Сабақтың күнделікті жоспары Сынып: 7 «а,б» Күні 25. 11 Пәні Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров



Дата06.11.2016
өлшемі65,8 Kb.
#1121
түріСабақ



Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазақ тілі әдістемелік бірлестігінің меңгерушісі

А.П.Байшагирова __________________________

Пән мұғалімі: Мухамбедьярова М.С.



Сабақтың күнделікті жоспары
Сынып: 7 «а,б» Күні 25.11 Пәні__Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров “Домбыра” өлеңі.


Сабақтың мақсаты


  1. Білімділік




  1. Дамытушылық




3.Тәрбиелік




Оқушыларды поэзияны сүюге, ақынның ішкі дүниесінің есігін өз кілтімен ашуға, өлеңнің құпия сырларын ұғуға үйрету.





Өз ұлтының мәдениеті мен өнерін сүюге , қадірлеуге баулу, музыканы тыңдауға, жүрегімен түсініп, оған құштарлығын арттыру.





Өз ұлтының мәдениеті мен өнерін сүюге , қадірлеуге баулу, музыканы тыңдауға, жүрегімен түсініп, оған құштарлығын арттыру.





Сабақтың түрі:

  • Жаңа оқу материалын беру сабағы +

  • Білім, білік, дағдыны қалыптастыру сабағы +

  • Білімдерін жалпылау және жүйелеу, қайталау сабағы

  • Білімдерін бағалау, тексеру және бағыттау сабағы

  • Білім, білік, дағдыны қолдану, аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікіралмасу. Шолу лекция, түсіндіру,әңгімелеу, баяндау

Жаңа технология элементтері: Деңгейлік тапсырмалар орындау.

____________________________________________________________

Сабақтың жабдығы: Кестелер, портреттер, үлестірме қағаздар,видео, слайд+ интерактив. тақта + , электрондық оқулық


Сыныппен жұмыс түрі: даралап, жұппен+, топпен, ұжымдық+
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:
1.Оқушылардың танымдық деңгейін тану мақсатында сұрақтар қою;

2. Проблемалық сұрақтар қою арқылы, ой дамыту стратегиясы.


  1. Сабақтың барысы:





  1. Мақсатымен таныстыру.

Оқушылар бүгін біз Ілияс Жансүгіров ағамыздың творчествосымен кеңірек таныс боламыз. Бүгінгі сабақтың қысқа құрылымын айтып өтейік.

  1. Үйге тапсырма сұрап өтемін «Туған жер» өлеңі.

  2. Жаңа сабақ Ілияс Жансүгіров «Домбыра» өлеңін өтеміз.

  3. Сабағымызды бөлімге бөліп аламыз.




  1. Байланыс

  2. Ізденген жетер мұратқа

  3. Шеберлік

  4. Ой толғау

Сабақ барысында көптеген жұмыс жасаймыз. Еркін отырайық.


Оқушылар , өткен сабақты еске түсірейік. Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңі жаттауға берілген және қысқа шығарма жазып келгенсіздер. Ең бірінші жұмысымыз : қысқаша Қ.Аманжоловтың өмірі мен творчествосы жайлы айтып өтейік. Қасымның өзі жазған толық өмірбаяны жоқ. Тек естеліктерде қысқаша берілген. Өзі туралы өлеңін еске түсірейік(цитатаға тоқталып өтемін).


  1. Творчествосын қысқаша «жылдар сөйлейді» шолуымен бастаймын.

  2. Бейнетаспадан туған жер суреті. Бір оқушы өлеңді жатқа айтады. ---

кіріспе сөз.

Оқушылар әр өз еліне сүйіспеншілігін өлеңге қосады.Қандай ақынның туған жерге арнаған өлеңін оқығаныңда өз еліңді көзіңе елестетесің. Енді «Туған жер» өлеңін жатқа айтамыз. Ал бейнетаспадан өз сүйген жеріміз Бурабайды көреміз. Әдіс:(байланыстыру).



  1. Ал, енді оқушылар Қасым Аманжолов шабытынан туған «Туған жер» өлеңіміз бүгінгі өтілетін «Домбыра» өлеңінің басы. «Туған жер» мен «Домбыра» өлеңдерінде байланыс бар ма? Біздің туған жеріміз кең қазақтың даласы. Домбыра күмбірі даламыздағы сан тарихты жырлайды. (қысқаша кітаптан үзінді оқимын - Қаз.әдебиеті тарихы 540 бет).

Өлең көркем шығарма ол да жанды жаратылыс , оның даусын, үнін естіп, сезініп дәмін татып бүкіл сезім бірлігімен қабылдап тану керек. Міне бүгінгі өтетін «Домбыра» өлеңін біз осылай ұғуымыз керек. Көзімізді жұмамыз, көңілімізбен ұғамыз.


