Сабақтың мақсаты : халықтың тым ертеден келе жатқан ұлттық тағамымен таныту, оқушылардың сөздік қорын байыту, дұрыс сөйлеуге үйрету



Дата05.06.2017
өлшемі28,42 Kb.
#17659
түріСабақ
Нұрмағамбетова Б.Т.

Ақмола облысы

Есіл ауданының

Курский ауылындағы

орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет

пәнінің мұғалімі

Тәтті бауырсақ

Сабақтың мақсаты: халықтың тым ертеден келе жатқан ұлттық тағамымен таныту, оқушылардың сөздік қорын байыту, дұрыс сөйлеуге үйрету

Әдіс-тәсілдер: оқу,аудару,әңгімелесу,сұрақ-жауап

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту

ІІІ. Бекіту


  1. Ұлттық тағамдарды қайталау (сүттен жасалатын, еттен жасалатын, ұннан жасалатын)

Сүттен жасалатын

Еттен жасалатын

Ұннан жасалатын

  1. Сүт

  2. Қымыз

  3. Шұбат

  4. Ірімшік

  5. Уыз

  6. Май

  7. Балқаймақ

  1. Қазақша ет

  2. Шұжық

  3. Қуырдақ

  4. Қазы, қарта

  5. Сүр ет

  6. Бүрме

  7. кеспе

  1. нан

  2. шелпек

  3. таба нан

  4. күлше

  5. төңкерме

  6. бауырсақ

  7. құймақ



  1. Сөздікпен жұмыс

Ашытқы-дрожжи

Жұмыртқа – яйцо

Қуыру – жарить

Өсімдік май – растительное масло ұн- мука

Күлше – лепешка қасық – ложка

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқу

2-тапсырма. Керекті әріптерін қойып жазу


  1. Күлше – наннан жасалатын тағам

  2. Кей жерде тоқаш деп атайды

  3. Оны қамырды қатты илеп, домалақтап қызуы мол қоламтаға көмеді

  4. Ол 15-20 минутта пісіп шығады

  5. « Күлшелі бала сүйкімді» деген мәтел осыдан шыққан

3-тапсырма. Мәтінмен жұмыс (оқу, аудару, тапсырмаларды орындау)

Бауырсақ

Қазақтың ұлттық тағамының бірі-бауырсақ. Ұңға жұмыртқа, ашытқы, су, сүт, маргарин, тұз, қосады. Ыстық майға пісіреді. Оның көлемі домалақ немесе ұзынша болады. Бауырсақ дәмді, тәтті тағам.

Тапсырмалар: (1 қатарға)



  1. Зат есімдерді теріп жазу

  2. «Бауырсақ» деген зат есімді септеу

  3. «Пісір» деген етістікті жіктеу

Ойын. (берілген сөздерден жаңа сөздер жасап жазу)

Айналайын, жарылқасын

( 2 қатарға)


  1. Сын есімдерді теріп жазу

  2. «Ұн» деген зат есімді септеу

  3. «Наубайшы» деген зат есімді жіктеу

4-тапсырма. Берілген аралас сөздерден сөйлем құрау

  1. Жасайды / әр /бауырсақты / жерде / әртүрлі.

  2. Ашыған сүт / сондай-ақ / қант қосады.

  3. Асы /қазақ / басты / бауырсақ / халқының.

  4. Шелпек / таба нан / ұннан / бауырсақ / тағамдар / жасалатын.

5-тапсырма. Тыйым сөздерді жазып, есте сақтаңдар!

. Нанды жерге тастама, үстіне басқа зат қойма.

. Нанды бір қолмен үзбе.

. Таңертең нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды.

. Жерге ақ төгілсе, оны басуға, аттауға болмайды.

6-тапсырма. Мәтінді түсініп оқу. Мәтінге ат қою.



Бекіту.

. Мәтін не туралы?

. Бауырсақ қандай ас?

. Ол қалай дайындалады?

. Қазақ халқының дәстүрі бойынша дастарқанға ең алдымен не қойылады?

І\/. Сабақты қорытындылау. Бағалау.



\/. Үй тапсырмасы. Жаңа сөздермен сөйлем құру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет