Сын тұрғысынан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты ұғым.Бұл модуль оқушылар-дың да,мұғалімдердің де сыни ойлай алуын дамытуды көздейді.Сыни тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәти-жесінде қорытынды мәліметтерді түсіну , бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады. Сын тұрғысынан ойлау бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға , ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді,ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейімділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.[1:46]
Сыни тұрғысынан ойлау модулінде баланың өзі іздене отырып, дәлелдер келтіруі маңызды болып табылады. Сыни тұрғысынан ойлау модулі оқушыны еркін сөйлеуге, пікір таластыруға, достарының ойын тыңдауға, мәселенің шешу жолдарын іздеуге, қиындықты шешуге бағыттайтын тәсіл болып табылады. Сыни тұрғысынан ойлау және жазу - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп жұмыс жасауға дағдыландыру.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген тақырыпты сыни тұрғыдан қарап, саналы шешім қабылдауға үйретеді.Бұл технология - оқушылардың білім деңгейін көтеруде, дұрыс шешімдер табуға, ойларын еркін айтуға тиімді.
Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері- зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диолог –мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартумен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерін өрістетіп, зияткерлік қырларынан дамуына ықпалын тигізетінін көрсетті. Сын тұрғысынан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен – орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарында оқушылармен байланыстырады.Бірақ сыни ойлауды кішкентай балалармен жұмыс барысында ерте кезеңнен дамытуға болады. Ол үшін баланың бойына басқалардың көмегіне жүгіне отырып жасайтын қадамдары мен сыныпта жұмыс істеу кезінде қолданатын ( ақпарат танысу,түсіну,оны талдау,салыстыру және зерттеу,ақпарат көздерімен байланыс,бағалау,қолдау,дәлелдеу;)дағдыларды қалыптастыру керек [1:46].Осы бағытта мен өз оқушыларыма ережелермен таныстыра отырып,сөйлемдегі сөздердің байланысын табуға сәйкес,жұптық жұмыстар жүргізілді.Сонымен қатар,таныстырылымдарға қарай отырып,тақырыптың мағынасын ашу жұмыстары жүргізілді.Оқушылар өздерінің білгендерін дәлелдер келтіре отырып,айтып шықты.
Келесі кезекте «Баланы таңқалдыруды ұмытпа даналыққа ұмтылу таңқалудан басталады» деген ұстанымды ұстай отырып, оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етіп,пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болуға жетелеуге бағыттадым.Бастауыш сынып оқушыларына құрбыларымен жұпта, топта орындайтын тапсырмалар беріліп отырды.Мысалы, «Ойлан, жұптас ,бөліс»әдісі бойынша балалар үй тапсырмасын дәптерлерін алмастыру арқылы тексерді. «Көктем бейнесі» мәтінінде берілген тапсырмасы бойынша сызба арқылы сөйлем құрастыру,оны дәптерлеріне жазып келу берілді.Зерттеуге алынған жоғары деңгейлі оқушым бұл тапсырманы өте жақсы орындаған.Ол дәптеріне «Бұл қандай мезгіл?», «Алақай әжем келді!», «Көктемде ағаштар бүршік атады» сияқты сөйлем түрлеріне,сөйлемдегі сөздердің санына сай құрып келген.Зерттеуге алынған оқуында кедергісі бар оқу-шым бұл тапсырманы орындауда тыныс белгілерін ескермей,жай ғана сөйлемдер құрап келген.Мысалы, «Көктем келді», «Мен көктемді жақсы көремін» т.с.с.Бұдан байқағаным,оқушылардың сөйлем туралы ұғымы-ның қалыптасқандығын,сызба бойынша сөйлем құрай алатындығын, кейбір оқушылардың тыныс белгілерін үйренгендерін көрдім.
Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері- зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диолог- мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартумен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерін өрістетіп, зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетінін Александер атап көрсетті. Диалогтік оқыту теориясына сәйкес, сыныптың қолданбалы зерттеуін зерделер болсақ, ол диалектикалық және диалогтік педагогика тұрғысынан оқушылардың ой-пікірлері назарға болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым-қатынастың дәстүрлі моделіне күмәнмен қарайды. Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау балаларға дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік бере отырып, формальды түрде оқуды азайтады. [1:46].Осыған орай, оқушыларға интербелсенді тақтадан «Наурыз тойы» көрсетілімі көрсетіле отырып,оқушылардың әрі қарай тақырып бойынша ойлау мен болжау әрекеттері жүргізілді.Оқушылар көрсетілім бойынша өз ойларын топта талдай отырып, «Көктем» тақырыбына постер дайындады. 4-топта «Наурыз тойын» суреттер бейнесі арқылы көрсете отырып,өз ойларын айтып шықты. Мысалға,көктемде жылы жақтан құстар келеді,қар ери бастайды,күн жылынады,наурыз мерекесі болады деп өз ойларын айтты.Топтарға ой салу мақсатында, «Көктем мезгілінде алғашқы ұшып келетін қандай құстарды білесің?», «Көктем мезгілі сендерге несімен ұнайды?» сияқты сұрақтары қойылды.Осы сұрақтарға зерттеуге алынған оқуында кедергісі бар оқушым көктем мезгілінде торғай,тырна деп жауап берсе,жоғары және орташа деңгейлі оқушыларым қараторғай,ұзаққарға құстары келетінін айтты.Сонымен қатар,екінші сұраққа зерртеуге алынған жоғары деңгейлі оқушым өмірмен байланыстыра отырып,көктемде алғашқы гүлдерді теретінін,күн сәулесінің көп болатындығын айтып жеткізді.Осы сабақтың барысында кейбір оқушылар қалай топтасу керектігін үйреніп жатса, ал кейбір оқушыларым көшбасшылық жағынан көрініп, топтасуды өздері атқарып жатты. «Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сын тұрғысынан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек» деп Александер айтқандай, оқушыларым сыни ойлауға даму үстінде.
Бүгінгі таңда «білім алушылар қоғамдастығы» деген ұғым өзекті болып отыр,онда оқушылар да, мұғалімдер де өздерін білім алушылар деп есептейді.Оқушылардың арасында бірлескен жұмыс,бір-бірін қолдау, топтық рух мадақталады.Олар топпен жұмыс істеп, онда тыңдау,дене қимылдары,келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылады.[1:32]
Осы бағытта, «Жыл құстары» тақырыбына постер қорғау кезінде оқушылар өз ойын көпшілікке жеткізуге машықтанды. Бұл кезеңде әр топ өз жұлдызшасын ең үздік деп танылған топқа берді. Сыни тұрғысынан ойлауды қалыптастырып, балалардың өз білімдерін жаңа білімдерімен ұштастыра отырып, тақырыпты түсінуге бағыт берді. Ана тілі сабағы негізгі екі пәнді қамтитындықтан, сабақтың негізгі бөлігін сөйлемдегі сөздердің байланысын табуға 4 топқа кеңейтілген тапсырмалар берілді.
А) Сөйлемдерді көшіріп жазу.
В)Сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы табу.
С)Сөйлемдердің сызбасын құрастыру.
А деңгейін сыныптың бәрі орындады, ал сөйлемдегі сөздердің байланысын табуға кейбір оқушыларым қиналды.Ал сыныптағы ойы жүйрік оқушыларым сөйлем құруды ойлап, оны сызба арқылы жасыруды ойлады. А деңгейі бойынша берілген тапсырмада «Сөйлем»тақырыбы бойынша сөйлемдерді көшіріп,байланысын табуға берілді.Бұл тапсырманы сынып оқушыларының барлығы да орындады. Сыныптағы кеңейтілген тапсырманы орындаған уақытта оқушылар өз зерттеулерінде пікірталасқа түсіп, өз дәлелдеулерін айтып жатты. Осы кезде оқушы арасында әңгіме-дебат жүріп жатты.Кейде әңгіме-дебат зерттеушілік әңгімеге ұласып жатты.Олай дейтін себебім бірінің айтқан ұсынысына қарсы дау айтылып, күмән туып жатты.Мысалы Екінші В деңгейлі тапсырмада «Көктемде құстар ұшып келді» сөйлемінде А есімді оқушым сөйлемдегі сөздердің байланысын табуда сұрақты Кім? Не? деген сұрақтан бастаудың орнына Құстар қашан келді? сұрағынан бастады.Сонда бұған қарсы Н есімді оқушы сөйлемде әуелі Кім?Не? деген сұрақты қоюымыз керек деп өз ойын білдірді.Осы тұста оқушылар арасында әңгіме-дебат жүріп жатты. Н есімді оқушым сөйлемде зат есім мен етістік табу керек екенін түсіндіріп, өз ойына зерттеу жасап, дәлелдеп жатты. Сонымен мен балалар бір-бірін тыңдап, идеялармен бөліседі және балама көзқарастарды қарастырады, өзара білім алмасуға жағдай туғызатынын түсіндім.
Жаңа тақырыптың бекітуде оқушылар жұптасып жұмыстанды. Яғни, оқушылар жұпта 1жоғары,1 төмен дәрежелі сұрақ қойып , оған жауап беру керек.Міне, осы кезде оқушылардың барлығы да жоғары дәрежелі сұрақ қоя білуді үйренді. Мен осы тапсырмада оқушыларымды сыни ойлауға жетеледім. Өйткені оқушы сыни ойлау арқылы сұрақ қоя алады, және осындай дәрежеде құрылған сұраққа жауап бере алады. Сұрақ-жауап әдісі кезінде Н атты оқушым « Көктем мезгілі саған несімен ұнайды?» деген сұрақты өз жұбына қойған болатын. Осы кезде ол оқушы менің туған күнім көктемде деп жауап берді.Мүмкін бұл сұрақ өте жеңіл дейтін болармыз, бірақ біріншіден оқушы бұл сұрақтың мәтіннен болмауы керек екенін біліп тұр, екіншіден ол осы сұрақты қою төңірегінде ойлады және оған жұбының ойын білгісі келді. Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар қоюда кейбір оқушылар мұғалімнен көмек сұрады. Болашақта сұрақ қоюдың техникаларын пайдалану арқылы оқушыларла сыни тұрғысынан ойлау қабілеттері дамуда. Олар сыни тұрғыдан ойлай алып,сұрақты да сыни тұрғыдан қоюды үйренеді.
Сыни тұрғысынан ойлауға оқушыларымды одан әрі жетілдірмек оймен «Ұзынсары » атты келесі сабағымда оқушыларға «Ақылдының алты қалпағы » әдісін алдым. Бұл әдісте « Біз Ұзынсары дәстүрін ұстануымыз керек пе?»,- деген проблемалық сұрақ аясында өз ойларын ортаға салды. Оқушылар қалпақтың түсіне қарай үштікте жұмыстанды да бір оқушы өз ойын дәлелдеді.Сөйтіп ортаға 6 оқушы шығып, қалпақтарын киіп,сол бейнеге еніп, қорғады.Ақ қалпақтағы оқушы Ұзынсарының наурыз тойында асылатын ет екендігін,сонымен көктемде күннің ұзаратының айтып нақты дәлелдерін айтып шықты. Келесі сары қалпақты оқушы Ұзынсары мерекесінің қуаныш сыйлайтыны,қазақтардың ұлттық мейрамы екенін,алда келе жатқан мейрамы екенін керемет көңілді күймен жеткізді. Қара қалпақты киген оқушы Ұзынсары мерекесінің жоғары деңгейде аталып өтілмейтіндігін,бұл дәстүрдің ешқандай пайдасы жоқ екендігін атап өтті.Көк қалпақ киген оқушым алдыңғы айтылған пікірді қорытындылап, Ұзынсарының мереке ретінде қабылдауымыз керек деген қорытындыға келді.Бұл әдісті пайдаланғанда оқушылар өздерін жан-жақты көрсетіп,қызығушылық танытты.Кей оқушы өзінің түстеріне сәйкес ойлар айтпаса да, олар осы сұрақ төңірегінде ойланып, ортаға менің ойым қате емес пе деген күдіктен ада болғаны анық.Яғни, оқушылар өз ойларын маған немесе мұғалімге емес , керісінше құрбыларына айтқаны ұнап отырды.Оқушылардың бойында бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру сияқты қасиеттер дамыды.Мен оқушылардың істегендері мен айтқандарын тыңдай, талдай отырып, оларға жауап берген кезде сабақтағы әдістерді әлі де тиімді пайдалану керек деп ойлаймын.
Нұсқаулықта берілгендей, ұтқырлық пен сыңаржақтылықтың болмауының нышанын өз оқушыларымыздың бойынан көрініс табуын есебімде айрықша айтуға болады. Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді еске ала отырып бақылау, талдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлаудың бұл дағдылары төмендегідей сипатталады: бақылау, талдау, қорытынды интерпретация Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды.[1:49]
Сыни тұрғысынан ойлауға үйренуде көптеген әдіс-тәсілдерді пайдалана бастадым.Мұғалімдердің көпшілігі, өздерінің білімдері мен кәсіби дайындықтарына сәйкес, өздерінің жұмыстары туралы толғаныста болатыны шындық, дегенмен бұл жердегі мақсат- үдерісті жақын бейнелі, жүйелі және басқа адаммен ортақ ету. Дәстүрлі сабақ беруде мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, оқушының өзіне мүмкіндік бере бермейміз, ал жаңа форматты мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді. Ол үшін, алдын ала сабақ жүйелі түрде жоспарлану қажет.
Әрбір жанашыр мұғалім өз сабағында оқушылардың ойын дамыту үшін іздену сұрақтарын бере отырып, ой қозғап сабақтағы өтілетін тақырыпты оқушылармен бірге талдауды қажет деп ойлаймын. Оқушының сыни ойлауын дамытуда қойылатын сұрақтар проблемаларды, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады.
Талдау – бірлескен ізденіс,мұғалімнің оқытудағы, оқушының оқуды игерудегі жетістігі. Ізденіс барысында мұғалім әр оқушының көңіл - күйін бақылауға, ой - пікірін байқауға мүмкіндік алады.Оқушылардың постер қорғауында, «Телефон», «Сұрақ-жауап», «бірлесіп ойлау» әдістерінде, жұмыстың түрлерінде (топтық, жұптық, үштік) оқушылардың тіл байлығының дамығаны, оқушылардың ынтымақтастық атмосферасының қалыптасуына көп көмегін тигізді.
. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттеріндегі ерекшеліктер: ұтқырлық, өзіндік сана- сезім, пайым тәртіп [ 1:53]
«Наурызтойы» сабағымда сынып оқушылары 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. Бұл менің «Наурыз тойы» сабағымда көрініс тапты. 1-топқа- «Наурыз тойына»сипаттама,2-топқа- «Наурыз айында» аталып өтілетін мерекелер туралы, 3-топқа- «Наурыз кезіндегі табиғат өзгерістеріне» сипаттама беру сияқты тапсырмалары тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.Әрбір топ өздеріне берілген тапсырмаларын дәлелдер келтіре отырып, айтып шықты. Мысалы,1-топ Наурыз тойында қазақ халқы қазақтың ұлттық тағамы бауырсақты пісіреді.Бұл күні күн мен түн теңеледі десе,2-топ Халықаралық аналар күні,көрісу айт , наурыз тойы мейрамдарына тоқталып өтті. Соңғы 3-топ Наурыз кезінде жер бетіне көк шығады, мал төлдейді,адамдар жеңіл киіне бастайды деп талдады.
Джигсо стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.
Сын тұрғысынан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті,ақпарат пен идеяның шынайылылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі.Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сын тұрғысынан бағалауды қамтиды.
Сабақта пайдаланған әдістерді зерделей келе, мынадай ой түйдім: оқушылар ақпаратты өз бетінше ұғынады және меңгереді, мәтінмен өз бетінше жеке жұмыс жасау дағдысын жетілдіреді және сыныптастарымен жылы қарым – қатынас жасайды. Сыни тұрғыдан ойлау модулі менің сабағымның тиімділігі мен нәтижелігін, сапасын арттырды. Оқушылар жаңа сабақты өз бетімен түсінді.Сын тұрғыдан ойлауды одан әрі жетілдіру бағытында, күнделікті сабақтарымда осы әдіс-тәсілдерді қолдансам деймін. Өйткені сыни ойлау- оқушылардың өз пікірін дәлелді түрде қорғауға жетелейтін, өзіндік пікірін қалыптастыратын, сөздік қорының дамуына ықпал ететініне сенімім мол. Сондықтан, келешек ұрпақтың жеке тұлғалық сипатын дамытуда, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген сенім қалыптастыруда алар орны ерекше деген пікірге келдім. Сыни тұрғысынан ойлау модулін тәжірибемде қолданған кезде мынандай ой түйдім: оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға,еркін сөйлеуге, ой бөлісуге, шығармашылық қасиеттерін қалыптастыруға, көзқарастарын кеңейтуге, баланың ізденуіне, зерттеуіне үздіксіз жол аша білдім.
Оқушылардың сабаққа деген құлшынысының оянғаны бірін-бірі бағалап, ашық сын айтып, оны көтере білуге үйренуінің өзі – сыни тұрғысынан ойлауға үйретудің бастапқы жолы есептеймін.
1-сурет 2-сурет
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші базалық деңгей. ІІІ басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.
2. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. Үшінші (негізгі) деңгей. ІІІ басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,2012.
|