Сабақтың мақсаты: а Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін сөйлеу мәденеиетін арттыру



бет1/21
Дата27.12.2016
өлшемі4,23 Mb.
#6006
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Cабақтың тақырыбы: сан есім

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәденеиетін арттыру.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу.

б) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздену

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану: Алтау ала болса ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса,төбедегі келеді.



Пәнаралық байланыс: математика,әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген тапсырманы тексеремін.Кеспе қағаздарды үлестіріп,жауап талап етемін.

1.Сан есім дегеніміз не?

2.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

3.Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

4.Дара сан есім дегеніміз не?

5.Күрделі сан есім дегеніміз не?

6.Есептік сан есім дегеніміз не?

7.Реттік сан есім қандай сұраққа жауап береді?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Топтау сан есімдер заттың санын жекелеп емес,топтап көрсетеді де,нешеден? Қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс есептік жалғауы жалғану арқылы жасалады.Мысалы: екіден,жүзден,қырық-елуден,он-оннан,бес-алтыдан,үшеу-үшеуден т.б. Сөйтіп топтау сан есімдер дара түрде де(бестен,оннан т.б.) күрделі түрде де(жиырма бестен т.б.) қосарланған түрде де(укі-екіден,он-он бестен т.б.) қолданылады.



Кітаппен жұмыс: 172-жаттығу. Берілген ессептік сан есімдерден топтау сан есімдерін жасап,оларды сөзбен жазады . 3,5,8,10,6,2,40,70,80,100,1000.

Топпен жұмыс:Сөзбен берілген есептік сан есімдерден реттік,болжалдық және топтау сан есімдерін жасап жазады.

Екеуара жұмыс: Дәптерлеріне құрамында сан есімі бар мақал-мәтелдер жазғызамын.

Мысалы: Білекті бірді жығады

Білімді мыңды жығады
Білімді бекіту: 1. Топтау сан есім дегеніміз не?

2: Қандай сұрақтарға жауап береді?

3.Есептік сан есімнен қандай айырмашылығы бар?

4.Жинақтық сан есімнің айырмашылығы неде?

5.Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарады?
Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма:174-жаттығу.Сөйлемдерді жазып, сан есімдерді мағыналық түрлеріне,жасалу жолына қарай ажыратып жазып келуге беремін.

6 - сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Бөлшектік сан есім.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді сүюге, ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру, соған дәріптеу..

ә) Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық ,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты, ұқыпты жазуға дағдыландыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика элементтерін қолдану: Өтініш біреу, ой тоқсан

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу оқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына назар аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау.
Үйге берілген жаттығуды текеремін.
1.Сан есім дегеніміз не? 2.Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

3.Дара сан есім дегеніміз не? 4. Күрделі сан есім дегеніміз не?

5.Есептік сан есім дегеніміз не? 6.Топтау сан есім қандай сұраққа жауап береді?

7.Жинақтық сан есім қандай жұрнақтар арқылы жалғанады?

8.Болжалдық сан есім қандай жолдармен жасалады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдіреді.Бөлшектік сан есімдер,жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады.Жай бөлшек сандар екі есептік сан есімнің бөлімі шығыс я ілік септікте алымы тәуелдік тұлғада жұмсалады,кейде тәуелдік жалғауы түсіріліп те айтылады.Мысалы: екіден бірін ал, үштің бірі, онның екісі немесе оннан екі т.б. Сол сияқты бөлшектік сан есімдер есептік сан есімге жарты,жарым,ширек сөздері тіркесіп келіп те жасалады. Мысалы: екі жарым,үш ширек.Ондық бөлшектік сан есімнің бөлімі ондық,жүздік, мыңдық сияқты болып жасалады.Мысалы:екі бүтін үш ондық немесе екі бүтін оннан үш ( 12,3 ) бес бүтін төрт жүздік немесе бес бүтін жүзден төрт (15,04)
Кітаппен жұмыс: 176-жаттығу, Цифрмен берілген бөлшектік сан есімдерді сөзбен жазады.

76,02, т.б.


