Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік



Дата05.01.2017
өлшемі47,6 Kb.
#6357
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік:

Сан есім туралы оқушы ұғымын кеңейту,теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгеру, есептік, реттік, дара,  күрделі түрлеріне ажырату.



2) Дамытушылық:

Ой – өрісін кеңейту, танымын арттыра отырып, жылдам ойлауға, пікірін жеткізе алуға, дұрыс шешім қабылдай білуге бағыттау, өз ойын дәлелдей алуға мүмкіндік туғызу.



3) Тәрбиелік:

Балаларды бірлікке, ұйымшылдыққа, ынтымақ пен бірлікке, жолдастыққа, көмек көрсетуге баулу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: пысықтау сабақ

Сабақтың әдісі:  ауызша сөйлеу, сұрақ-жауап, әңгіме құру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

  • Бүгін қай күн?

  • Аптаның нешінші күні?

  • Қай ай?

  • Сәуір нешінші ай?

  • Қай мезгіл?

  • Ауа – райы қандай?

  • Ал сендердің көңіл – күйлерің қалай?

Ендеше бүгінгі сабағымызды да осындай көтеріңкі көңіл күйде өткізейік.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген 2 – жаттығу тексеріледі. Сурет бойынша жазып келген әңгімелері оқылады. Сан есімдерді тауып, сұрақ қояды.

  1. Жаңа сабақ.

Қызығушылықтарын арттыру.

Әртүрлі сандарды қиып беремін. Оны құрастырады. (жұппен жұмыс жасайды) Сол сандар бойынша бірнеше сұрақтар қойылады.



  • Бұлар нелер?

  • Сендерде қандай сан шықты?

  • Ол неше таңбалы сан?

  • Осы санның көршілерін ата.

  • Мен сендерге неліктен сандар бердім деп ойлайсыңдар?

  • Сан есім дегеніміз не?

  • Сан есімнің сұрақтарын кім атайды?

  • Сан есімдердің қандай түрлерін білесіңдер?

Есептік сан есімге мысалдар келтіреді, оны келесі оқушы реттік сан есімге айналдырады.

(бір – бірінші, он, - оныншы т.б.)



Дәптермен жұмыс.

Дәптерді ашып, бүгінгі күн жазылады.

Көркем жазу жұмысы орындалады.

Т т әріпі, төрт, тоғыз сөздері жазылады.

Осы сөздерге ауызша дыбыстық талдау жасатамын.

Сөздік диктанты жазылады.

Он, жиырма, елу, тоқсан, оныншы, жетінші, отыз бес, жиырма үш.

Жазып болған тақтадан дұрыс нұсқасы көрсетіледі. Оқушылар бірін – бірі тексереді.



Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

Берілген сөздердің ішінен сан есімдерді теріп жазады. Сан есімдерді қатыстырып, ауызша сөйлемдер құрастырылады.


2-жаттығу. Ауызша орындалады.
Сергіту сәті.
3-жаттығу. Жұмбақ оқылады. Шешуін табады. Көшіріп, сан есімдердің астын сызады.
5-жаттығу. Тақтадан ребус көрсетіледі. Қай оқушы жылдам ойланып, шешімін табатынын анықтаймыз. Ребустың шешуі «Жетісу» туралы слайд көрсетіліп, қысқаша мағлұмат беріледі. «Жетісу» сөзі неліктен бас әріппен жазылғаны, қай сөз табына жататыны сұралады.

Жетісу жері Алматы облысының аумағы. Ол көп ғасырлық тарихы бар, өте әсем және ғажайып өлке. Жетісу атын құрайтын 7 өзен бар. Олар: Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендері.

Әр түрлі мағынадағы мынадай төрт сөз беріледі. Тоғыз, ата, аула, сөмке. Осы сөздерді қатыстырып, ауызша бінеше сөйлемнен тұратын шағын әңгіме құрайды.


«Бәйге» ойыны ойналады.
Сан есімі бар мақал – мәтел айтылады. Бір-екеуіне тоқталып, мағынасын ашады.
Қасиетті сандар туралы айтылады.



  1. Қорытынды.

Сан есімге байланысты 5 сұрақтан тұратын шағын тест алынады.


  1. Үйге тапсырма.

191 – бет. 4 – жаттығу. Түсіндіріледі.


  1. Бағалау.

Екі қатардың жұмыстары қорытындыланады. Оқушылар жеке бағаланады.

Солтүстік Қазақстан облысы



Жамбыл ауданы
Ульгоның орта мектебі
Ашық сабақ

Қазақ тілі
Тақырыбы: «Сан есім»

2-сынып


Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі

Мунайдарова Аяужан Балтабаевна

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет