Сабақ Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу
|
Мектеп: Жарсуат негізгі мектебі
|
Күні: 22.04.2020
|
Мұғалімнің аты-жөні: Сапаргалиев С.А.
|
Сынып: 6
|
Қатысқан оқушы саны:
|
Қатыспаған оқушы саны:
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
6.2.2.16 екі айнымалысы бар теңдеудің анықтамасын және қасиеттерін білу;
|
Сабақтың мақсаты
|
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімін сандар жұбы бойынша табады.
|
Жетістік критерийлері
|
Оқушылар осы тақырып бойынша екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімін табу алгоритмін қалыптастыруы тиіс.
|
Тілдік мақсат
|
Осы тақырыпқа қатысты терминдерді үш тілде меңгереді, қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі әдебиеттердегі материалдарды меңгере алады. Ол үшін мынадай сөздіктер қолданамын.
Қазақша
|
Русский
|
English
|
Сызықтық теңдеу
|
Линейное уравнение
|
Linear equation
|
Теңдеудің түбірі
|
Корень уравнения
|
The root of the equation
|
Айнымалы
|
переменная
|
variable
|
Мәндес теңдеулер
|
Эквивалентные уравнения
|
equivalent equations
|
|
|
|
|
Құндылықтарды дамыту
|
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғырудың 6 негізгі бағыты - бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы,
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Проектор, интернет ресурстары ( презентация), таратпа
материалдар
|
Бастапқы білім
|
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңдері
|
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер
|
Оқыту ресурстары
|
Басы
15 минут
|
Ұйымдастыру сәті. Психологиялық ахуал тудыру (логикалық есеп)
Үй жұмысын тексеру №1220(Проектор арқылы). Оқушылар дәптерлерімен ауысып, бірін-бірі тексереді.
Жаңа тақырыпты меңгеру (Презентация)
Топқа бөлу: «Икс» және «Игрик» топтары
|
Оқулық, Презентация
|
Топпен жұмыс
17 минут
|
1 тапсырма: Оқулықпен жұмыс.
І топ: №1225(1) ІІ топ: №1225 (2)
Дескриптор:
Берілген сандар жұптарын теңдеуге қояды.
Есептеу жүргізеді
Дұрыс шешімін іріктеп алады.
Проекторде дұрыс шешімі көрсетіледі. Топтар бірін-бірі бағалау парақшалары арқылы бағалайды.
Сергіту сәті: (іс-қимыл жаттығуларыә)
2 тапсырма: №1228
І топ: (Х тобы)
1,5х+8у-9=0 және 1,5х=9-8у теңдеулерінің мәндес болатынын дәлелдеңдер ;
ІІ топ: (Y тобы)
3х+6у-2,4=0 және х+2у-0,8=0 теңдеулерінің мәндес болатынын дәлелдеңдер:
Дескриптор: (Х тобы)
Теңдіктің сол жағындағы мүшелерді оң жағына қарама-қарсы таңбамен ауыстырады
Теңдік түрінде жазып, мәндес теңдеулерді көрсетеді.
Дескриптор: (Y тобы)
Бірінші теңдеудің барлық мүшелерін 3-ке бөледі.
Теңдік түрінде жазып, мәндес теңдеулерді көрсетеді.
Проекторде дұрыс шешімі көрсетіледі. Топтар бірін-бірі бағалау парақшалары арқылы бағалайды.
|
Оқулық, презентация, бағалау парағы
|
Соңы
8 минут
|
Сабақты бекіту: Мұғалім тақырып бойынша сұрақтар қояды.
Әрбір оқушыға сабақ бойынша кері байланысты ауызша береді.
Кері байланыс: (Табыс ағашы)
Оқушыларға стикерлер таратылады. Стикерлерді толтырып, табыс ағашына іледі.
Үйге тапсырма: № 1224 (1;2)
|
Үлестірме материалдар, стикерлер
|