Бүкіл оқушылармен жұмыс:Құрамында сан есімі барн шағын мәтін жазғызамын.
Білімді бекіту: Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын,

түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
1.Есептік сан есім дегеніміз не? 2.Бөлшектік сан есім дегеніміз не?

3.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

4.Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап,сабаққа белсенді қатысып отырып оқушыларды бағалаймын.
Үйге тапсырма: 177- жаттығу. Сөйлемдерді жазып, құрамындағы сан есімдерді мағыналық түріне қарай ажыратып келуге беремін.


6 - сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Есімдік
Сабақтың мақсаты :
а) Есімдіктің сөз табы ретіндегі ерекшелігін оның есім сөздермен байланысын түсіндіру

ә) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына, ана тілімізді сүюге, ана тілін аяққа баспай мәртебесін биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу.

б) Оқушыладың бойына әдептілік, инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,ойын түрінде

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика элементтерін қолдану : мақал-мәтелдер, нақыл сөздер

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі

:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру,сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау.
1. Біздің өткен әр сабағымыз – қуаныш,әр қуанышқа кеңпейіл халқымыз шашу шашқан. Шашу – тіптен ,береке. Ендеше біз де сендердің нұрлы келешектеріңе қуаныш тілеп,шашу шашайық (шашу «кәмпит» шашылады.Сұраққа дұрыс жауап берген оқушы,шашудан ауыз тиген болып есептеледі)
а) Қандай сөз табын сан есім дейміз?

ә) Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

б) Сан есімнің мағыналық түрлерін ата.

в) Сан есімнің емлесі.

г) Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарады ?
2. Сынып оқушылары «Алғырлар» мен «Тапқырлар» атты екі топқа бөлінеді де, «Қыз бен жігіт» айтысы өткізіледі.

Екі топ алдын ала бірнеше сұрақ әзірлеп, қима қағаздарға жазып, аударып тізіп қояды. Бір топтан қыз екінші топтан жігіт шығып,қыз жігіт жағынан,жігіт қыз жақтан сұрақ алып, тез арада жауап беруі шарт. Ұпай саны есептелініп отырады.



( Үш реттен жұптасып айтысады)
Жігіт: а) 2002 жыл – Денсаулықты сақтау жылы болып белгіленді ( қатесі бар ма? )

ә) 12 түйе,10 жылқы,9сиыр,5 тоқты ( шешуі не? )


Қыз : а) Оң оқыса да,теріс оқыса да бірдей мағынада айтылатын қай сан есім ?

ә) Жігіттің неше жұрты бар? Атап бер.


Жігіт: а)Жетіге дейін ғана санайтын қай сан есім ?

ә) Қазақтың ұлттық ойын түрлерін ата.


Қыз: а) Қырықтарда, үш- үштен, екеу, жүзден бір сан есімдерін мағынасына қарай ажырат

ә) Қыз тәрбиесіне байланысты қандай мақал-мәтел білесің? ( 14-5 мақал айту керек)


Қай жақтың жауабы кешіксе, сол жақтың қызы немесе жігіті жеңіледі.
Одан кейін «Бәйге» ойыны ұйымдастырылады

«Алғырлар» тобы құрамында сан есімі бар мақал,

«Тапқырлар» тобы құрамында сан есімі бар жұмбақтар айтып жарысады.

1. Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.
1. Бес ін,бес іннің аузы бір ін ( бес саусақты қолғап )
2. Ұлға отыз үйден тыю,

Қызға қырық үйден тыю.


2. Екеуі қарауыл қарап тұр,

Төртеуі ұйықтап жатыр ( Түйенің екі өркеші,аяғы және кү.йсегені )
3. Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.


3. Екі достың бірі ыңғайлы,

Біреуінің ебі жоқ.

Екеуін де бірдей көрем,

Маған артық кемі жоқ. ( оң қол мен сол қол )


Қай топ тосылып қалса,аты бәйгеден қалған болып есептеледі.
б) Жаңа сабақты түсіндіру
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар.Оның тәтті оралған мәні оятар (Абай) деген сөйлемде оның деген сөз өлеңнің бірінші жолындағы ән деген зат есімнің орнына қолданылған.

Бір шалдың төрт ұлы болыпты.Бірде шал сол ұлдарын жинапты.(ертегіден) деген сөйлемдерде сол сөзі төрт деген сан есімнің орнына қолданылған: төрт ұлын жинапты.

Кімді айтса ,сол келер (мәтел) деген сөйлемде сол сөзі кім дегеннің орнына жұмсалған да, кім дегеннің өзі адам ұғымы атауының орнына қолданылған.

Сөйтіп есімдіктер, есім сөздердің ( зат есім,сын есім, сан есімнің ) атын да, белгісін де, санын да атамай, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де,солардың орнына қолданылады. Сондықтан да кейде есімдіктерді орынбасар сөздер деп те атайды.


Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1.жіктеу,2.сілтеу,3.сұрау, 4.өздік ,5.жалпылау 6.болымсыз.
Кітаппен жұмыс:192-жаттығу. Мәтінді жазып,сөйлемдегі есімдіктер қандай сөздердің орнына жұмсалып тұрғанын айтады.
Білімді бекіту: 1. Есімдік дегеніміз не? 2. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді? 3.Есімдіктер қай есім сөздердің орнына жұмсалады?
Бағалау: Жеңімпаз топ пен оқушылардың білім деңгейін ұпай санымен белгілей отырып,оқушылардың білімі бағаланады.
Үйге тапсырма : 193- жаттығу. Көшіріп жазып, есімдіктердің астын сызып келуге беремін.
6 - сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Жіктеу есімдігі
Сабақтың мақсаты :

а) Жіктеу есімдігі туралы түсінік беру

ә) есімдіктердің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып,тілдік эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу,ұжымдық жұмы жасау барысында адамдық қасиеттерін дмыту.

б) Оқушылардың белсенді ойлау қызметтрін жандандырып,сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тіл дамыту,ой қорыту

Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

Элементтерін қолдану: Талапты ерге нұр жауар

Пәнаралық байланыс: Әдебиет,орыс тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін

1.Есімдік дегеніміз не? 2.Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді? 3.Тіл білімі неше салаға бөлінеді?

4.Морфология нені зерттейді? 5.Синтаксис нені зерттейді? 6. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Белгілі бір заттық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады.

Жіктеу есімдіктері мен,сен, сіз,ол, біз,(біздер),сендер,сіздер, олар.Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар.

Олар мынадай:



Жақ Жекеше түрі Көпше түрі

1: мен біз,біздер

2. сен (анайы) сендер (анайы)

Сіз (сыпайы) сіздер (сыпайы)

3. ол олар

Бірінші жақ- айтушы,сөйлеуші жақ, Екінші жақ –тыңдаушы жақ.Бұлар –адмға байланысты атаулар,сордықтан кім? деген сұраққа жауап береді.

Үшінші жақ бөгде жақ.Ол адамға,адамнан басқа да затқабайланысты бола береді. Сондықтан кім? немесе не?деген сұраққа жауап береді.мыс: Бір ағашта екі алма,мен(кім?) де алмаймын, сен(кім?)де алма.
Кітаппен жұиыс: 193-жаттығу. Сөйлемдерді жазып,жіктеу есімдіктерін табады.
Екеуара жұмыс: Екі оқушыға шағын мәтінді беріп,жіктеу есімдіктерін теріп жазып,қай септікте тұрғанын көрсетеді.
Білімді бекіту: 1.Есімдік дегеніміз не?

2. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

3. Жіктеу есімдігі дегеніміз не?
Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау: Оқушылардың білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 195-жаттығу. Көшіріп жазып,жіктеу есімдіктерінің астын сызып, қай жақта, қай септікте тұрғанын айтуға беремін.

6 - сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің емлесі
Сабақтың мақсаты:

а) Күрделі сан есімнің жазылуы; әр сыңары бөлек ,цифрмен жазылғанда дефистің қойылу мәселелерін түсіндіру.

ә) Сөйлеу тілін, сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға, көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру

б) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, щған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: плакат , кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Мың кісінің түрін білгенше

элементтерін қолдану: бір кісінің атын біл

Пәнаралық байланыс: математика,әдебиет.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Сан есімді қалай меңгергенін білу үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Сан есім дегеніміз не? 2.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

3.Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? 4. Есептік сан есім дегеніміз не?

5. Реттік сан есім дегеніміз не? 6.Жинақтық сан есім қандай сұраққа жауап береді?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:

1) Күрделісан есімнің әр сыңары бөлек жазылады. Мыс: жүзбір, жиырма бесінші.

2) Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис арқылы жазылады.мыс: Ол 25-ке толды.

3) Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе,-ыншы, - інші, - нші, -ншы, жұрнағының орнына дефис ( - ) жазылады да, рим цифрымен берілсе, дефис қойылмайды.мыс: 5-сынып,23-қаңтар, ІІІ том т.б.

Күн;жыл аттарымен тіркеліп келген сан есімдер араб цифрымен берілмесе де,дефис қойылмайды. Мыс:2010 жыл, 7 қазан.

4) Екі,алты, жеті деген сандарға болжалдық сан есімнің -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда түбірдің соңындағы қысаң ы, і дыбыстары түсіп қалады.мыс: екі-екеу, алты- алтау.

5) Болжалдық сан есімдер цифрмен жазылғанда, оларға жалғанатын қосымшалар дефис арқылы жазылады.мыс: 100-деген, 1000-даған.
кітаппен жұмыс: 178-жаттығу. Өлең жолдарын оқып, септеліп тұрған сан есімдерді мағыналық жағынан ажыратып, оларды қай септікте тұрғанын айтады.
Бүкіл оқушылармен жұмыс:Мына сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрайды.

Екі-екіден, бес-бестен,он-жиырмадан, отызға жуық,0, 5, оныншы, жетеу.


Білімді бекіту: 1. Күрделі сан есімдер қалай жазылады?

2.Рим цифрымен берілген сан есімнен кейін реттік сан қалай жазылады?


Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады
Үйге тапсырма: 181-жаттығу. Мәтінді жазып, сан есімдерге толық талдау жасап келуге беремін.

6 - сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы : Сілтеу есімдігі

Сабақтың мақсаты:

а) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру.Сөйлеу тілін жетілдіре отырып,шешендік өнерге баулу.

ә) Оқушылардың ойын кеңейтіп, тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мен мақал-мәтелдер,нақыл сөздер үйрену.

Б) Оқушылардың бойына әдептілік, инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Дос жылатып айтады,

элементтерін қолдану: Дұшпан күлдіріп айтады.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу


ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген тапсырманы тексеремін.

1.Есімдік дегеніміз не?

2.Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

3.Жіктеу есімдігі дегеніміз не?

4. Неше жақта жіктеледі?

5. Үшінші жақтағы жіктеу есімдігі қандай сұраққа жауап береді?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сілтеу есімдіктері мегзеу,нұсқау,көрсету мағыналарын білдіреді.Сілтеу есімдіктеріне бұл,сол,ол,осы,осынау,сонау,анау,ана,мына, мынау,әне,міне деген сөздер жатады.

Әдетте сілтеу есімдіктері сілтеу,мегзеу орнына жұмсалып,қай?деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарып тұрады.

Мысалы: Самғай бер асқардан асқарға мынау қырандай. Бұл ұрыста біз жеңеміз.
Кітаппен жұмыс: 196- жаттығу. Мәтіннен,жіктеу, сілтеу есімдіктерін тауып береді.
Бүкіл оқушылармен жұмыс: Оқушыларға кез-келген тақырыпқа мәтін жазғызамын.Мәтіннің ішінде сілтеу,жіктеу есімдігі болу керек.
Екеуара жұмыс:Екі оқушыға сөйлемдер беріп, фонетикалық талдау жүргіземін
Білімді бекіту: 1.Сілтеу есімдігі дегеніміз не?

2.Жіктеу есімдігі дегеніміз не?

3.Есімдік дегеніміз не?

4. Жіктеу есімдігі неше жақта жіктеледі?
Бағалау: Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады
Үйге тапсырма:Үйге «Менің борышым» атты тақырыпта шағын шығарма жазып келуге беремін.

6 - сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық,жылдамдық,есте сақтау қабілеттерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп,шешендік өнерге баулу.

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу


Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар

Халықтық педагогика Алтау ала болса ауыздағы кетер

элементтерін қолдану: Төртеу түгел болса төбедегі келер

Пәнаралық байланыс: математика,әдебиет.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, тексеру. Оқушылардың зуйінін сабаққа аудару

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздар үлестіріп,жауап талап етемін



  1. Сан есім дегеніміз не?

  2. Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді.?

  3. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

  4. Есептік сан есім дегеніміз не?

  5. Реттік сан есім қандай жұрнақтар арқылы жалғанады?


б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Сынып оқушылары « Алғырлар» мен « Тапқырлар» атты екі топқа бөлінеді де, « Қыз бен жігіт» айтысы өткізіледі

Екі топ та алдын ала бірнеше сұрақ әзірлеп,қима қағаздарға жазып,аударып тізіп қояды. Бір топтан қыз, укінші топтан жігіт шығып,Қыз жігіт жағынан,жігіт қыз жағынан сұрақ алып,тез арада жауап беруі шарт. Ұпай саны есептеліп отырады.
Жігіт: а) 2002 жыл – Денсаулықты сақтау жылы болып белгіленді ( қатесі бар ма? )

ә) 12 түйе, 10 жылқы,9 сиыр, 5 тоқты. ( шешуі не? )
Қыз: а) Оң оқыса да, теріс оқыса да бірдей мағынада айтылатын қай сан есім?

ә) Жігіттің неше жұрты бар?
Жігіт: а) Жетіге дейін ғана саналатын қай сан есім?

ә) Қазақтың ұлттық ойын түрлерін ата.
Қыз:: а) Қырықтарда, үш-үштен, екеу, жүзден бір сан сан есімдерін мағынасына қарай ажырат.

ә) Қыз тәрбиесіне байланысты қандай мақал-мәтел білесің?

Қай жақтың жауабы кешіксе, сол жақтың қызы немесе жігіті жеңіледі.

Білімді бекіту: сабақтың соңынан « Бәге» ойыны ұйымдастырылады

« Алғырлар» тобы құрамында сан есімі бар мақал, «Тапқырлар» тобы құрамында сан есімі бар жұмбақ айтып жарысады.
Қай топ тосылып қалса,аты бәйгеден қалған болып есептеледі.

Бағалау:Жеңімпаз топ пен оқушылардың білім деңгейін ұпай санымен белгілей отырып,оқушылардың білімі бағаланады.
Үйге тапсырма: Сан есімнің мағыналық түрлеріне мысалдар жазып,құрамына қарай талдап келу.

6 - сынып Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сұрау есімдігі
Сабақтың мақсаты :

а) Сұрау есімдіктерінің басқа сөз таптарына қатыстылығын, сұрау есімдіктерінің түрленетіндігін түсіндіру

б) Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету.

в) Оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар

Халықтық педагогика

элементтерін қолдану: мақал-мәтелдер

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелшдеу,оқу құралдарын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау.

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

1.Есімдік дегеніміз не?

2. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

3.Жіктеу есімдігі дегеніміз не?

4.Жіктеу есімдігі неше жақта жіктеледі?

5.Сілтеу есімдігі дегеніміз не?

6.Сілтеу есімдіктерін ата.

Мыныа сөйлемдердің ішінен жіктеу, сілтеу есімдіктерін тап.



  1. Ол қайтып оралмады.

  2. Оның ішінде қарлығаштар да бар еді.

  3. Ол ұядан он алты балапан ұшырды.

  4. Анау Абай ағаға жүгінемін.

  5. Мұнан басқа сөз айтып та үлгерген жоқ.

  6. Күлтайдың баяғы оқыған ағасы осы ауылға қызметке келді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет