Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Санай біл» тарауы бойынша өтілген материалдарды
пысықтау, бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, қазақша сөйлеу
дағдысын жетілдіру.
Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Бос уақытында пайдалы істермен айналысу жайлы
тәрбиелік әңгіме жүргізу.
Сабақтың түрі: Ойын түріндегі қайталау сабағы.
Сабақтың көрнекіліктері: Слайдтар, сағаттың макеті, доп, қиықша қағаздар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 40-бет, 1-жаттығу. Сурет бойынша
сөйлемдер құрау
ІІІ. Негізгі кезең:
Балалар біз сендермен «Санай біл» тарауы бойынша «Қанша?», «Неше?», «Нешінші?», «Қаншада?», «Сағат неше?» тақырыптарын өткенбіз. Олай болса қызықты тапсырмаларды орындау арқылы осы тақырыптарды пысықтайық.
1 «Нешінші?» -ыншы, -інші, -ншы, -нші
Отырған бетте орындарыңнан ретімен санаймыз (бірінші, екінші...)
2 «Сен неше жастасың?» деген сұрақты мұғалім допты лақтыра отырып
оқушылардан сұрап шығады.
3 «Сөзжұмбақ» (слайд арқылы көрсетіледі) дәптерге жазбаша орындалады.
Т10, 100ім, 1лік, с2р, к3ік, 5ік, 6н, қ10
4 «Сағат неше?» мұғалім сағаттың макеті арқылы уақытты көрсетеді, оқушылар
жауап береді.
ІV. Сабақты бекіту:
Бұл бөлімде тарау бойынша қорытынды ретінде «Тапқырларға тапсырма»
сайысы өткізіледі. Сыныптан 6 оқушы шығады, сұраққа дұрыс жауап берген
оқушыға қиықша қағаз таратылады. Ұпай саны қиықша бойынша есептеледі.
1 Слайдтан жыл мезгілдерін дұрыс табу керек. (Слайд №3-10)
2 «Адасқан әріптер» Әр оқушы бір сөзден оқиды (Слайд №11-12)
3 «Полиглот» (Слайд №13-15)
4 «Кімнің жұмысы қайда?» (Слайд № 16)
5 “Тапқыр болсаң,тауып көр” (Слайд № 17-21)
6 «Ойынға әркімнің ақ бар таласы» көрермендермен ойын. (Слайд №22-24)
V. Сабақты қорытындылау:
Оқушылардың жинаған ұпайларын санау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру:
31 – 41 беттердегі сөздіктерді қайталау
Қазақ тілі пәні бойынша өткізілген «Тапқырларға тапсырма» сайысы.
Мақсаты:
• Оқушылардың қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру.
• Қазақ тілін оқуға ынталандыру.
• Оқушылардың логикалық ойлауы мен өзіндік түйін жасау, ой қорыту
дағдыларын дамыту.
• Оқушыларды өз беттерімен ізденіп, оқуға тәрбиелеу.
• Қазақ тілі бойынша алған білімдерін қайталау, жинақтау.
Көрнекілігі: Слайд, жұлдызшалар, тақтайшалар.
Барысы: Жүргізуші:
... Ұл – қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы:
«Сәлем – сөздің анасы» - демекші Армысыздар құрметті көрермендер, ойынға қатысушылар.
Бүгінгі «Тапқырларға тапсырма» сайысын мынандай ұранмен бастағанды жөн көрдік: Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден – ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сайыстың бөлімдері: Слайд № 2
1 Ойнайық та, ойлайық
2 Адасқан әріптер
3 Көп тіл білу – кемеңгерлік
4 Кімнің жұмысы қайда?
5 Тапқыр болсаң тауып көр
6 Ұшқыр ой
7 Ойынға әркімнің ақ бар таласы
(көрермендермен ойын)
І кезең «Ойнайық та, ойлайық»
Тапсырма жыл мезгілдерінен болады. Әр слайд шығар алдында бір жыл мезгілі туралы өлең шумағы оқылады. Қай мезгіл екенін оқушылар табу керек. Слайд № 4-5
Ауыл алды ақша қар,
Ақша қарда топ бала.
Соғып жатыр аққала,
Жалқауы жоқ жұмысқа.
(қыс)
Слайд № 6-7
Тапталады табанға,
Судыр – судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атырап.
(күз)
Слайд № 8-9
Көктен тартып күн нұрын,
Жерден тартып жылылық.
Әнін тыңдап бұлбұлдың.
Бәйшешектер тұр күліп.
(көктем)
Слайд № 10-11
Күн жайдары алақай,
Жатыр жайнап даламыз.
Жүр, қанеки, балақай,
Шомылуға барамыз.
(жаз)
ІІ кезең «Адасқан әріптер».
Әріптердің орындары ауыстырылған бірнеше сөздер беріледі. Сөздерді дұрыс оқу қажет.
к,е,м,п,т,е – (школа, класс)
ш,е,н,е?– (который, сколько)
і,м,д,і,с,к,ө - (растение, тетрадь)
н,қ,а,ы – (писатель, поэт)
кіенкүділ – (оценка, дневник)
а,к,н,і,а,т,х,а,п – (чай, библиотека)
ІІІ кезең «Көп тіл білу – кемеңгерлік».
Экраннан көрсетілген суреттерді қазақша, орысша айту керек.
Слайд № 14-15-16
Елтаңба, ту, аққу, сағат, гүл, доп, қоян, жылқы, жолбарыс, түйенің суреттері көрсетіледі.
ІV кезең «Кімнің жұмысы қайда?»
Экраннан мамандардың суреттері көрсетіледі. Оның кім екенін, қайда жұмыс істейтінін дұрыс айтулары керек.
Слайд № 17
(мұғалім, дәрігер шахтер, даяшы, ұшқыш, шаштараз, аспаздың суреттері)
V кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр»
Знай - біл, Совесть – ар,
Язык - ... Есть - ...
Берег – жаға, Прибавь – қос,
Оценка - ... Друг - ...
Расческа – тарақ, Вода – су,
Урок - ... Флаг - ...
Белка – тиін, Шаг – қадам,
Одежда - ... Человек - ...
VІ кезең «Ұшқыр ой». Берілген сұрақтарға жылдам жауап беру
Слайд № 23-33
Сұрақтар:
1 Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
( 42 әріп )
2 Гректің “тетро” – “төрт бүктелген” деген сөзінен қандай оқу құралының
атауы шыққан ?
(Тетрадь – дәптер)
3 Күнделікке не жазамыз ?
(Сабақ кестесін)
4 Күз айларын атаңыз.
Қыркүйек
Қазан
Қараша
5 “Косуля” жануарының қазақша атауы қандай?
(Елік)
6 “Физическое воспитание” пәнінің қазақша аудармасы қалай болады?
(Дене тәрбиесі)
7 Қазақстанның астанасы қай қала?
(Астана)
8 Бір сағатта неше минут бар?
(60 минут)
9 Қазақ тіліне тән дыбыстарды атаңыз.
( ә,ө,і,ұ,ү,қ,ң,ғ,һ)
10 Қазақстан Республикасының президенті кім?
(Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
VІІ кезең “Ойынға әркімнің ақ бар таласы” (көрермендермен ойын)
Берілген буындардан сөздер құрау керек.
Слайд № 34-36
Қорытындылау: Жеңімпаздарды марапаттау.
Жүргізуші:
Құрметті оқушылар, сайысымызды аяқтай келе қазақ тілінің кемелденіп, көркейе беруіне ат салысыңдар, қазақ тілін оқыңдар дей отырып, сөзімді мына жолдармен аяқтағым келіп тұр:
Барам десең болашаққа
Тіліңді таза сақта....
Тіліңді биіктет,
Өзгеге сүйікті ет!
Достарыңызбен бөлісу: |