жоспары

13.10.2015

Әдебиет 5 «д»

Сабақ тақырыбы

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі



Жалпы мақсат:

Ертегі мазмұнының түсіндіру басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білуді үйрету.Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытуКендебай арқылы адамгршілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сілтеме:

Әдебиет

Авторлары: Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев,  слайдтар, сабақ жоспары


Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

1.Мұғалім оқуға бағыттап отыру;

2.Оқушылардың  өзін-өзі  бағалау мүмкіндіктерін жасау;

3.Сабақтан  ой түйіп, қорытынды жасау


Негізгі идеялар:

Батыр туса –ел ырысы.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Жұмыс дәптері,тақта,мәтін

Оқыту әдістері:

сұрақ –жауап, топтастыру




Орындалатын тапсырмалар

Уақыт

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

І Ұйымдастыру

Ынтымақтастық

Атмосферасын қалыптастыру.

4 минут

ІІ Тұсау кесер


ІІІ Негізгі бөлім

Қорытынды


А/ Амандасу

Ә /Сынып оқушыларын түгендеу

Психологиялық дайындық:

Әрбір адам?-Туыс,дос,жұрағат

Әрбір сабақ?-Үйрету,ұғу,ұлағат

Әрбір ісің?-Тірлік,тірек,адамдық

Әрбір сөзің?-Шындық,бірлік,адалдық.


  • Ертегі дегеніміз не ?

  • Ертегінің түрлерін ата ?

  • «Керқұла атты Кендебай» ертегісі қандай ертегіге жатады ?

  • Оқушылардың ойын білу,талқылау,тақырыппен байланыстыру

  • Жаңа сабақ

Ой қозғау Кендебай қандай адам ?

Балалар үйге Керқұла атты Кендебай ертегісінің мазмұнын мұқият оқып, түсінгенімізді айту тапсырылған. Ендігі біздің мақсатымыз-ертегінің мазмұнын толық меңгеріп, талдау. Тақырыбымыздың негізгі кейіпкері Кендебай мінез-құлқына сәйкес сабағымыздың



Эпиграфы «Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды» деген нақыл сөзді алдым

ІІ Мағынаны тану

Ертегінің композициялық құрылымына талдау.

  • Ертегі мазмұны бойынша қате орналасқан жоспар атауларын ретімен орналастыр.

  • Кендебай мен жетім бала

  • Керқұланың тағдыры

  • Кендебайдың дүниеге келуі

  • Хан бұйрығы

  • Баланың ата-анасымен қауышуы

  • Кендебайдың бұйрықты орындауы

  • Кендебайдың аралға баруы

  • Кендебайдың биені күзетуі

  • Кендебай мен ханның бір-біріне қойған шарты

  • Керқұла атты Кендебай батырдың елі.

ІІІ Өнерлі өрге жүзер

Кендебай мен  жетім бала кездескен сәтінен көрініс

Мақал-мәтелмен түйіндеу


  • Кеңпейілділік-кемшілік емес, кісілік.

Мейрімділік-жүректен, мейірімсіздік-білектен

Теориялық жұмыс. Көркем шығармадағы айтылатын ойды идея дейміз. Көркем шығармадағы адамдардың көркем бейнесін кейіпкер дейміз.

  • Топтастыру стратегиясы

Кендебай бойында қандай жақсы қасиеттер бар ?

Үлестірмелі топшамалар. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Күндердің бір күні Қазанғаптың әйелі босаныпты. Торсық шеке, аппақ ұл тауып Ата-аналары қуанып, төбелері көккке жетіпті. Баласына Кендебай деп ат қойыпты. Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіп алты  күнде күліпті,  алпыс күнде жүрыпты. Алты  жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұрыпты, күрескенін жыға беріпті. Шыңырау құдыққа құлаған  атандарды  жалғыз өзі тартып шығара беріпті. Аң аулап әкесіне жәрдем етіпті. Бара-бара құлан атыпты. Құралайды көзінен тигізген мерген  болыпты.



  • Тест сұрақтары

  • Кендебайдың әкесінің аты кім

А) Байбөрі

Ә) Ерназар

Б) Қазанғап

В) Саржан



  • «Мынау таудан әрі ассаң, ағып жатқан өзенді көрерсің, ортасында бір арал бар», бұл қай кейіпкердің сөзі ?

А) Шалқұйрық

Ә) Керқұла ат

Б) Ханның баласы

В) Тазша бала

3.   Қозы бағып жүрген баланың әкесі кім?

А) Мергенбай

Ә) Тасқара

Б) Кендебай

В) Шойынқұлақ


  • Ой, оңбаған-ау, қырасыңғой малды. «Айырылғырдың суы айырыл деп неге айтпайсың ?»-кімнің сөзі

А) Күңке

Ә) Меңді сұлу

Б) Кенжекей

В) Ханның кіші қызы



Сабақты бекіту:

Начало формы





Бағалау

4 минут


Сабақ кретийлеріне сәйкес оқушыларды бағалау.

Үй жұмысы

2 мин


Ертегіні әрмен қарай жалғастыру. «Кендебай» сөзіне сөзжұмбақ




Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Байназарова Гүлзираның қысқа мерзімді жоспары

06.02.2016

Қазақ әдебиеті 5 «д»

Сабақ тақырыбы

М.Әуезов «Ақын қонақтар»


Жалпы мақсат:

Мұхтар Әуезов  туралы деректер, Абай шығармашылығына тоқталу, Мұхтар мен Абай сабақтастығын түсіндіру, шығарманың мазмұнын  меңгерту.Өнер адамына, еліне, тарихына , табиғатына , тілге деген оқушының сезімін ояту.Логикалық ойлау қабілетін, өмірге деген  көзқарасын дамыту, шығармашылық белсенділігін шыңдау, мәнерлеп оқыту, мәтінмен жұмыс істеуін дамыту


Сілтеме:

5-сынып оқулығы ,электрондық оқулық

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Өз беттерімен білім алуға талпынады,тапсырмаларды өзі орындауға мүмкіндік алады.

Негізгі идеялар:

Оқушылар Абай шығармаларын қастерлей білуге дағдыланады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Жұмыс дәптері,тақта,мәтін

Оқыту әдістері:

сұрақ –жауап, топтастыру




Орындалатын тапсырмалар

Уақыт

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

І Ұйымдастыру

Ынтымақтастық

Атмосферасын қалыптастыру.

4 минут

ІІ Тұсау кесер

ІІ Негізгі бөлім

Қорытынды


VI.Үйге тапсырма беру. 

V.Бағалау

А/ Амандасу

Ә /Сынып оқушыларын түгендеу

Психологиялық дайындық:

Үй жұмысы

Абай өмірі. «Ақын қонақтар» әңгімелеу

«Шебер әңгімеші» (жоспар бойынша үш топ әңгіменің мазмұнын айтып 
шығады ) 

1 – топ: «Абай», 2 – топ: «Зере», 3 – топ: «Барлас» 
Жоспар: 
1. Аналар әңгімесі 
2. Ақын қонақтар 
3. Ақындарға ризалық 
Жаңа сабақ

2. «Ең негізгісін білесің бе?»  


1 – топ: Абай 
2 – топ: М.Әуезов 
3 – топ: «Абай жолы» романы туралы білетіндерін қағаз бетіне түсіреді, топта 
қарастырады, алдыға шығып қорғайды 
3. «Кім жылдам» (сұрақ - жауап) Әр топқа сұрақ қойылады. 
Жауап бере алмаған топтың сұрағына басқа топ жауап бере алады. 
1 – топ: Сұрақ: Қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер? Барлас Абайға ризалығын  білдіріп не тарту етті? 
2 – топ: Сұрақ: Қонақтың қандай түрлерін білесіңдер? Барлас пенБайкөкшенің 
қонақтауын қонақтың қай түріне жатқыза аламыз? 
3 – топ: Сұрақ: Батаның қандай түрлерін білесіңдер? Барластың Абайға берген  батасы батаның қай түріне мысал бола алады? 

4. «Сөз жарысы» (мағынаны ажырату, семантикалық карта) 
Әр топтың алдына кесте беріледі. Топта талқылайды, алдыға шығып қорғайды. 
1 – топтың кестесі  .Кейіпкерлер 
Шығармадан үзінді 

Абай 
Байкөкше 
Барлас 
Ұлжан 
Шоқшалау ғана ақ сақалы бар, келбетті келген зор дауысты ақсары кісі (Кімнің портреті ?) 
- Е, балам: «Шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай егілген» дегендей, сөйлеуді де, тыңдауды да сүйген ел – ел дағы 
(Кімнің сөзі ?) 
Тағыда келе жүріңдер. Анау кәрі әжесі мен бізді де көп сейілттіңдер. Жолдарың болсын! Келген сапарларыңа тыста ырым байлаттым. Ала кетіңдер... 
(Кімнің сөзі ?) 
Бертін келе, түнде ол Барластың қойнына кіріп те жатады. Күндіз барынша күтеді (Ол кім?) 

2 – топтың кестесі  Кейіпкерлер 
Шығармадан үзінді 

Абай 
Ұлжан 
Зере 
Барлас 
...Бойы өскен. Қол- аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. (Кімнің портреті ?) 
- Е – е... Бұлдыр – бұлдыр күн өткен, бқрынғыдан кім өткен... 
(Кімнің сөзі ?) 
Шырағым, ер жетерсің, 
Ер жетсең не етерсің?! 
Алысқа шырқап кетерсің, 
Шындасаң шыңға жетерсің. 
(Кімнің батасы?) 
- Мынау балам оқудан қайтқалы сүле науқас боп, арыла алмай қойып еді. Сендер келгелі жақсы сөздеріңмен ем әкелгендей болдыңдар.Қадамы құтты қонақ болдыңдар. (Кімнің сөзі?) 

3 – топтың кестесі 
Кейіпкерлер 
Шығармадан үзінді 

Абай 
Зере 
Байкөкше 
Барлас 
...Күндердің бірінде бұл үйге екі бөгде қонақ кеп қонды: бірі – қартаң, бірі – жас қонақ (Бұлар кімдер еді ?) 
...Бұрын қара болушы еді, бетінің қызылы да бар еді. Қазірде қаладан қайтқандық және ауру қосылғандық бар ма, әйтеуір, бозғылданған... 
(Кімнің портреті ?) 
Оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да Абай айтқыза беретін болды. 
(Кімге айтқыза беретін ?) 
Екі анасын көңілдендіріп тағы айтқызу үшін кейде өзі қаладан әкелген кітаптарының ішінен «Жүсіп - Зылиқа» сияқты қиссаларды оқып береді. (Кім оқып беретін?) 
5. «Ой толғау» (хат жазу) 
1 – топ: Абай атаға 
2 – топ: Мұхтар ағаға 
3 – топ: Зере әжеге шығарма бойынша түйген ойларын, өз сезімдерін білдіріп хат 
жазады. Жазған хаттарын алдыға шығып оқиды. 

Ой толғауды аяқтау (хат түрінде) 



Оқушыларды формативті бағалау


Каталог: uploads -> doc -> 05f5
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05f5 -> Сабақтың тақырыбы: Алуан түрлі ойыншықтарды бейнелеу Сабақтың мақсаты
05f5 -> Сабақ Сабақтың тақырыбы
05f5 -> Сабақтың тақырыбы Қазақ билері Сілтеме Оқулық Сабақтың мақсаты
05f5 -> Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің «Меновное орта мектебі» кмм


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет