Күні: Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Сызба бойынша сөйлемдер құрау.» 222-227-жаттығу. Сабақтың мақсаты:
Білімдік: әр сөздің мағынасы болатындығымен таныстыру, оқушылардың сөйлем және оның тыныс белгілері жайындағы алған ұғымдарын тиянақтау.
Дамытушылық: Дұрыс сөйлеу,сөйлемді дұрыс құрастыра білу қабілеттіліктерін дамыту, сөздердің мағынасын дұрыс ажырата білуге дағдыландыру
Тәрбиелілік: Таза, ұқыпты жазуға тәрбиелеу, сөздік қорларын арттыру
Сабақтың байланысы: ана тілі, бейнелеу.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. А) Психологиялық дайындық.
Балалар сәлемдесу туралы қандай мақал – мәтелдерді білесіңдер? (Сәлем сөздің анасы.Сәлем беру де парыз, сәлем алу да парыз. Алыстан 6 жастағы бала келсе, 60 – тағы қария иіліп сәлем береді.)
Мінеки, балалар, сәлемдесу де әдептіліктің белгісі. Біз сәлемдесу арқылы бір – бірімізге тек жақсылық пен қуаныш сыйлаймыз.
Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып, сәлемдесейік.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
221-жаттығу.»Қысқы ойын» тақырыбына әңгіме құруға берілді.Ереже жаттау.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Тақтамен жұмыс.
«Ойлан тап» ойыны.
Ұяшықтар берілген.Оқушылар қалауы бойынша таңдайды. Әр ұяшықтың соңында сұрақтар бар.
1
2
3
4
5
6
1.Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
2.Сөйлемдегі сөздердің байланысы дегеніміз не?
3. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
4. Лепті сөйлем дегеніміз не?
5.Сөйлем дегеніміз не?
6.Қысқы ойын» тақырыбына жазған әңгімені оқу.
Балалар міне үй тапсырмасын да тексердік. Енді осы тақырыбымызға жаттығулар орындап сызба бойынша сөйлемдер құрайық.