Педагогикалық практикаға
есеп
Өскемен қаласы, 2019 жыл
Сабаққа психологиялық-педагогикалық талдау жасау
1
|
Сыныбы
|
10
|
2
|
Мұғалімнің аты-жөні, тегі
|
Мусина А.М
|
3
|
Сабақты өткізетін уақыты
|
28 ақпан 2019 жыл
|
4
|
Кесте бойынша сабақтың кезегі, ауысымы
|
5 сабақ, 2-ші ауысым
|
5
|
Сол күн оқытушының есеп бойынша қай сабағы
|
4 сабақ
|
6
|
Сабақ мақсаты
|
Оқушылардың ақыл-ойларын, байқағыштық қабілеттерін және ынталрын арттыру.
|
7
|
Сабақ типі (аралас, жинақтау, бекіту, қайталау) оның түрі
|
Білімді бекіту (ауызша,жазбаша жаттығулар жасау). Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау) сабақтары
|
8
|
Оқыту әдістері, олардың жас және дара ерекшеліктеріне сәйкестілігі
|
Лингво – когнитивті әдіс қолданылды (жазбаша жаттығулар жасау, тәжірибелік жұмыстар жүргізу). Мұғалім тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді үйретіп, сабақтың мақсатын ашады.
|
9
|
Сұрау әдістері (жаппай, жеке, топтық, ТОҚ пайдалана отырып өзбетіндік жұмыс, бағдарламалық)
|
Оқушыларға жеке тапсырамалар берілді. Олар топ болып талқылап, сабаққа қатысып отырды.
|
10
|
Оқу мотиві (интеллектуалды, әлеуметтік-мәнді тікелей оятушы)
|
Интеллектуалды мотив
|
11
|
Сабақтағы мұғалімнің мінез-құлқы (сыныппен байланысы,қызығушылығы, тапқырлығы,қайта құра білу іскерлігі, конспектіге тәуелділігі). Мұғалімнің жұмыс стилі.
|
Балалармен өте жақын байланыста. Сабақты қызықты етіп жүргізеді. Кез – келген сұраққа нақты жауап береді. Тақырыпты балаларға түсінікті етіп өткізеді. Конспекті, кітапқа тәуелді, тақырыпты ауызша түсінікті етіп айтып береді. Білімі жоғары деңгейде. Сыныпта кездейсоқ пайда болатын жағдайларды сабырмен шешеді. Жауапкершілігі мол, әрбір жеке оқушымен жақсы жұмыс істейді. Олардың барлығына бірдей қарайды.
|
12
|
Мұғалімнің оқушымен өзара қарым-қатынасы(талап қоюшылығы, сыйластық, жеке-психологиялық ерекшеліктерін есепке алу,мақұлдау әдістері, үйрету; табыс жағдаятын құру).
|
Балалардың жеке пікірімен санасады, өз ойларын айтуына қарсылық білдірмейді. Оқушыларға әсер ете алады. Сынды дұрыс жеткізе алады. Оқушыларды өз сабағына қызықтыра алады. Оларға нақты талаптар қояды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға ұғынықты жауап береді. Оларға өз білгенін үйретуден жалықпайды, балаларды көп ізденуге, өз бетімен жұмыс жасауға ынталандырады. Сабақ бастала салысымен сыныпта өте жақсы психологиялық ахуал қалыптастыра алады.
|
13
|
Мұғалімнің сыртқы келбеті
|
Жинақы және классикалық стильде киінген, тартымды.
|
14
|
Сабаққа жалпы баға беру (қойылған мақсатқа жетуі, сабақтың тиімділігі және оны анықтау әдістемесі, оқыту түрін қолданудың педагогикалық дәлелділігі, оқыту үрдісінің қайшылықтарын жеңу).
|
Мұғалім өзінің алдына қойған мақсатына жетті. Білімді бекіту сабағының тиімділігі тақырыпқа байланысты жаттығулар, тәжірибелік жұмыстар жүргізу арқылы оқып-білген нәрселерін естеріне жақсы қалдырып, сақтайды. Бұл тиімділікті анықтау үшін оқушыларға тапсырмалар берсек, еш қиналмай орындайды. Оқытудың түсіндірмелі-иллюстрациялы, тәжірибе жасау барысында проблемалық түрі пайдаланылған. Тиімділігі оқушылардың ой, ес, қабылдау, зейіндерін арттыруға үлесін қосады. Олардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытады. Көбінесе топтық жұмыс жасағанда оқушыларды лайықты бағалау қиынға соғады. Ал осы сабақта мұғалім жеке – жеке тапсырмалар беру арқылы балалардың нақты қай сұрақты жақсы түсінгенін, қайсысын түсінбегенін білуге болады. Және ары қарай сол сұрақтарды қарастырады.
|
15
|
Мұғалім қызметін және оның тәжірибесін қолдануды жетілдіруі бойынша нұсқаулар.
|
Жақсы тәжірибе жинақтаған мұғалім. Сабақты тақырыптан ауытқымай, қызықты етіп түсіндіреді. Ашуланбай сабырлық танытып, түсіндіреді.
|
Үздіксіз іс-тәжірибеден өтуі туралы күнделік – есеп
Білім алушы
Қарабай Нұрсауле
р/с
№
|
Педагогикалық іс-тәжірибенің бағдарламасына сәйкес әр күні орындалған (меңгерілген) жұмыстардың атауы
|
Педагогикалық іс-тәжірибе жұмыстарын, жеке тақырыптарын орындау мерзімдері
|
Білім беру мекемесімен бірлесе педагогикалық іс-тәжірибе жетекшісінің қолы
|
басталуы
|
аяқталуы
|
|
1
|
Мектеппен, оның жұмыс бағыттарымен танысу, сыныптарға бекіту, пән мұғалімі, сынып жетекшілермен және сыныппен танысу.
|
21.01.19
|
03.05.19
|
|
2
|
Пән бойынша сабақтарға қатысу.
|
21.01.19
|
03.05.19
|
|
3
|
Пән мұғалімінің күнтізбелік жоспарларымен (қысқа және орта мерзімді жоспар) және тақырыптық жоспарларымен танысу .
|
21.01.19
|
03.05.19
|
|
4
|
Сынып жетешісінің іс-әрекет мазмұны мен , тәрбиенің жылдық жоспарымен танысу тәрбие сағаттарына қатысу .
|
21.01.19
|
03.05.19
|
|
5
|
Сынып оқушыларымен жеке оқушылардың ерекшелігін анықтау жұмыстары(сынып оқушыларының құжаттарымен танысу, жеке әңгіме) мінездеме жазуға дайындау.
|
21.01.19
|
03.05.19
|
|
6
|
Мұғалімнің сабақта оқытуды ұйымдастыру мен әдістерін таңдап алу іс-әрекетімен танысу. Пән бойынша сабақтарға қатысу.
|
21.01.19
|
03.05.19
|
|
7
|
Сынып сағаты/ тәрбиелік шараны бақылау. Тәрбие сағатына қатысу.
|
21.01.19
|
03.05.19
|
|
Педагогикалық практикаға есеп
Студент : Қарабай Нұрсауле
Курс : 1
Факультет : Тарих, филология және халықаралық қатынастар
Бөлімі: Шет тілі:
Мектеп: Өскемен қаласының әкімділігінің « №46 орта мектебі» КММ
Сынып: 10 «М»
21.01.2019 ж – 03.05.2019 ж дейін
Есеп
Мен, Қарабай Нұрсауле, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 1-курс студентімін. 2019 жылдың 21 қаңтар - 03-ші мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Өскемен қаласы әкімдігінің «№46 орта мектебі» КММ-де оқу іс-тәжірибесінен өттім.
Іс-тәжірибемнің мақсаты – Өскемен қаласы әкімдігінің «№46 орта мектебі» КММ сабақ беру қызметінің жұмыс бағыттарымен, құжаттарды жүргізу ерекшеліктерімен, дарынды балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру критерийлерімен, сонымен қатар педагогикалық жұмыстың ерекшеліктерімен танысу.
Педагогикалық іс-тәжірибеден өту барысында жоспарланған нақты міндеттер мынадай болды:
Мектеп және сынып ұжымымен танысу;
Мектептің оқу тәрбие үрдісінің ерекшеліктерімен танысу, талдап зерттеу;
Сынып жетекшісімен әңгімелесу арқылы сынып ұжымының тауқыметін және атқарылып жатқан жұмыс бағыттарын анықтау;
Сынып ұжымының бас құжаттары,күнделіктерімен танысу;
Сынып ұжымының құрамын,өзара қарым-қатынасын, ағылшын пәніне деген дайындық және қызығушылық деңгейін анықтау;
Пән мұғалімінің сабағына қатысу;
Оқушылармен қосымша сабақтар өткізу;
Сабақтар өткізу;
Оқу жоспарын, пән мұғалімінің күнтізбелік жоспарын, сынып жетекшінің тәрбие жоспарын оқып үйрену.
Іс-тәжірибе кезінде қатысқан сағаттардан алған құнды әдістемелік және дидактикалық тәсілдер, жаңашыл әдістерді үйрену. Осы міндеттерге байланысты сабақ жоспарын, күнтізбелік жоспарлар құрдым.
Бірінші күні мектеп ұжымымен, сынып жетекшісімен, сыныппен таныстым. Мектептің жалпы ережелерімен таныстым..Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен
Сабақ жоспары
Сабақ күні
|
24.04.2019
|
Сабақ уақыты
|
12:50-13:30
|
Сабақ тақырыбы
|
Hopes and fears, Third conditional
|
Сабақ мақсаты
|
Білімділік
|
Сабақ типі
|
Дәстүрлі емес
|
Сабақ түрі
|
Аралас сабақ
|
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Түсіндіру, иллиюстрация, жаттығу
|
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар
|
Кесте, плакаттар
|
Сабақ барысы
|
Амандасу кезеңі
Оқушылармен амандасу, сабақта отырған балаларды тексеру, жоқ балаларды белгілеу. Балаларды жаңа сабаққа дайындау.
Негігі бөлім
Тақырыппен таныстыру, грамматикамен жұмыс жүргізу, жаттығулар орындау, тақырыпқа байланысты ойын ойнату, балалардың қызығушылығын ойатып, белсенділігін сақтау.
Қортынды бөлім
Жалпы сабақты қортындылап, балалардың білімін бекіту
Үй жұмысы
Үй жұмысын беріп, оны қалай орындау керек екенін түсіндіру.
Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан балалларды белсенділігі мен білім деңгейне байланысты бағалау.
|
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
№46 орта мектебі
Тәрбие сағаты
Тақырып: «Отбасы – рухани жаңғыру негізі»
Дайындаған: Қарабай Н.
Шет тілі: 2 шет тілі мамандығының
1 курс студенті
Іс-тәжірибе жетекшісі: Мусина А.М
Өскемен қаласы
2019 ж
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
№46 орта мектебі
Тәрбие сағаты
Тақырып: «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы»
Дайындаған: Қарабай Н.
Шет тілі: 2 шет тілі мамандығының
1 курс студенті
Іс-тәжірибе жетекшісі: Мусина А.М
Өскемен қаласы
2019 ж
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
№46 орта мектебі
Тәрбие сағатын талдау
Тақырып: «Отбасы – рухани жаңғыру негізі»
Дайындаған: Қарабай Н.
Шет тілі: 2 шет тілі мамандығының
1 курс студенті
Іс-тәжірибе жетекшісі: Мусина А.М
Өскемен қаласы
2019 жыл
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
№46 орта мектебі
Тәрбие сағатын талдау
Тақырып: «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы»
Дайындаған: Қарабай Н.
Шет тілі: 2 шет тілі мамандығының
1 курс студенті
Іс-тәжірибе жетекшісі: Мусина А.М
Өскемен қаласы
2019 жыл
С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ТАРИХ, ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР» ФАКУЛЬТЕТІ
«Үздіксіз» тәжірибесі бойынша
Есебі
Студент – практиканттың аты-жөні: Қарабай Нұрсауле
Факультет: Тарих, филология және халықаралық қатынастар
Мамандық: Шет тілі:2шет тілі
Курс: 1 күндізгі оқыту түрі
Іс-тәжірбиден өту орны: Өскемен қаласы әкімдігінің «№46 орта мектебі» КММ
Мектеп директоры: Ауганбаева Г.Б
Мекемедегі іс-тәжірибе жетекшісі: Мусина А
Іс-тәжірибе жетекшісі: Абалакова Б.Т
Өскемен қаласы,2019ж
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«46 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Оқушыға мінездеме
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ
2019 ЖЫЛЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«46 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Сыныпқа мінездеме
ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ
2019 ЖЫЛЫ
Өскемен қаласы әкімдігінің
№46 орта мектебінің КММ
10 «М» сыныбының оқушысы
Солтанова Балнұрға
МІНЕЗДЕМЕ
Солтанова Балнұр сыныптағы өз орнымен ерекшеленетін оқушылардың бірі. Сабақ үлгерімі жақсы. Өз ісіне жауапты. Білмегенін білгенше асығады. Үй тапсырмасын ұқыпты орындап, сабақ барысында барлық сұрақтарға қол көтеріп, жауап беріп отырады. Қоғамдық жұмыстарға да өте белсенді араласады. Әр түрлі байқауларда да өзін жақсы қырынан көрсете біледі. Әдепті, айналасындағылармен қарым-қатынасы жақсы, достарының арасында сыйлы,рухани жағынан жақсы дамыған. Әрқашан мектеп тәртібін сақтайды. Кез келген топта қарым-қатынасы өте жақсы, топта өз орнын және міндетін біледі. Барлық балалармен жақсы араласады және оларға әрқашан көмектесіп отырады. Мөлдірдің психологиялық бейнесі сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Көпшілік ішінде өзін-өзі жақсы ұстай алады. Болашақта Балнұр болашағынан үлкен үміт күттіретін оқушы екеніне сенемін.
Сынып жетекшісі: Ақтанова Н.К
Іс-тәжірибеден өтуші: Қарабай Н.
Өскемен қаласы әкімдігінің
№46 орта мектебінің КММ
10 «М» сыныбының оқушысы
Жандосұлы Рамаданға
МІНЕЗДЕМЕ
Жандосұлы Рамадан сыныптың үлгілі оқушыларының бірі. Сыныптастарының арасында беделі бар. Өте сабырлы бала. Өз ісіне жауапты. Барлық пәндерге үлгеруге тырысады. Үй тапсырмасын ұқыпты орындап, сабақ барысында барлық сұрақтарға қол көтеріп, жауап беріп отырады. Қоғамдық жұмыстаға да өте белсенді араласады. Әр түрлі байқауларда да өзін жақсы қырынан көрсете біледі. Әдепті, айналасындағылармен қарым-қатынасы жақсы, достарыныңарасында сыйлы,рухани жағынан жақсы дамыған, өзіне берілген тапсырмаларды тиянақты орындайды. Әрқашан мектеп тәртібін сақтайды. Кез келген топта қарым-қатынасы өте жақсы, топта өз орнын және міндетін біледі. Барлық балалармен жақсы араласады және оларға әрқашан көмектесіп отырады. Рамаданның психологиялық бейнесіне тоқталар болсақ, эмоциялары мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Сабырлы, көпшілік ішінде өзін-өзі жақсы ұстай алады. Болашақта Рамадан еліне адал қызмет ететін, халқының ардақты азаматы болатынына, болашағынан үлкен үміт күттіретін оқушы екеніне сенемін.
Сынып жетекшісі: Ақтанова Н.К
Іс-тәжірибеден өтуші: Қарабай Н.
Тақырыбы:
|
Отбасы – рухани жаңғыру негізі
|
Мақсаты:
|
Оқушылардың отбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өмірдің басты құндылығы отбасынан басталатынын ұғындыру;«Отан отбасынан басталады» демекші, отбасын сүю арқылы Отанын шексіз сүйетін патриот болуға тәрбиелеу;Өз ататегінің, туған жерінің тарихын білудің маңыздылығын түсіндіру; «Оқушы – ата-ана – мұғалім» үштігінің бірлескен жұмысының маңыздылығын көрсету.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Оқушылардың бойында өз отбасымен мақтану сезімі; өз ататегінің, өскен ортасының тарихын білуге деген құштарлығы оянады. Ата-аналармен, мұғалімдермен бірлесіп жұмыс жасау арқылы оқушылардың өзіне деген сенімділігі артады, өз ойларын еркін білдіруге дағдыланады.
|
Көрнекіліктер:
|
ватмандар, маркерлер, стикерлер
|
Құндылықтарды дарыту:
|
Жауапкершілік, сыйластық, өзгені тыңдай білу, пікірін құрметтеу, өзінің және өзгенің еңбегін бағалай білу.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Қатысушылардың іс-әрекеті
|
Сабақтың басы
минут
|
«Менің өмірдегі құндылықтарым» сынып оқушыларымен түсірілген бейнежазба
|
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сынып сағатымызға қош келдіңіздер!Бүл сабақтың ерекшелігі бүгінгі сабақта тек оқушылар ғана емес, сонымен қатар ата-аналар қауымы мен ұстаздар ұжымы бірлікте жұмыс жасаймыз. Сабақ барысында көптеген тапсырмалар орындаймыз, осы тапсырмаларды балалардың, ата-аналардың және мұғалімдердің көзімен қарап, талқылаймыз. Олай болса маған бүгінгі сабақ барысында ең қажетті үш қасиетті атаңыздар! (Мысалы, жауапкершілік, шапшаңдық, татулық деген сияқты қасиеттерді атаулары мүмкін. Бастапқы аталған үш-төрт қасиетті тақтаға жазамын және топтар осы атаулармен аталады.)Құрметті қатысушылар, бүгінгі сабақты бастамас бұрын назарларыңызды экранға аударуларыңызды сұраймын (видеожазба). Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында сынып сағаты өткізіледі деген соң көп ойландым. Кезекті сынып сағатында «Сендер үшін ең құнды нәрсе не?» деген сұрақ қойған едім. Экраннан байқап отырғандарыңыздай көпшілігі отбасы деп жазыпты. Мұнан басқа ата-анам, денсаулық, татулық деген сияқты сөздер болды. Осылайша менің сынып сағатымның тақырыбы өздігінен шыға келді. Ол – «Отбасы – рухани жаңғыру негізі».
