Сабақтың барысы: Алғысөз



бет1/4
Дата19.01.2022
өлшемі14,1 Kb.
#129486
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
«Қауіпсіз жол»


Тақырыбы: «Қауіпсіз жол»


Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:


Алғысөз: Сәлеметсіздер ме, қонақтар, ұстаздар, студенттер! Бүгінгі «Қауіпсіз жол» тақырыбында өткізілетін тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Қазіргі таңда елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне адамдар зардап шегуде. Міне, осы мақсатта біз бүгінгі тәрбие сағатымызға Ақтау қаласының ішкі істер басқармасының полиция майоры Абдыжемалов Нұрбек мырзаны шақырып отырмыз.

Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын тақтаға бейнематериалды тамашалайық (Жол ережелері туралы бейнематериал жіберіледі).

Сөз кезегін келген қонағымызға береміз. Яғни, жол ережесін сақтамаған жүргізуші мен жаяу адамдар осы өз қаламызда көп кездесе ме? Оларға қандай шаралар қолданады? Жаңа бейнематериалда көргеніміз туралы өз пікіріңізді айтып өтсеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет