Жаңа сабақ түсіндіру & 9 Америка Құрама Штаттары
Сабақ жоспары :
Бірінші дүниежүзілік соғыстың АҚШ – қа тигізген әсері
1922-1929 жылғы АҚШ – тың саясаты . Гүлдену кезеңі
1929 – 1933 жылдағы АҚШ – тағы экономикалық дағдарыс .
Президент Ф. Рузвельттің «Жаңа бағыты»
АҚШ – тың сыртқы саясаты .
1.Бірінші дүниежүзілік соғыстың АҚШ – қа тигізген әсері
Бірінші дүниежүзілік соғыс АҚШ экономикасына өте пайдалы болды. Соғыс кезінде Америка қатты байып алды. Елде өнеркәсіп шапшаң дамыды. АҚШ әлемге ықпалын жүргізуге тырысты , бірақ Оған Еуропада Англия мен Франция , Азияда Жапония кедергі келтірді . АҚШ басшылығы дүниежүзі демократиялық жолмен дамуы керек деп есептеді .
2.1922-1929 жылғы АҚШ –тың саясаты .
ХХ ғасырдың 20 жылдары АҚШ әлемде өндіретін өнімнің 44% шығарды . Машина жасау , ұшақ шығару , химия салалары маңызды орын алды .Корпарациялар елдегі өндірістің жартысын өндірді . Халықтың жағдайы едеуір жақсарды. 1928 жылы АҚШ президенті Гувер сайланды . Гувер халыққа Америка гүлденген заман деп атады . Халықтың қолында акциялар болды . Америка жұрты ақшаларын банкіге сеніп тапсырып қойды .
Дүниежүзіндегі өнеркәсіп көлемі -1928жылы
АҚШ
|
КСРО
|
Германия
|
Ұлыбритания
|
Франция
|
Жапония
|
Италия
|
44%
|
12%
|
10%
|
7%
|
4%
|
3%
|
2%
|
3.1929 жылғы АҚШ – тағы экономикалық дағдарысы .
1929 жылы АҚШ дүркіреп тұрғанда күтпеген жерден экономикалық дағдарыс болды. Тарихта «Ұлы дағдарыс» деп аталды. Төменде тірек –сызбаға көңіл аударайық .
Өнеркәсіп 50 % қысқарды
Ұлы дағдарыс 5 мың зауыт пен фабрика жабылды
5,5 мың банкі күйреді
13 миллион адам жұмыссыз қалды
Елді қайыршылық жайлады.
Ұлы дағдарыс АҚШ халқының тағдырына ауыр әсер етті . Елді ашаршылық , жоқшылық жайлады . Президент Гувер дағдарыстан шығару үшін түк істеген жоқ . Осындай қиын жағдайда АҚШ президенті Ф. Рузвельт сайланды .
Америка тарихында Рузвельт 4 рет сайланған президент болды . Рузвельтке Конгресс төтенше билік берді . Рузвельт реформаларын тарихта «Жаңа бағыт » деген атпен қалды. Төмендегі кестеден біз реформалар жүйесімен танысамыз.
Президент Ф. Рузвельттің «Жаңа бағыты»
Қай жылы
|
Қабылдаған заңы
|
Мақсаты
|
1. 1933ж
4- наурыз
|
Алтын қоры туралы
|
Алтынды сыртқа шығармау , жасырмау
|
2. 1933 ж
6-наурыз
|
Банкілерді реттеу заңы
|
19 мың банкіні жауып,800 банкі қалдыру
|
3. 1933 ж
22-наурыз
|
Құрғақ заңды жою
|
Арақ сатуға рұқсат
|
4.1933 ж
16-мамыр
|
НИРА(ҰӨҚК)- заңы
Әділ бәсеке
Кәсіпкер мен жұмыскер
Өнеркәсіпке несие беру
|
Өнеркәсіпті қалпына келтіру
|
5.1933 ж
20-мамыр
|
ААА(АШҚК)- заңы
|
Ауыл шаруашылығына көмектесу. Фермерлерді қолдау
|
6.1935 ж
14-тамыз
|
Әлеуметтік қамсыздандыру заңы
|
Жәрдемақы мен зейнетақыны төлеу
|
7.1937ж
5-шілде
|
Жоғары сот реформасы
|
Сот жүйесін өзгерту
|
4 . Бекіту сұрақтары – жұптық жұмыс . Деңгейлік тапсырма.
Жұпқа
1. АҚШ тың тұңғыш президенті -5 балл
2.Бірінші дүниежүзілік соғыс қай жылдары болды . АҚШ кімді қолдады -10
3. НИРА – заңын түсіндір-20 балл
2-жұпқа
1. АҚШ тың ұлттық валютасы -5 балл
2. Ф. Рузвельт кім -10 балл
3. Банкі деген не , Банкілерді реттеу заңы – 20 балл
3-жұпқа
1.АҚШ парламенті қалай аталады -5 балл
2. Жаңа бағыт реформасының басты мақсаты – 10балл
3. Гүлдену дәуірі деген не ?-20 балл
Қортындылау
Қортындылау Венн диаграмасы арқылы және топтасыру арқылы жүргізіледі.
Қазақстан - ерекшелігі
|
Ортақ белгілері
|
АҚШ - ерекшелігі
|
|
|
|
Топтастыру
Оқушыларды бағалау , жаңа тақырыпты пысықтап беру . Оқушылардан түсінбеген болса сұрақтар бергізу.
Үй тақырыбы $ 9
Достарыңызбен бөлісу: |