|
Сабақ басында жинақылық танытып, тапсырмаларды жылдам орындап отыру.
|
1-тапсырма
Отбасы сөзін талдау, сипаттау, суреттеу.
|
Отбасы дегенде нені түсінеміз, отбасы сөзін қандай сөз тіркестерімен ассоциациялаймыз.Сіздердің сөздеріңіздің дәлелі ретінде мына видеофильмге назар аударайық:
«Отбасы не үшін қажет?»
|
Әр топ мүшелері отбасы сөзіне бірігіп талдау жасайды. Әртүрлі сөз тіркестерімен, кесте түрінде, суреттер арқылы бейнелеу т.б мазмұнда отбасы сөзінің мағынасын ашады.
|
Сабақ ортасы
10 минут
|
2-тапсырма
1. «Ұл бала мен қыз бала тәрбиесі».
Венн диаграммасын жасау (ата-аналар мен мұғалімдер)
2. «Менің отбасымның дәстүрлері».
Постер жасау (оқушы-лар)
|
«Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа деген сенімді нығайтып, алға бастайтын жақсы қасиеттерді де, кежегесі кері тартып, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп Елбасымыз атап өткендей біздің балаларымыздың рухани тамыры отбасында жатыр.«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөз бар. Қазіргі қоғамда ұл мен қыз тәрбиесіне көптеген сын айтылып жатады. Осы тұста ата-аналар мен ұстаздар тарапынан балаларымызға ақыл кеңестерімізді айтып отыруымыз заңдылық. Сол себепті дәл қазір ата-аналар мен ұстаздар балаларға арнап ұл мен қыздың тәрбиесі туралы кеңестер жадынамасын жасап шықсаңыздар. Ал, оқушылар «Менің отбасымның дәстүрлері» атты постер жасайды.
|
Ата-аналар мен ұстаздар Венн диаграммасы арқылы ұл бала мен қыз бала тәрбиесі туралы жадынама жасап шығады.Балалар бірлесе отырып әрқайсысы өздерінің отбасыларындағы жақсы дәстүрлерді естеріне түсіріп, постерге жазады.
|
10 минут
|
3-тапсырма
«Туған жерім –тұғырым»
«Мен Отаныма не беремін» эссе жазу (оқушылар).
|
Әрбір бала ана тіліне, халқымыздың ұлттық дәстүріне сыйластықпен, сүйіспеншілік қарауға үйренеді. Отанды сүю, оған қамқорлық көрсету осы отбасында қалыптасады. Сондықтан да «Отан отбасынан басталады» деген атамыз қазақ.«Туған жерім – тұғырым» деп аталатын келесі тапсырманы орындамас бұрын Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан үзінді келтіре кеткім келеді: «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атаулының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс».
|
Ата-аналар карта жасағанда мағыналы, мазмұнды жасаулары керек. Балаларға түсінікті етіп, туған жерлеріндегі қасиетті, киелі жерлер туралы мәлімет беретіндей болу керек.
|
7 минут
|
4-тапсырма
«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер»
|
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Экранға назар аударайық.
«Отбасы шежіресі дегеніміз не?»
Қане, қайсысың жеті аталарыңды білесіңдер?!
|
Балалар жеті аталарын қаншалықты білетінін дәлелдейді.
|
7 минут
|
5-тапсырма
Сергіту сәті
|
Құрметті бүгінгі сынып сағатының қатысушылары! Сіздердің барлықтарыңызға арналған ортақ сұрақ: «Біз әрқашанда біргеміз!», «Біз бір отбасымыз!» деген сөздерді өз іс-әрекеттеріңізбен көрсетсеңіздер. (Қатысушылар бірін-бірі құшақтап, қол ұстасып бірліктерін көрсетеді.)
Олай болса әр топ мүшелері өз қолдарыңызбен, яғни бес саусақтарыңызды қағазға бастыра отырып сурет салып, оның мағынасын түсіндіресіздер.
|
Қатысушылар бес саусақтарын бастыру арқылы мағыналы суреттер жасап шығады.
Балалар қолдың қызметі туралы өз ойларын айтады.
|
Сабақтың соңы
5 минут
|
Рефлексия
«Екі жұлдыз, бір тілек»
|
Сабақ барысындағы орындалған жұмыстарды саралап, салмақтап, әрбір топ келесі топқа екі жақсы жағын және тағы нені өзгертуге болатынын жазады. Уақыт үнемдеу мақсатында сағат тілімен қозғалып, әрбір топ жанындағы келесі топқа арнап жазады.
|
Қатысушылар жылдам, жинақы түрде тапсырманы орындауы қажет. Бүкіл сынып барысындағы жұмысты бағалау мақсатында жүргізіледі.
|
Тәрбие сағатына талдау
Тақырыбы: Отбасы – рухани жаңғыру негізі
Мақсаты: Оқушылардың отбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өмірдің басты құндылығы отбасынан басталатынын ұғындыру;«Отан отбасынан басталады» демекші, отбасын сүю арқылы Отанын шексіз сүйетін патриот болуға тәрбиелеу;Өз ататегінің, туған жерінің тарихын білудің маңыздылығын түсіндіру; «Оқушы – ата-ана – мұғалім» үштігінің бірлескен жұмысының маңыздылығын көрсету.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың бойында өз отбасымен мақтану сезімі; өз ататегінің, өскен ортасының тарихын білуге деген құштарлығы оянады. Ата-аналармен, мұғалімдермен бірлесіп жұмыс жасау арқылы оқушылардың өзіне деген сенімділігі артады, өз ойларын еркін білдіруге дағдыланады.
Көрнекіліктер: ватмандар, маркерлер, стикерлер
Құндылықтарды дарыту: Жауапкершілік, сыйластық, өзгені тыңдай білу, пікірін құрметтеу, өзінің және өзгенің еңбегін бағалай білу. Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет: «Менің өмірдегі құндылықтарым» сынып оқушыларымен түсірілген бейнежазба
Мұғалімнің іс-әрекеті: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сынып сағатымызға қош келдіңіздер!Бүл сабақтың ерекшелігі бүгінгі сабақта тек оқушылар ғана емес, сонымен қатар ата-аналар қауымы мен ұстаздар ұжымы бірлікте жұмыс жасаймыз. Сабақ барысында көптеген тапсырмалар орындаймыз, осы тапсырмаларды балалардың, ата-аналардың және мұғалімдердің көзімен қарап, талқылаймыз. Олай болса маған бүгінгі сабақ барысында ең қажетті үш қасиетті атаңыздар! (Мысалы, жауапкершілік, шапшаңдық, татулық деген сияқты қасиеттерді атаулары мүмкін. Бастапқы аталған үш-төрт қасиетті тақтаға жазамын және топтар осы атаулармен аталады.)Құрметті қатысушылар, бүгінгі сабақты бастамас бұрын назарларыңызды экранға аударуларыңызды сұраймын (видеожазба). Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында сынып сағаты өткізіледі деген соң көп ойландым. Кезекті сынып сағатында «Сендер үшін ең құнды нәрсе не?» деген сұрақ қойған едім. Экраннан байқап отырғандарыңыздай көпшілігі отбасы деп жазыпты. Мұнан басқа ата-анам, денсаулық, татулық деген сияқты сөздер болды. Осылайша менің сынып сағатымның тақырыбы өздігінен шыға келді. Ол – «Отбасы – рухани жаңғыру негізі». 1-тапсырма: Отбасы сөзін талдау, сипаттау, суреттеу.Отбасы дегенде нені түсінеміз, отбасы сөзін қандай сөз тіркестерімен ассоциациялаймыз.Сіздердің сөздеріңіздің дәлелі ретінде мына видеофильмге назар аударайық:
«Отбасы не үшін қажет?» Әр топ мүшелері отбасы сөзіне бірігіп талдау жасайды. Әртүрлі сөз тіркестерімен, кесте түрінде, суреттер арқылы бейнелеу т.б мазмұнда отбасы сөзінің мағынасын ашады. 2-тапсырма
1. «Ұл бала мен қыз бала тәрбиесі».
Венн диаграммасын жасау (ата-аналар мен мұғалімдер)
2. «Менің отбасымның дәстүрлері».
Постер жасау (оқушылар
«Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа деген сенімді нығайтып, алға бастайтын жақсы қасиеттерді де, кежегесі кері тартып, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп Елбасымыз атап өткендей біздің балаларымыздың рухани тамыры отбасында жатыр.«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөз бар. Қазіргі қоғамда ұл мен қыз тәрбиесіне көптеген сын айтылып жатады. Осы тұста ата-аналар мен ұстаздар тарапынан балаларымызға ақыл кеңестерімізді айтып отыруымыз заңдылық. Сол себепті дәл қазір ата-аналар мен ұстаздар балаларға арнап ұл мен қыздың тәрбиесі туралы кеңестер жадынамасын жасап шықсаңыздар.Ал, оқушылар «Менің отбасымның дәстүрлері» атты постер жасайды.
3-тапсырма
«Туған жерім –тұғырым»
«Мен Отаныма не беремін» эссе жазу (оқушылар) Әрбір бала ана тіліне, халқымыздың ұлттық дәстүріне сыйластықпен, сүйіспеншілік қарауға үйренеді. Отанды сүю, оған қамқорлық көрсету осы отбасында қалыптасады. Сондықтан да «Отан отбасынан басталады» деген атамыз қазақ.«Туған жерім – тұғырым» деп аталатын келесі тапсырманы орындамас бұрын Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан үзінді келтіре кеткім келеді: «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атаулының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс». Ата-аналар карта жасағанда мағыналы, мазмұнды жасаулары керек. Балаларға түсінікті етіп, туған жерлеріндегі қасиетті, киелі жерлер туралы мәлімет беретіндей болу керек. 4-тапсырма
«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Экранға назар аударайық.
«Отбасы шежіресі дегеніміз не?»
Қане, қайсысың жеті аталарыңды білесіңдер? Балалар жеті аталарын қаншалықты білетінін дәлелдейді.
5-тапсырма
Сергіту сәті
Құрметті бүгінгі сынып сағатының қатысушылары! Сіздердің барлықтарыңызға арналған ортақ сұрақ: «Біз әрқашанда біргеміз!», «Біз бір отбасымыз!» деген сөздерді өз іс-әрекеттеріңізбен көрсетсеңіздер. (Қатысушылар бірін-бірі құшақтап, қол ұстасып бірліктерін көрсетеді.)
Олай болса әр топ мүшелері өз қолдарыңызбен, яғни бес саусақтарыңызды қағазға бастыра отырып сурет салып, оның мағынасын түсіндіресіздер. Қатысушылар бес саусақтарын бастыру арқылы мағыналы суреттер жасап шығады.Балалар қолдың қызметі туралы өз ойларын айтады.
Рефлексия
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Сабақ барысындағы орындалған жұмыстарды саралап, салмақтап, әрбір топ келесі топқа екі жақсы жағын және тағы нені өзгертуге болатынын жазады. Уақыт үнемдеу мақсатында сағат тілімен қозғалып, әрбір топ жанындағы келесі топқа арнап жазады. Қатысушылар жылдам, жинақы түрде тапсырманы орындауы қажет. Бүкіл сынып барысындағы жұмысты бағалау мақсатында жүргізіледі.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ
«Шет тілі : 2 шет тілі»
мамандығының 1 курс студенті
Қарабай Нұрсаулеге
МІНЕЗДЕМЕ
Қарабай Нұрсауле 21.01.2019ж – 03.05.2019ж аралығында №46 орта мектебінде практикадан өтті. Практика барысында Нұрсауле жұмысқа үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алады. Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мекеменің қызметкерлерімен тез тіл табыса алады. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзеуге тырысады. Қандай да бір берілген тапсырманы тиянақты түрде орындап жүрді. Ол сонымен қатар оқушылармен өте жақсы қарым-қатынаста болып, алға қойған мақсатына жете алады. Әртүрлі мақсаттардағы іс-шараларды, психологиялық жұмыстарды жүргізу кезінде, тәрбие сағаттарын өткізу барысында ұйымдастыру қабілетінің жоғары екенін көрсетті. Кез келген тапсырылған істерді үлкен жауапкершілікпен уақытында және тыңғылықты орындады. Нұрсауленің болашағы зор. Алдағы уақытта өз ісін білетін жақсы маман иесі болатынына сеніміміз мол.
Мектеп директоры: Ауганбаева Г.Б
Пән мұғалімі: Мусина А.М
Сынып жетекшісі: Актанова Н.К
Тақырыбы:
|
«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы»
|
Мақсаты:
|
Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту;
Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.
|
Түрі:
|
танымдық ойын
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Қатысушылардың іс-әрекеті
|
Сабақтың басы
3минут
|
Ойын барысымен таныстыру
|
Құрметті оқушылар! Бүгінгі өткізетін сайысымыз «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы » тақырыбында.
Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын сайысымызды бастаймыз.
Ақыл –тон аңдағанға тозбайтұғын
Білім – кен қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауап бара жатса
Арқаның ауруы не қозбайтұғын,- деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларымызды таныстырып өтейін.
Ойын барысына тоқталсақ, сайысымыз 5 айналымнан тұрады. ( интерактивті тақтадан көрсету)
|
Сабақта белсенділік таныту
|
7 минут
|
І айналым
« Кім көп біледі?»
|
1. Сыйлы адамға берілетін етті сыбаға деп атай ма? Ия
2. Абай атамыздың шын аты Ибраһим дегенге келісесіз бе? Ия
3. Тоқтар Әубәкіров қазақстанда алғаш ғарышқа ұшты ма? Ия
4. Әбілхан Кастеев атақты сазгер ма? Жоқ
5. « Үш бақытым» М.Әуезовтың өлеңі ме? Жоқ
6. « Тоғызқұмалақ» қазақтың ұлттық ойыны ма? Ия
7. Күй атасы Қорқыт баба дегенге келісесіз бе? Ия
8. 1 мамыр балаларды қорғау күні ма? Жоқ
9. Мұқағали Мақатаев «Абай жолы» романының авторы ма? Жоқ
10. Аққу киелі құс дегенге келісесіз бе? Ия
11. 9 мамыр Ұлы отан соғысының басталған күні ма? Жоқ
12. « Палау» қазақтың ұлттық тағамына жата ма? Жоқ
13. Жылқының пірі Қамбар ата ма? Ия
|
« Кім көп біледі?» қойылған сұрақтарға келіскен-келіспегенін білдіріп « ия» немесе «жоқ» деп жауап беруі қажет.
|
Сабақ ортасы
7 минут
|
ІІ айналым « Полиглот ойыны»
|
1. Жақсы ... үшін жан пида. ( дос, друг, friend)
2. Айдың он бесі .... , он бесі қараңғы ( жарық, свет, eight)
3. Көңіл сырын ... білдіреді ( көз, глаз, eye)
4. ....... – алтын қазына ( кітап, книга, boor)
5. Еңбегі жоқ ..... – ыстығы жоқ жалын ( ғалым, наука, science)
6. Көз қорқақ, .... батыр ( қол, рука, hard)
7. .... басы – бұлақ, сөздің басы – құлақ ( су, вода, water)
8. ...... алма, білім ал ( алтын, золото, gold)
9. Есепші ..... қарайды, айды, күнді санайды (аспан, небо, sky)
10. Күндіз ... алса, түнде үкі алады ( бүркіт, орел, eagle)
|
Дұрыс жауапты үш тілде айту: қазақша, орысша және ағылшын тілде
|
7 минут
|
ІІІ айналым « Ата салтың – халықтық қалпың»
|
1. Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киеді? ( Жаңа түскен келін)
2. Жаңа аяқтанған баланың тез әрі сүрінбей жүруі үшін жасалатын салт қалай аталады? ( Тұсаукесер)
3. Үш арсызды ата? ( Ұйқы, күлкі, тамақ)
4. Ұзатылған қызға берілетін дүние мүлік қалай аталады? ( Жасау)
5. Кешкілік ауылдың қыз-жігіттері ауыл сыртына барып ойын-сауық жасайды, бұл қандай ойын? ( Ақсүйек)
6. Бес қаруды ата ( Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)
|
Салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру
|
7 минут
|
ІҮ айналым « Іздеген жетер мұратқа»
|
4 пән бойынша сұрақтар беріледі. Қазақ тілі, жаратылыстану, тарих, спорт. Әр пәннен үш сұрақтан. Әр сұраққа байланысты ұпай саны тігілген. Сұрақты таңдап алуға болады.
|
|
7 минут
|
Ү айналым Логикалық сұрақтар « Ойлан тап»
|
БЫЖҢАР Жаңбыр
ЗАНЙЙҒАА Найзағай
КҚҚОАЕІПМРС Кемпірқосақ
СЫЖАРОБЛ Жолбарыс
2. Жұмулы көзбен нені көруге болады? ( түс)
3. Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың түбінде отырады? ( ылғал, сулы)
4. Теңізде қандай тастар болмайды? (құрғақ)
5. 31 ақпан күні не болады? ( 31 ақпан болмайды)
6. Қара мысықтың үйге кіруі қашан ыңғайлы? ( есік ашық тұрғанда)
7. Тамақ пісер алдында қазанға ең бірінші не салады? ( көз салады)
8. Тышқанды ылғи қуып жүретін не? ( құйрығы)
9. Сен жарысқа қатыстың да, екінші орында келе жатқан адамды басып оздың. Сен қазір қай орындасың? (екінші орынды)
10. Сандар қатарын жалғастыр: 18,20,24,32? (48)
|
|
Сабақтың соңы
2 минут
|
Қорытынды
|
Президентіміздің «Отанымыздың қоғамымыздың,біздің бабаларымыздың, жастардың тамаша келешегі бар екендігіне сенімділігін, ал бәсекеге қабілетті Қазақстанның әлемдегі экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті-жастарда» деген сөзі біздерге сенім.
Білім сайысы қорытындысы бойынша жеңімпаз топтар анықталды.
|
Мақтау қағаздарымен марапатталады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |