Сабақтың мақсаты: Жердегі тіршіліктің дамуының негізгі кезеңдерін оқып білу; Бағалау критериі



бет1/2
Дата08.06.2023
өлшемі7,4 Mb.
#178471
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
10-сабақ. Жердегі тіршіліктің пайда болуы кезеңдері.
Орта топ балаларының білім, білік дағдыларын қалыптастыру
  • Сабақтың мақсаты:
  • Жердегі тіршіліктің дамуының негізгі кезеңдерін оқып білу;
  • Бағалау критериі:
  • - жердегі тіршіліктің даму кезеңдерін анықтайды;
  • -әрбір кезеңдегі тірі ағзалардың пайда болуын сипаттайды.
  • Жерде тіршілік үнемі әртүрлі жағдай әсерінен өзгеріп отырды. Бұл өзгерістер біртіндеп, оларды «геологиялық іздері» бойынша бағалауға болатын өте баяу жүрді. Ғалымдар геохронологиялық шкала құрастырды. Ол ірі климаттық және геологиялық оқиғаларды ескереді және 5 эрадан (заман) тұрады.
  • Ең ежелгісі шамамен 1 млрд. жылға созылған архей эрасы болды. Оның тірі ағзалары алуан түрлі емес және негізінен біржасушалы прокариоттардан тұрды. Бұл эраның басты ерекшелігі тіршіліктің және тірі ағзаның негізгі қасиеттерінің ( өсу, көбею, тұқымқуалаушылық және т.б.) пайда болуы. Осы эрада фотосинтез, гликолиз, ашу, тыныс алу және әртүрлі тірі ағзалар қазір де қолданатын энергия алудың басқа барлық әдістері пайда болды.
  • Екінші және ең ұзақ эра – протерозой, ол 2 млрд. Жылдан артық уақытқа созылды. Тіршіліктің басым формасы алдымен біржасушалылар. Әрі қарай эволюция барысында көпжасушалы эукариоттар – омыртқасыздар мен балдырлар пайда болды. Өсімдіктерден тек балдырлар (төменгі сатыдағы) болды, жануарлар патшалығында омыртқасыздардың
  • барлық типтері түзеді.
  • Фотосинтездеуші өсімдіктер мен цианобактериялар көп мөлшерде оттек бөлгені соншалықты озон қалқаны қалыптасты және «тіршілік құрлыққа шықты».
  • Палеозой эрасы тірі ағзалардың құрлыққа шығуымен, топырақтың, жануарларда сүйек қаңқасының, жоғары сатыдағы жерүстілік өсімдіктердің таскөмір, мұнай мен табиғи газ қорының қалыптасуымен белгілі. Климат жалпы жылы әрі ылғал болды. Ортаны осы жағдайына байланысты өсімдіктердің ішінде жоғары сатыдағы өсімдіктер: споралыларда ( мүктер, қырықбуындар, плаундар, қырықжапырақтар), сондай-ақ олардың ұрпақтары – тұқымдылар – ашықтұқымдылар дамыды. Алып қырықжапырақтар таскөмір шоғырын, ал жердің терең қабатында орналасқан көл экожүйесі мұнай шоғырын түзді.
  • Жануарлардан өрмекшітәрізділер, бунақденелілер мен омыртқалылар: балықтар, қосмекенділер мен басым бола бастаған жорғалаушылар пайда болды.
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет