Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
5.1АҒылым әлемі
|
Мектеп: №4 орта мектебі
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Өтеубек А.А.
|
Сынып: 5 «А»
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақтақырыбы
|
Деректерді жинау және жазу
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
5.1.4.1 - нысандар параметрлерін өлшем бірліктермен анықтайды;
5.1.4.2 - бақылаулар мен өлшеу деректерін тіркейді.
|
Сабақ мақсаттары
|
нысандар параметрлерін өлшем бірліктермен анықтайды
бақылаулар мен өлшеу деректерін тіркейді
|
Бағалау критерийлері
|
өлшеу құралдарының атауларын жазып, аспаппен өлшенетін шаманы және оның өлшем бірлігін жаза алады
аспап (термометр, сызғыш, таразы және т.б.) көрсеткіштерін анықтаудың қадамдық жоспарын құрастырады.
Өлшеу құралдарымен бақылаулар мен өлшемдер жасай алады
|
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқытудың тілдік мақсаты.
Оқушылар:
Өз зерттеуін жоспарлау кезеңдерін ауызша және жазбаша нысанда талқылай алады.
Өз идеяларын плакаттағы схема түрінде көрсете алады. Кейін оқушылар басқа плакаттармен жұмыс істеп, өз пікірлерін айтып және өз идеяларын дамыта отырып, басқаларының идеяларын толықтырады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Ғылым
Ғылым функциялары
Зерттеу жоспары
Гипотеза
Тәжірибе
Зерттеу мәселесі
Деректерді талдау
Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы тіркестері:
Менің зерттеуімнің кезеңдері … болады деп ойлаймын.
Бұлай айтуға … негіз болды.
Бұл … түсіндіріледі.
Менің түсіндіруім ...
|
Құндылықтарды дарыту
|
Теорияда алған білімдерін, практикада ұштастыра білуге баулу. Өз бетінше жұмыс дағдысын арттыра отырып, еңбекке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру,оқушыларды бір – бірін тындай білуге, бірігіп жұмыс жасауға, сыйлауға тәрбиелеу.
|
Пән аралық байланыстар
|
Математикапәні-дененің ұзындығынанықтау 4-тапсырма
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Интерактивті тақта,https://twig-bilim.kz/film/how-long-is-a-metre-5958/ бейнематериал
|
Бастапқы білім
|
Ғылыми жаңалықтардың айқындаушы рөлін және олардың адамның күнделікті өміріне әсерін, ақпарат көздерінің түрлерін және зерттеу әдістерін: бақылау және тәжірибені біледі.
Тәжірибе жүргізу жоспарын құрастыруды, қоршаған әлемге бақылау жүргізуді және диаграммалар түрінде құрастырылған жоспар бойынша жүргізілген тәжірибе нәтижелерін белгілеуді, қорытындылар тұжырымдауды біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0 –1 мин
2-6 мин
6-8 мин
|
Оқушылармен амандасу. Cабақта ынтымақтастық атмосферасын құру. Сұрақ қою арқылы оқушылардың көңіл күйлерін сұрау.
1-тапсырма.Оқушыларға термометрдің, рулеткаланың, амперметрдің, спидометрдің, секундомердің, таразының суреттеріберіледі.Дайын суреттер қолданып, өлшеу құралдарының атауларын жазып, аспаппен өлшенетін шаманы және оның өлшем бірлігін жазып плакаттарды дайындайдыОқушылар осы суреттерге қысқаша сипаттама береді. Бұл қандай құрал? Бұл құрал арқылы нені өлшеуге болады?
Бүгінгі сабақтың тақырыбы осы құралдарға сәйкес қандай болатынын оқушылардан сұрау.
Сабақтың мақсатыоқушылармен бірге анықталады, бағалау критерийлері презентацияда көрсетіледі.
|
Қосымша 1. Термометрдің, рулеткаланың, амперметрдің, спидометрдің, секундомердің, таразының суреттері
Презентация
|
8-10 мин
|
Оқушыларға сұрақтар беріледі: «Сізге күнделікті өмірде өлшеулер жасау қажет болды ма? Қандай? Мысал келтіріңіз» сұрақтарын талқылайды. Оқушылардың ойлары тыңдалады.
|
Презентация
|
10-12 мин
|
2-тапсырма.Оқушылар жұптасып сұрақтарға жауаптарды схема түрінде көрсетеді:
Келесі мысалдарда қандай өлшемдер туралы сөз қозғалады:
сабақ 45 минут жүреді;
бөтелкеде 5 л су бар;
мұз 0 °С кезінде ериді;
d) автобус 40 км жүріп өтті.
|
Презентация
|
12-18 мин
|
Оқушылар мұғалімнің түсіндіргенін тыңдап, аспап (термометр, сызғыш, таразы және т.б.) көрсеткіштерін анықтаудың қадамдық жоспарын құрастырады. Жоспарды плакатқа жазады және «Әткеншек» әдістемелік тәсілінің көмегімен белгілер жасайды, бір-бірінен сұрайды.
«Әткеншек» - әдістемелік тәсілі:
Оқушылар жұмысты топта, мысалы бір нәрсенің тізбесін құрастыра отырып орындайды.
Кейін белгілі бір тәртіп бойынша сыныпта жылжи отырып, басқа топтардың постерлерінде белгілер немесе толықтырулар жасайды.
Аяқтағаннан кейін жалпы жұмыс қорытындысы талқыланады.
|
|
18-28
|
3-тапсырма. Топқа түрлі тапсырмалар беріледі.
Оқушылар әр түрлі аспаптармен өлшеу жөніндегі тәжірибелік тапсырманы орындайды
Сызғышпен (ағаш, темір, алюминий кесектің ұзындығы, ені, биіктігі) өлшеу
Термометрмен (сыныптағы ауа температурасы, бір рет қолданылатын стақандардағы суық және жылы судың температурасы) өлшеу
Өлшеуцилиндрімен(су мөлшері) өлшеу
Секундомермен(оқушының 10 рет отырып-тұруы) өлшеу.
Топтар өздерінің тәжірибелерінің нәтижелерін талқылап, өз жұмыстарын қорғайды.
|
Қосымша 2
Ағаш, темір, алюминийкесектер, термометрлер, жылы және салқын суы бар стақандар, өлшеу цилиндрлері, секундомерлер немесе секунд көрсететін тілі бар сағаттар
|
28-34
|
4-тапсырма.
Оқушыларға таза парақпен сызғышалып, ұзындығы 10-11 см түзу сызуын сұрау қажет – олар қалаған ұзындықты таңдауы мүмкін, бірақ ешкімге айтпауы тиіс. Оқушылардан қасындағы адаммен парақтарын ауыстырып, олардың түзулерін өлшеп, қағазға жазып алуы керек. Парақтарды кері қайтарып, қанша оқушының дұрыс жауап алғанын тексеріңіз.
|
таза парақтар, сызғыштар
|
34-39 мин
|
5-тапсырма.
Оқушылар бейнефильмді көру арқылы берілген сұрақтарға жауап береді. Ол үшін алдымен сұрақтар таратылып, оқушылар сұрақты оқығаннан кейін ғана бейнефильм көрсетіледі.
Сұрақ
Ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі қандай?
Алғашында ұзындық қалай өлшенген?
Метр өлшемі қалай анықталды?
Алғашқы ресми метр өлшегіш қай жылы және қай қалада пайда болды?
Дұрыс жауаптар:
Метр.
Алғашында ұзындық адамның дене мүшелеріне негізделіп өлшенген.
Солтүстік полюстен Экваторға дейінгі қашықтықтың он миллионнан бір бөлігі метр деп анықталды.
Алғашқы ресми метр өлшегіш 1795 жылы Парижде пайда болды.
Оқушылар жұпқа бірігіп жауаптарын тексерді.
|
Қосымша 3
https://twig-bilim.kz/film/how-long-is-a-metre-5958/
|
39-42 мин
|
Оқушыларға аспаптың бөлікқұны деген не екенін түсіндіру. Аспап көрсеткіштерін анықтау тәртібін қарастыру.
|
«Бөлік құны» суретіПрезентация
|
42-45 мин
|
Рефлексия
Оқушылар партадағы суреттерді өздерінің көңіл күйлеріне қарай таңдайды. Кейін неге осы таңдауды жасағанын мұғалім сұрайды.
|
карточкалар
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Қабілеті жоғары оқушыларға жеке тапсырма беру
|
Оқушылардың бағалануы топтық жұмыс, жұптық және жеке жұмыстары бойынша бағаланады
|
Сабақ кезінде оқушылар қауіпсіздік ережесін, мектеп мүлкін бүлдірмей ережені сақтау қажет
|
Сабақбойынша рефлексия
Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? Оқушылардыңбарлығы ОМ қолжеткіздіме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?
Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?
Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Достарыңызбен бөлісу: |