Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы Көрнекіліктер: Ы. Алтынсаринның портреті, кесте; сөзжұмбақ



Дата21.04.2017
өлшемі95,47 Kb.
#14418
түріСабақ
Сабақ: Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Өнер, білім бар жұрттар»

Мақсаты мен міндеттері: Ыбырай Алтынсаринның шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру; оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,

1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;

2.Дамытушылық: өлеңді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;

3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Көрнекіліктер: Ы. Алтынсаринның портреті, кесте; сөзжұмбақ

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау; Сабақ барысы

1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сөзжұмбақ шешу

1.Мәтінді жазған жазушының есімі Ы

2.Ыбырайдан сабақ алған жазушы. Б

3.Мәтіннің аты: Дала... Ы

4. Дала жұлдызы атанған кім? Р

5. Ыбырай оқытқан баланың есімі. А

6.Ы. Алтынсарин мектеп ашқан қаланың аты. Й

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)

ақын

жазушы ағартушы ұстаз

2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Бүгін Ы. Алтынсаринның «Өнер,білім бар жұрттар » шығармасын оқимыз.

Оқулық бойынша жұмыс 12-14 бет

12-14 бет «Өнер, білім бар жұрттар»- өлең



  • үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)

  • -тізбек бойынша оқу

  • шұмақтап оқу

  • өлеңде не туралы айтылған?

  • Суретпен жұмыс : Суреттерді мынадай топтарға бөліп ата:


-Ғылым мен техника дамымаған кездегі тұрмыстық заттар.

-Қазіргі заманғы техника

-Әр топтағы суреттерді тағы қалай толықтырар едің?

-Саған қай топтағы суреттер ерекшк ұнады? Неліктен?

Сергіту сәті

3. Жаңа білімді бекіту: Топтық жұмыс : 1-топ заттардың атын атайды. 2 топ өлеңдегі сөздерді пайдаланып, сипаттап айтады.

-Ата-анаң немесе жақындардың істеп жүрген жұмыстарын есіңе түсір. Олардың еңбегін жеңілдету үшін не ойлап табар едің?



4. Үйге тапсырма: 12-14 бет мәнерлеп оқу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет