Пәннің аты:
Қазақ тілі
|
Уақыты:9.20
|
Кабинет: 12
|
Мұғалім: Идришева Г.К.
|
Сабақтың атауы
|
Сөз таптары
|
Мақсаты
|
Сөз таптары,сөз таптарының түрлері туралы оқушылардың білімдерін,ұғымдарын қайталау, бекіту.
Оқушылардың сөздік қорын молайту.Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру,оқу,білімге деген ынталарын арттыру.
Бірлікке,достыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс тәсілдер:түсіндіру,жаттығу,талдау,ойын,топтастыру.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика.
Көрнекіліктер:үлестірмелі материал,деңгейлік тапсырмалар,ойынға арналған карточкалар.
|
Психологиялық ахуал
|
Сабақтың барысы:
Алғашқы ұйымдастыру бөлімі
Амандасу.
Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру
Топқа бөліну. Сөз таптары.
I-топ Зат есім
II-топ Етістік
III-топ Сын есім
IV-топ Сан есім
Сабақ топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылады.Топ басшылары сайланады. Топ ережесі қайталанады.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
Қызығушылық ояту.
|
Ертегі оқу.Ерте,ерте,ертеде біз білмейтін бір елде сөздер өмір сүріпті.Ол ел «Морфология» деп аталыпты.Бір күні кең сарайда өмір сүріп жатқан сөздер бір нәрсеге келісе алмай, «Сен ұзынсың,мен қысқамын,сен көпшілсің,көп мағына бересін,анаумен де ,мынаумен де тіркесесің ,мен бір мағына беріп оқшау жүргенді ұнатамын »-деп кең сарайға бастары симай,айтысып жатады.Мұны естіген хан оларды жинап алып:Сендер,өз мағыналарыңа қарай,жауап беретін сұрақтарыңа,өзіндік ерекшеліктеріңе қарай топқа бөлініңдер,сосын әрқайсысыңды жеке отау етіп, бөлек,бөлек үй қылып қоямын,дейді.Сөйтіп,сөздер өздеріне ұқсас белгілеріне қарай топқа бөлініп,оларға ат беріледі.Осылайша морфология елі,Сөз таптары еліне айналады.Сөз таптарын қайталау.
|
|
Мағынаны тану.
|
Топтарға тапсырма беріледі.
Кластер құрастыру.Әр сөз табы туралы не білеміз?
Жұмыстарын қорғау.
Дәптердің ішінде жұмыс.
Карточкамен жұмыс істеу.
Ойын «Өз сөз табын тап»
Күн, ата,ақ,отыз.көк,екі,жазды,шықты,үлкен,жазушы,келді,қырық,адам,үй.
Оқулықпен жұмыс.
Ойын «Артық сөз»
Әр сөз қатарынан артық сөзді табу.
Көк,он алты,қою,үлкен,дәмді.
Нешеу,жүзінші,жеті,жиырма бес,алты.
Бұлбұл,жел,сатушы,мың,бояу.
Ұшырды,жазды,келмекші,ойланды,аң.
|
Сергіту сәті
|
Соз он қолды он жаққа
Соз сол қолды сол жаққа
Қолды айналдыр бұлданбай
Шеңбер жасап тұрғандай
|
Ой толғаныс
|
Ойын «Сәйкестендіру»
Зат есім әдепті,қызық,қоңыр,қышқыл.
Етістік жеті,тоғыз,жиырма,елу,мың.
Сын есім аққу,емен,оқулық.
Сан есім биледі,өсті,тазалады,ұшты
Тірек схема арқылы жұмбақ шешу.
Көктемде бүршік жарады.
Жазда жасыл,көк.
Күзде сары,қоңыр.
Қыста жоқ. (Жапырақ)
Жапырақ сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.
|
Үй тапсырма
|
Ережелерді қайталау.Оқулықтағы жаттығуларды орындау.
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Кері байланыс
|
Оқушылар өздерінің көңіл күйлерін сурет арқылы көрсетеді.(Күн, бұлт суреттері.)
|
Достарыңызбен бөлісу: |