Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,топпен жұмыс пікірлесу,талдау,әңгімелесу,ынталандыру



Дата15.09.2017
өлшемі76,34 Kb.
#32860
түріСабақ
Тақырыбы:Ұшқыр ой мен шешен тіл.

Мақсаты:

  • Білімділік:Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.

  • Дамытушылық:Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.

  • Тәрбиелік: Тапқырлыққа баулып тәрбиелеу.Жылдамдық пен алғырлыққа үйрету.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,топпен жұмыс пікірлесу,талдау,әңгімелесу,ынталандыру.

Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация.

Сабақ түрі: интеллектуалдық ойын-сайыс.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.Сәлеметсіздерме,оқушылар. Сабағымызды бастамастан бұрын сендермен тренинг өткізгім келеді.Тренинг барысы:
«Қол соғыңыздар, егерде …» ойыны


Ойынның тақырыбы мен мақсатымен(слайд)таныстыру.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

Ойын V айналымнан тұрады.



1.Ұшқыр ой

2.Құпия сандық

3.Ойлан тап

4.Айшықты сөздер

5.Білгенге маржан

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.


І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ»
Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз
Көркейтеміз елді біз.

Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.
І -айналым «Ұшқыр ой»
Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек.
«Сұңқар» тобына:
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)
«Тұлпар» тобына:
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)
«Болашақ» тобына:
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
4. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)
5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)
6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)
ІІ айналым «Құпия сандық»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)
1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)
2-топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)
3-топ: Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)
1- топ.Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)
2-топ. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
3-топ. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)
1-топ. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)
2-топ. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)
3-топ. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга).

ІІІ айналым «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 2 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу. (Әр топқа тапсырманы беремін, дайындалуға уақыт беріледі).

1.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
(«Қыс».А.Құнанбаев)

Кел балалар оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықылас пен тоқылық

Оқысаңыз балалар

Шамнан шырақ жағылар.

(«Кел,балалар оқылық» Ы.Алтынсарин)

VI айналым-«Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)
1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Бетінен оты шықты (ұялу)
3. Ит өлген жер (алыс)
1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
3. Таяқсілтемжер (жақын)

Ойынымыздың соңғы айналымы «Білгенге маржан» деп аталады

Бұл айналымда 3 пән беріледі.Оқушылар сол пәндердің біреуін таңдап сұрақтарға жауап береді.

1. Мен бір сан ойладым, оған 30-ды қосқанда 80 шықты. Мен қандай сан ойладым?(50)

2. 1дм - де неше см бар?(10)

3. Бір бала қалаға бара жатыр еді, жолда 3 танысы шықты. Қанша адам қалаға бара жатыр? (1)

4. 5 ондық пен 7 ондықтың арасындағы толық ондық?(60)

5. Туристер 3 адамнан 3 қайыққаотырып, жорыққааттанды. Барлығынешеадамжорыққааттанды?(9)

6. Ұзындығы 2см және 4см тіктөртбұрыштың периметрін тап?(12)

7. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағатойнады. Әрқайсысынешесағаттанойнады?(2)

8. 2 жылда неше ай бар?(24)

9. Екі шеті тұйықталған түзу сызық не деп аталады?   (кесінді)

10. Үстелдің 4 бұрышы бар, бір бұрышын кесіп тастағанда оның неше бұрышы болады?(5)

Дүниетану пәнінен

1. Қай құс ө затын қайталай береді?    (көкек)

2. Құлағы үлкен жануар                (піл)

3. Сезім мүшелерін ата                   (көз, тері, мұрын)

4. Топырақты неден қорғау керек?   ()

5. Киелі құс    (Аққу)

6. Ұша алмайтын құс   (түйеқұс)

7. Өсімдік мүшелерін ата           (тамыр, сабақ, жапырақ)

8. Ауаның ластану себептері    (қоқысқалдықтары)

9. Дәрілік өсімдіктерді ата    (меңдуана, адыраспан)

10. Шөлге шыдамды жануар    (түйе)

Ана тілі және қазақ тілі пәндерінен сұрақтар қойылады.

1. Үш биді ата.

2. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

3. Мәтін түрлерін ата.

4. Ы. Алтынсарин не ашқан?

5. Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар

6. "Ғылым таппай мақтанба " өлеңінің авторы кім?

7. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

8. Сөзт аптарын ата

9. Ертегілердің қандай түрлері бар?

10. Ахмет Байтұрсынов кім?

 Қорытынды: Құрметті оқушылар осымен біздің«Ең ақылды оқушы» интеллектуалды сайысымыз аяқталды.Қатысып, өз бақтарыңызды сыныағандар ыңызға көп рахмет.Алдағы уақытты осындай сайыстардан қалыс қалмай қатысып жүріңіздер.Еліміздің болашағы білімді ұрпағында демекші білімді азамат болып өсіңіздер.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет