Сабақтың мақсаты Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімін сандар жұбы бойынша табады



Дата29.05.2020
өлшемі20,77 Kb.
#71598
түріСабақ
Байланысты:
математика 6 сынып Лессон стади


Сабақ Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Мектеп: Жарсуат негізгі мектебі

Күні: 22.04.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Сапаргалиев С.А.

Сынып: 6

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.2.2.16 екі айнымалысы бар теңдеудің анықтамасын және қасиеттерін білу;

Сабақтың мақсаты

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімін сандар жұбы бойынша табады.

Жетістік критерийлері

Оқушылар осы тақырып бойынша екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімін табу алгоритмін қалыптастыруы тиіс.



Тілдік мақсат

Осы тақырыпқа қатысты терминдерді үш тілде меңгереді, қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі әдебиеттердегі материалдарды меңгере алады. Ол үшін мынадай сөздіктер қолданамын.

Қазақша

Русский

English

Сызықтық теңдеу

Линейное уравнение

Linear equation

Теңдеудің түбірі

Корень уравнения

The root of the equation

Айнымалы

переменная

variable

Мәндес теңдеулер

Эквивалентные уравнения

equivalent equations














Құндылықтарды дамыту

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғырудың 6 негізгі бағыты - бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы,

АКТ қолдану дағдылары

Проектор, интернет ресурстары ( презентация), таратпа

материалдар



Бастапқы білім

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басы

15 минут



Ұйымдастыру сәті. Психологиялық ахуал тудыру (логикалық есеп)

Үй жұмысын тексеру №1220(Проектор арқылы). Оқушылар дәптерлерімен ауысып, бірін-бірі тексереді.

Жаңа тақырыпты меңгеру (Презентация)

Топқа бөлу: «Икс» және «Игрик» топтары

Оқулық, Презентация

Топпен жұмыс

17 минут



1 тапсырма: Оқулықпен жұмыс.

І топ: №1225(1) ІІ топ: №1225 (2)

Дескриптор:


  • Берілген сандар жұптарын теңдеуге қояды.

  • Есептеу жүргізеді

  • Дұрыс шешімін іріктеп алады.

Проекторде дұрыс шешімі көрсетіледі. Топтар бірін-бірі бағалау парақшалары арқылы бағалайды.
Сергіту сәті: (іс-қимыл жаттығуларыә)

2 тапсырма: №1228

І топ: (Х тобы)

1,5х+8у-9=0 және 1,5х=9-8у теңдеулерінің мәндес болатынын дәлелдеңдер ;

ІІ топ: (Y тобы)

3х+6у-2,4=0 және х+2у-0,8=0 теңдеулерінің мәндес болатынын дәлелдеңдер:

Дескриптор: (Х тобы)



  • Теңдіктің сол жағындағы мүшелерді оң жағына қарама-қарсы таңбамен ауыстырады

  • Теңдік түрінде жазып, мәндес теңдеулерді көрсетеді.

Дескриптор: (Y тобы)



  • Бірінші теңдеудің барлық мүшелерін 3-ке бөледі.

  • Теңдік түрінде жазып, мәндес теңдеулерді көрсетеді.

Проекторде дұрыс шешімі көрсетіледі. Топтар бірін-бірі бағалау парақшалары арқылы бағалайды.



Оқулық, презентация, бағалау парағы

Соңы

8 минут



Сабақты бекіту: Мұғалім тақырып бойынша сұрақтар қояды.

Әрбір оқушыға сабақ бойынша кері байланысты ауызша береді.
Кері байланыс: (Табыс ағашы)

Оқушыларға стикерлер таратылады. Стикерлерді толтырып, табыс ағашына іледі.


Үйге тапсырма: № 1224 (1;2)

Үлестірме материалдар, стикерлер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет