Сабақтың мақсаты: білімділік –Сапарғали Бегалиннің шығармасын оқи отырып,көркем шығарманы талдау арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік



Дата27.02.2020
өлшемі61,5 Kb.
#58555
түріСабақ
Қарағанды облысы Шет ауданы

Қызылқой орта мектебі мемлекеттік коммуналдық мекеме

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мустафина.М.Қ
Сапарғали Бегалин. "Бала Шоқан"

Шоқанға мінездеме.



Сабақтың мақсаты: білімділік –Сапарғали Бегалиннің шығармасын оқи отырып,көркем шығарманы талдау арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Достыққа адал, уәдеге берік болуға, адамгершілікке, бауырмалдыққа баулу.

Дамытушылық: Өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін, ойын дамыту.

Көрнекілігі: слайд арқылы Сапарғали Бегалиннің пікір сөзі, Ш. Уалихановтың өмірбаяны.

Сабақ түрі:білім дағдыларын бекіту.

Әдіс-тәсілдері: сын-тұрғысынан ойлау стратегиялары, сұрақ-жауап, семантикалық карта.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушылармен жүздесіп, амандасу.



Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Армысыздар, балалар,

Дайынбыз ба сабаққа?

Әдебиет – сөз өнері,

Сай келейік талапқа

Бар ма үйден дайындық,

Тапсырамыз дұрыс па?

Оқымасақ, уайым қып,

Тығылмайық қуысқа.

Ойымызды айтайық

Білімімізді байқайық.

Үй тапсырмасын тексеру.

"Бала Шоқан" әңгімесін мазмұндау, ермек саздан,балшықтан мүсіндер жасап келу.



"Ой қозғау". Сапарғали Бегалин кім?

( Слайд арқылы өмірінен қысқаша мәлімет беру)

С.Бегалин 1895 жылы 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Өмір жолын қара жұмысшы болудан бастаған. Кейін халық соты, саяси қызметкер болған. Бірақ нағыз мақсатты жолын жазушылықтан тапқан.

25 дастан, 12 повесть, он шақты драмалық шағын туынды, 50-ге тарта мәтіндерін жазған Сапарғали Бегалин халқына белгілі,білікті жазушы ретінде танылды. 20-дан астам балаларға арналған кітап жазған қаламгер қазақ балалар әдебиетінің негізін жасаушылардың бірі болды. Осындай әңгімелерінің бірі – "Бала Шоқан" әңгімесі.



" Ой түю" стратегиясы. " Бала Шоқан" әңгімесі қалай жазылды? (Слайд арқылы С.Бегалиннің пікірін оқу.)

Әңгімедегі үзінділер бойынша семантикалық картамен жұмыс.



Кейіпкерлер

Шығармадан үзінді.



Шыңғыс

Шоқан

Жақып

Мысық

Анасы

Теңеу

Эпитет

1-.Сен істей ғой, шебер болсан!

 

*

 

 

 

 




2.-Ә, жарайды, бара ғой, екі айтпаған жақсы,-деді.

*

 

 

 

 

 




3.Кездемеден көйлектік шыт жыртып берші...

 

 

 

 

*

 




4. Құйрығын қара, тап иттің құйрығы,-деп сықылықтады.

 

 

*

 

 

 




5.Бауырсақ бересің бе, қант бересің бе?

 

 

 

*

 

 




6.Жолбарыстай, балалардай

 

 

 

 

 

*




7. Кесек денелі

 

 

 

 

 

 

*


ІІІ."Зерделі сұрақ, ұтымды жауап". Сұрақтарға жауап беру.

1.Шоқан мен Мысық қай жерде кездесті?

2. Шоқан Мысықты қайда ертіп келді?

3.Шоқанның үй-іші Мысықты қалай қарсы алды?

4.Мысық нені ермек ететін еді?

5.Шоқан Мысықтың өнерін қалай бағалады?

6. Шоқанның бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?

7. Шоқан қандай бала?

INSERT стратегиясы.

Білемін

Білгім келеді

Мен үшін жаналық

зерттеймін














Жаңа сабақ: Кейіпкерге мінездеме.

Бұл күнде атымәшһүр дана Шоқан,

Өр тұлға, кесек ойлы дара Шоқан.

Қазақтың аспанында жұлдыздай боп,

Жарқырап ағып өткен баба Шоқан.

(Маман Ементаев)

Шоқан кім? Ол туралы не білеміз? (Слайд арқылы өмірінен қысқаша мәлімет беру).
"Топтастыру" сратегиясы.

әдебиетші зерттеуші

тарихшы Шоқан заңгер






жаратылыстанушы саяхатшы

этнограф ғалым

Топтық жұмыс.

Әңгімедегі кейіпкерлерге мінездеме беру.



Кейіпкер

Мінездеме

Шығармада

Шоқан

Қайырымды, әділ,адал, уәдеге берік, өнерді құрметтейді.

Мысықты үйіне әкеліп тамақ береді. Киім береді. Інісінің әділетсіз әрекетіне тоқтам салады.Әкесінен сұранып Мысыққа жолығады. Мысықтың жасаған мүсінін әкесіне көрсетіп, қызығушылық танытады.

Мысық

Өнерлі,зерек

Мүсін жасайды. Көргенін пайымдай алады.

Жақып

Тентек, өнерге деген қызығушылықты танытпайды

Үйіне келген балаға сотқар мінезін көрсетеді. Өнерді тани алмайды.


Кейіпкерге хат жазу.

"Автор орындығы" стратегиясы.
"Ой түйін ".

"Шоқан жайлы лебіздер" (тақтадағы көрнекілік)

Нұрсұлтан Назарбаев:

"Абылай ханның тікелей ұрпағы – Шоқан Уәлихановтың бойында ата-бабаларынан мұра боп қалған аса мол рухани күш-қуат бар еді."



Ғабит Мүсірепов:

" Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел!



Григорий Потанин:

"Өзінің бізден артық білетіндігін, не біздерден білім жағынан жоғарлығын білдіруге тырыспаса да, жолдастардың арасында болатын жай әңгімелердің өзінде-ақ оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын."



Қорытындылау.

INSERT стратегиясы.

Білемін

Білгім келеді

Мен үшін жаналық

зерттеймін


























Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел!  Ғабит Мүсірепов.

Таулар алыстаған сайын биіктей түседі.Шоқан Уәлиханов та уақыт өткен сайын дараланып,биікке өрлеп,туған  халқымен бірге жасауда. Шоқан мұрасы-халық  қазынасы. Шоқан атамыздың рухани қазынасын ұлт игілігіне жарататын болашақ жастары-мына партада отырған сіздерсіздер.


...Мол бақыт күтем, жас ұрпақ,

Сенен жасырман.

Басқаны қайдам?!

Ұлылық күтем өз басым

Басталған мынау бәйтерек жаңа ғасырдан! – деп үкілі үмітпен сіздерге сенім артамын.

ҮІІ.Үйге тапсырма: " Мен таныған Шоқан" тақырыбында ойтолғау жазу .

"Зерттеймін" бағаны бойынша алған тапсырмалармен жұмыс жасау.



Оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет