Мезозой эрасы диназаврлар эрасы деп аталды. Климат едәуір құрғақ, бірақ негізінен жылы болды. Омыртқалылар класының ең соңғы өкілдері: құстар мен сүтқоректілер, ал өсімдіктерден – жабықтұқымдылар (гүлді өсімдіктер) пайда болды. - Кайнозой эрасында заманауи түрге ие болып, мұз басу жүрді, климат жалпы едәуір суық болды. Гүлді өсімдіктер мен бунақденелілер; жылықанды омыртқалылар – құстар мен сүтқоректілер басымдық көрсетті. Жалпы кайнозой эрасының соңына дейін солтүстікке мұз басу тән. Сол кезеңнен тірі қалған жануарлардан солтүстік бұғысын, қойөгіз, ақтүлкі, лемминг, аққұрды атауға болады. Ал мамонттар мен жүнді мүйізтұмсықтар жойылып кетті.
- Сонымен қатар ақбөкендер, жабайы жылқылар (тарпандар), бизондар мен тұяқты жануарлардың басқа түрлері мекендеген климаты жылы аумақ болды. Флора біртіндеп солтүстіктен оңтүстікке қарай тундра мен тайгадан шөлге және экваторлық орманға біртіндеп өзгерді.
- Сүтқоректілерден бұл эрада пайда болған приматтар тез эволюцияға ұшырады. Үдеріс адамның пайда болуымен аяқталады.
- № 1 тапсырма. Сәйкестендіріңіз:
| | - А) Ең ұзаққа созылған бұл заманда алғашқы тау түзілу әрекеті жүре бастады. Олар негізінен,су түбіне бекініп тіршілік етті.Жер бетіндегі температура әлі де болса жоғары болғандықтан,тіршілік тек суда ғана жүріп жатты
| | | | | | - Ә) Бұл жаңа тіршілік заманында осы қазіргі кездегі флора мен фаунаның қалыптасу әрекеті жүрді. Ол екі кезеңге –үштік және төрттік кезеңге бөлінеді. Үштік кезеңнің алғашқы жартысындағы жылы климат тропиктік және субтропиктік флораның кең өріс алуына мүмкіндік берді. Мәңгі жасыл ормандар жойылып, қыста жапырағын түсіретін, ағаштармен алмасты. Бірте-бірте шөптекті өсімдіктер, әсіресе астық тұқымдас өсімдіктер таралған ашық далалы жерлер пайда болды.
| | | | | | - Б) Бұл-ертедегі тіршілік заманы. Құрлықта тек бактериялар мен көк жасыл балдырлар тіршілік етті. Құрлықта тіршілікке бейімделу құрлық өсімдіктері псилофиттер еді. Буынаяқтылардың ең ертедегі өкілі-триолбиттер кең тарала бастады
| | | | | | - В) Жануарлар тарихында осы заманды жорғалаушылар заманы деп атайды, өйткені азда болса сумен байланысы көптеген құрлықтық ағзалар тіршілігін жойып,олардың орнына нағыз құрлыққа бейімделген өсімдіктер мен жануарлар келді.
| | | | | | - Г) Жер қыртысының тарихындағы көне заман. Осы заманның тау жыныстары қабаттарынан өте қарапайым құрылысты тірі ақзалардың-бактериялардың және көк-жасыл балдырлардың (прокариоттар) қалдықтары табылған. Олардың теңіздерде ғана тіршілік етіп қоймай, құрлыққа шыққандығы көрінеді. Өйткені, құрлықтағы бейорганикалық заттар органикалық заттарға айналып,соның нәтижесінде топырақ түзілген
| | | | | | | | | | | | | | | | Рефлексия
Достарыңызбен бөлісу: |