Қосарлама қос сөздер
(6-сынып)
Сабақтың мақсаты: оқушыларға қосарлама қос сөздер туралы түсінік беру, оқушыларға қосарлама қос сөздердің жасалу жолдарын ажырата білуге үйрету, жаттығуларды өз беттерінше орындауға ой өрістерін, таным қабілетін арттыру,шығармашылықпен жұмысқа баулу, тілді құрметтеуге, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Түрі: панорамалық сабақ.
Әдісі: дамыта оқыту технологиясы, сұрақ жауап.
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру.
Қызығушылықты ояту. «Сәлеметсіз бе?» ойыны.
Қос сөздер дегеніміз не?
Қос сөздердің неше түрі бар?
Қайталама қос сөздер дегеніміз не?
Қайталама қос сөздердің жасалу жолдары қалай?
Жаңа сабақ.
Екі түбірден жасалған қос сөздерді қосарлама қос сөздер дейді.
Сыңарлары кейде бір тұлғада, кейде
әр түрлі тұлғада қосарланған
сөздер: үгіт-насихат, мәдени-ағарту
м
Қосарлама қос сөздердің құрамы
ағыналары бір-біріне мағыналары бір-біріне
жақын синоним сөздер: қарама-қарсы келетін
әке-шеше, аяқ-табақ сөздер: кәрі-жас
бір сыңары мағыналы, екінші екі сыңары да мағынасыз
сыңары мағынасыз сөздер сөздер қосарланады.
қосарланады: бала-шаға, ығы-жығы, оқта-текте.
жүн-жұқа.
Венн диаграммасы.
«Кімнің ойы ұшқыр?». Сөзжұмбақ шешу.
Ағайын-туыс адамдардың әйелдері.
Ағайын-туыс адамдар ұғымы.
Отбасындағы екі қызды қалай атайды?
Бір атадан тараған көптігін білдіру мақсатында қолданылатын қос сөз.
Отбасындағы ағайынды екі ұлды қос сөзбен қалай атайды?
Бір атадан тараған ұрпақтарды қос сөзбен қалай атайды?
Шығармашылық жұмыс.
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады? Осы табиғатқа байланысты ақын-жазушылардың шығарған өлең-жырлары бар ма? Кімге жылдың қай мезгілі ұнайды, соған байланысты ішіне қос сөздерді қарастыра отырып өздерің өлең, әңгіме жазуға болады немесе ақын-жазушылардың өлеңін жатқа айтып, ішінен қос сөздерді тауып айтасыңдар.
Оқулықпен жұмыс. 93-жаттығу.
Қосарлама қос сөздерді көшіріп жазып, олардың қалай жасалғанын ажырату.
Мақал-мәтелдермен жұмыс.
Келесі орындайтын тапсырмамыз – мақал-мәтелдерді оқи отыра, ішінен қос сөздерді тауып, мағынасын, жасалу жолдарын, тыныс белгісін айқындау.
Тамшыдан тама тама дария болар.
Сыйға сый, сыраға бал.
Әдет әдет емес, жөн әдет.
Білім өнерге сай бол.
Көре көре көсем болады. Сөйлей сөйлей шешен болады.
Ақылың болса арыңды сақта. Ар ұят керек әр уақытта.
Ауыл аймағыңмен, бота тайлағыңмен.
Ата ананың ақылы сайран жатқан жолмен тең.
Жас кәрінің көзі, Кәрі жастың тезі.
Алуан алуан жүйрік бар. Әліне қарай жүгірер.
Оқулықпен жұмыс. 94 – жаттығу.
Семантикалық картамен жұмыс.
Мысалдар
|
Мағыналары бір-біріне жақын сөздер
|
Бір сыңары мағыналы, екіншісі мағынасыз
|
Екі сыңары мағынасыз сөздер
|
Еліктеуіш сөздердің қайталануы
|
Мағыналары қарама-қарсы сөздер
|
анда-санда
|
|
|
|
|
|
алым-берім
|
|
|
|
|
|
жылт-жылт
|
|
|
|
|
|
қазақша-орысша
|
|
|
|
|
|
жігіт-желең
|
|
|
|
|
|
біреу-міреу
|
|
|
|
|
|
некен-саяқ
|
|
|
|
|
|
азық-түлік
|
|
|
|
|
|
сырт-сырт
|
|
|
|
|
|
Зым-зия
|
|
|
|
|
|
шал-кемпір
|
|
|
|
|
|
нану-сену
|
|
|
|
|
|
Сабақ бекіту. Тест сұрақтары.
Екі сыңары да мағынасыз қос сөзді табыңыз.
А) сары-көк; Ә) киім-кешек; Б) оқта-текте;
Сыңарлары синонимдес қос сөздерді табыңыз.
А) адам-кісі; Ә) үлкен-кіші; Б) салдыр-гүлдір;
Қайталама қос сөзді табыңдар.
А) көрші-қолаң; Ә) аппақ-аппақ; Б) ары-бері;
Қос сөзді табыңыз.
А) көктемдегі демалыс; Ә) боранмен айқас; Б) қызылды-жасылды;\
Бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз қос сөзді табыңыз.
А) киім-кешек; Ә) ағалы-інілі; Б) өз-өзіне;
Сыңарлары антонимдес қос сөздерді табыңыз.
А) уақ-түйек; Ә) құрбы-құрдас; Б) ары-бері;
Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөзді табыңдар.
А) быт-шыт, қып-қызыл; Ә) сап-сары; үлкен-кіші; Б) үп-үлкен, жап-жасыл;
Қосарлама қос сөзді табыңдар.
А) зым-зия; Ә) қора-қора; Б) көре-көре;
Еліктеуіш сөзден болған қайталама қос сөзді табыңдар.
А) салдыр-гүлдір; Ә) теп-тегіс; Б) арық-тұрық;
Сыңарлары әр түрлі сөзден болған қосарлама қос сөзді табыңдар.
А) кедей-кепшік; Ә) ғылыми-көпшілік; Б) он-ондап;
Үйге тапсырма: ереже жаттау және 97-жаттығу
Достарыңызбен бөлісу: |