Бекітемін:
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ахметова Ғ.
Сыныбы: 6 «А»
Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары. Етістік. Тұйық етістік. 1- сабақ.
Сабақтың мақсаты: Етістік, тұйық етістік туралы мәлімет беру. Негізгі етістік пен туынды етістікті ажырата білу.Етістіктерді тұйық етістік формасында жазуды, тұйық етістікті септеуді үйрету. Топтық жұмысты ынтымақтастықта жүргізуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, ізденіс, салыстыру кестесі, сөздікпен жұмыс.
Сабақтың байланысы: орыс тілі.
Сабақтың көрнекілігі: эл. оқулық, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, көңіл – күйлерін сұрау, психологиялық жағымды ахуал тудыру, суреттер арқылы топтарға бөлу.
ІІ Талқылау сұрақтары.
1. Етістік дегеніміз не?
2. Қазақ халқында үй жануарларын қалай атайды?
3. Түйе – байлық, қой – мырзалық, ешкі – жеңілдік, жылқы – сәндік, сиыр – ақтық,- деп неге байланысты айтады?
ІІІ Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
3.1. Жаңа сөздермен таныстыру.
Мырзалық – щедрость
Жеңілдік – легкость
Тайлақ – двухгодовалый верблюжонок
Сәндік – изящество
Ақтық – изобилие
Серке – козел.
3.2. Электронды оқулық арқылы етістік және оның түрлері (негізгі, туынды), тұйық етістік туралы мәлімет беру.
3.3. Топтық жұмыс. Берілген етістіктерді түрлеріне қарай екі бағанға бөліп жазу.
2 жұлдыз, 1 ұсыныс арқылы бағаланады.
Негізгі етістік
|
Туынды етістік
|
Бар, қызық, бағу, көшу, жүр, өт, бөл.
|
Ақта, сана, тіле, тазала, тұзда, ақылдас, қыста.
|
6. Жұптық жұмыс. «Жылқы» мәтініндегі қарамен жазылған етістіктерді үлгі бойынша тұйық етістік формасына айналдыру. Тұйық етістікті септеу. Жұптарда өзара бағаланады.
1. Шыққан – шығу, жоламайды – жоламау, ішпейді – ішпеу, ішеді – ішу, жейді – жеу.
2. Шығу, бару, көшу етістіктерін септеу.
Сергіту сәті.
7. Жеке жұмыс. Өзін – өзі бағалау.
1.Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, көшіріп жазыңдар.
Түліктің пайдасы
Қазақ халқының негіз...і кәсіб... – мал шар...ашылығы. Қаза...станда
... ой, с...ыр, ж...лқы және т...йе өс...ріледі.
Қ...й – өте п...йдалы мал. Қ...йдың ж...нінен неше т...рлі мата тоқ...ды. Қо...дың т...рісінен был...ары жасайды. Ж...лқы – к...лік. Биен...ң с...тінен қым...з ашыт...ды. Т...йенің с...тінен ш...бат аш...тады.
2. «У» дыбысына аяқталған сөздердің бәрі тұйық етістік бола бере ме? Төмендегі сөздердің тұйық етістіктерін бір бөлек, тұйық етістік еместерін бір бөлек жазыңдар.
Ашу, ту, ағу, жу, сау, аққу, шылау, алтау, бау, жау, тау, құлау, бөлу.
Дұрыс жауабы:
Тұйық етістіктер
|
Тұйық емес етістіктер
|
Ашу, ағу, құлау, бөлу.
|
Ту, жу, сау, аққу, шылау, алтау, бау, жау, тау.
|
3. «Қара – тыңда- жаз» әдісі. Оқушыларға үй жануарларының қазақша және орысша атаулары бар бейнежазба көрсетіледі. Оқушылар тыңдап, көріп есте қалған үй жануарларының қазақша атауларын жазып шығады. Бағалау өлшемдері:
25 сөзден асса – 5 ұпай.
20 – 25 - 4 ұпай.
15-20- 3 ұпай.
Жануарлар атаулары: есек, күрке тауық, үйқоян, мысық, мәулен, ит, күшік (итақай), торай, шошқа, қошақан, қой, қошқар, ат (жылқы), құлын,ешкі, лақ, тауық, әтеш, шөже, қаз, бала қаз, үйрек, үйректің балапаны, сиыр, бұзау, бота, түйе. Барлығы: 27.
Қорытындылау.
1. Бүгін не үйрендім?
2. Маған не қиын болды?
3. Неліктен қиын болды?
Бағалау.
Үй тапсырмасы: төрт түлік туралы қосымша мәлімет жазып келу.
Қазалы қаласы
М.Горький атындағы № 16 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Баядилова Гүлжанат Ерсайынқызы.
Достарыңызбен бөлісу: |