  1. Оқып шығамын(кітапты жапқызамын, үзіліс жасау).

Өлеңді тыңдап отырып , нені елестеттіңдер, не көрдіңдер? Осы сұраққа жауап бермес бұрын өлеңнің бөлімдеріне тақырып қойсақ болар еді.

  1. Қасиетті домбыра – мұғалімнің ойы, мұғалім-оқушы

  2. Сезім пернелері - әр оқушы ашып береді (ауызша жұмыс)

Кейбір оқушылар толықтырады (әдебиет теориясы-теңеу,эпитет)


  1. Бүгінгі сабағымызға тірек болсын, көркейтсін деген мақсатпен және танымдық көзқарасымыз кеңейсін деген мақсатпен ізденуге тапсырма бергенмін. Киелі домбыра жайлы ән,жыр, аңыз жинап келу. Кәне кім ізденді?Қызықты?

  1. «Домбыраның шанағы» жайлы аңыз

ә)Құрманғазы «Қайран шешем» күйінің шығу тарихы

б)Домбыра жайлы айтылған өлең, сөздер айтып өту.(эпиграф, нақыл сөздер).


Мінеки балалар , «ізденген жетер мұратқа» дегендей сахнада шеберліктеріңді көрдік. Домбыраның қасиетін білдік енді. Мынадай топтық жұмыс беремін.
6. 1-топ Көнетоз аспап – Домбыра

2-топ Тіл жеткізбегенді – үн жеткізеді

3-топ Күй құдіреті

4-топ Өнерді сүйген бала қатігез болмайды

(Осы төрт тақырып бойынша сөйлеп, әр топтың оқушысы бірін – бірі толықтырады)

Жақсы, рахмет көп білітіндерің, ізденгендерің көрінді.

Өсірген өнерімді қызыр бабам,

Үніңнен айналайын бұзылмаған.

Киелі пернеңе бір қол соқпасам,

Ішегің жетімсіреп ызыңдаған.

Екі ішекті бірін қатты,

Бірін сәл-сәл кем бұра

Нағыз қазақ, қазақ емес

Нағыз қазақ домбыра.


Балалар, мына екі домбыраға назар аударыңдар: бірі – Жамбылдыкі

екіншісі –Абай атамыздікі (газеттен дерек).

Осы жерде айтылып өтеді: Абайдың домбырасын кезінде сақтап баласы Ақылбай , одан кейін немересі Исрайлдың орталық мұражайына табыстады. Біржан сал Қожағұлұлы домбырасын 1943 ж. әнші-ақынның туыстарынан алған Ә.Бектасов көзінің қарашығындай сақтап мұражайға сыйлаған.


  1. Ал, енді оқушылар домбыра жайлы , күй жайлы ойымызды тереңдеттік , соған байланысты ойымызды нақтылау үшін мына сөздерге мәнін ашатын тірек сөздер табыңдар.

ДОМБЫРА КҮЙ


Сырлы әуен сыр сандық қария жүректің дүрсілі сезім пернесі күмбірлеген
Алтын қазына киелі шежіре көңілдің үні бабамыздың зары

Жақсы, өте дұрыс ,

Құлақтан кіріп бойды алар

Тәтті ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй, - демекші

әнді, күйді сүймейтін қазақ жоқ, сол інжу маржанды бүгінге дейін сақтап келді. Асан қайғының сөзі бар

Су түбінде жатқан тас

Жел толқытса шығады,

Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса шығады. – демекші

8.Ал күй не толқытса шығады? (проблемалық сұрақ)

Өз жауабым (жүрекке қозғау салатын қуаныш, қайғы, ыза, ашу, қиял, арман сезімдері күйді алып келеді).

Күй – жүректің үні, сезімі. Оқушы жауабынан кейін енді балалар бойымызды еркін ұстап көңілімізді мына күйге бұрайық.



  1. Тапсырма: Күйді тыңдап отырып ой-толғау жазу, шағын мәтін жазу. Көңілмен ұғып, қағазға түсіру. Құрманғазы күйі «Адай».

Ал , енді, кім сөйлейді?

Енді, балалар, сабағымызды қорытындылай келе көп нәрсе ұғып, көп нәрсені аштық деп ойлаймын. Маған сұрақтарың бар ма?



Менің сіздерге сұрақтарым бар. (рефлекция әдісі).

  1. Бүгінгі сабақтан нені білдіңдер? Нені үйрендіңдер?

  2. Сабақ ұнады ма? Несімен?

  3. Болашақта не қосар едіңдер?



  1. Оқушыларды бағалау.

  2. Үйге тапсырма.


Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет