Сабақтың тақырыбы: Ертеңгіліктің құрылымы
Пән атауы: Балабақшадағы музыкалық тәрбие әдістемесі.
Тобы: СБ-215
Күні: 24.09.2020
Сабақ типі: практикалық
Қамтылған мәселелер: Ертеңгіліктің құрылымы
Әрбір ертеңгіліктің жоспары оның негізгі идеясын қамтиды және оның өзіндік өткізу дәстүрі болады. Мысалы, қоғамдық-саяси оқиғаларға арналған мерекелік бағдарлама үш бөлімнен тұрады.
Аз уақыттан тұратын бірінші бөлім (5-7 минут), сәнді киінген, қолдарында жалаушалары, гүлдері, бұтақшалары бар балалардың салтанатпен музыка бөлмесіне келуін және т. б., қайта құрылу, өлең оқу, бір-екі ән айтуды қамтиды.
Екінші бөлім – едәуір ұзақ. Ол балалардың ұжымдық және жеке орындауларынан, көрініс сәттерінен тұрады. Балалар музыка сабақтарында үйренген әндерін орындайды. Мұнда балаларға таныс дәстүрлі халық әндері, ойындар және билер жетекші орын алады.
Барлық орындаулар концерт түрінде өтуі мүмкін, онда қызметтің сан алуан түрі кезектесіп тұрады немесе репертуардың бір бөлігі белгілі бір тақырыпқа біріктіріліп өткізіледі. Мысалы, Қазақстан халқының бірлігіне арналған мерекелік салтанатта негізінен «Келіңдер ойнайық» деген ән орындалады, онда біздің еліміздің балаларының достығы туралы айтылады. Өлең айтылып болғаннан кейін балаларға еліміздің әр түрлі ұлттарының таныс ойындары өткізіледі. Мысалы, «Лаула, лаула алаула» орыс ойыны, «Көгершін» украиндыкі, «Жүр, өтіп кет» эстондыкі және т. б.
Әр түрлі сыйлықтары бар қонақтардың келуі, қуыршақ театрының көрінісін көрсету қызықты сәттер болып табылады.
Үшінші, қорытындылаушы бөлімде балалардың назары қайтадан мерекенің негізгі идеясына аударылады. Жүргізуші тағы да мерекемен құттықтайды, балалар мерекеге, Отанға арналған тақырыптарын оқып береді.
Жаңа жылдық жоспары да үш бөлімнен тұрады, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Алғашқысында балалар әдемі безендірілген шыршаны қарайды, өлең оқиды, би билейді. Екінші, қызғылықты бөлімде, дәстүрлі Аяз Ата мен Қарша пайда болады, олар ертеңгілікті онан әрі жалғастырады, қуанышты орта тұғызады. Балалар өлең оқиды, ән айтады, көріністер, қызықты ойындар көрсетеді. Мерекенің бұл бөлімінде аттракцион, қат-қабат ойындар өткізіледі, жұмбақтар айтылады.
Балалар бақшасымен қоштасу және балаларды мектепке шығарып салу ертеңгілігі басқаша өткізіледі. Мұнда ерекше салтанаттылық болмайды, тек дайындық тобының балаларына деген достық ілтипат білдіруге мүмкіндік жасалады. Олар өздерінің сүйікті өлеңдерін айтады. Ойындарын, билерін орындайды, басқа топтың балаларының өнерлерін тамашалайды, олардың құттықтауларын, гүлдерін, ескерткіш сыйлықтарын қабылдайды. Ертеңгілікті қорытындалайтын әндер мен өлеңдерде балалар бақшасының қызметкерлеріне алғыстарын айтады, мектепке жақсы оқуға уәде береді.
Соңғы жылдары мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің тәжірибесінде туған күнді атап өту дәстүрге айналды, ол өзіндік отбасы салтанаты ретінде әр жастағы топтарда өткізіледі. Балаларға өз құрбылары жасаған сыйлықтар (қолан жасаған заттар, суреттер т. б.) табыс етіледі, шағын концерт қойылады. Мұның бәрі күннің екінші жартысында өткізіледі және тәтті тағамды шай ішумен аяқталады.
Тапсырмалар: 1.Берілген тақырып бойынша қосымша материал жинақтау .
2. Бір ертеңгілікті алып,талдау .
Әдебиеттер мен сілтемелер: 1. Ш.А.Шумакова, Г.С.Карина, Н.К.Салыкова «Әдістемелік кешен»