Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесін білесің бе?



Дата04.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#156598
түріСабақ
Байланысты:
Тәрбие сағаты Кулсеитова З.Г
200 ЖАҢА ЕСЕП

14 орта мектеп-гимназиясы




Жолда жүру ережесін білесің бе?








Кулсеитова З.Г


Сабақтың тақырыбы:  Жолда жүру ережесін білесің бе?
Сабақтың мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , слайд, жол ережесіне арналған кітаптар, бейне-ролик.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :
Кіріспе : «Жолда жүру ережесін білесің бе ?» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.
Мұғалім : Ал енді » Жолда жүру ережесін білесің бе ? » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.
Жолда жүру ережелеріне арналған сынып сағатымызды Шөмішбай Сариевтің мына өлең жолдарымен бастаймыз.
Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Алдымен беріледі сәлем деген.
ІІ. Негізгі бөлім:Жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1.Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін.
2.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымға сүйкеп, жол жөнейді.
3.Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген.
4.Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.
5.Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін.


Сілтеме :https://youtu.be/zkDhxZ-HH5A





Жол белгілері туралы бейне-ролик


Сілтеме: https://youtu.be/aPVQ0jrzlZw




Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тіліп алу баршамызға керек.










Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет