Сабақтың тақырыбы: Паразит саңырауқұлақтар.
Сабақтың мақсаты: Тәрбиелік:
Өзінің және өзгелердің денсаулығына жауапкершілікпен, қарауға,
адам өмірі ең жоғарғы құндылық екендігін түсінуге тәрбиелеу.
Білімділік.
Оқушыларға паразит саңырауқұлақтардың түрлері мен олардың
келтіретін зияны жөнінде толық мағлұмат беру.
Дамытушылық:
Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын ,интелектуалдық
және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың міндеті:
-Паразит саңырауқұлақтар туралы естігендерін білу.
-Паразит саңырауқұлақтар кездесетін өсімдіктер түрлерін білу. -Паразит саңырауқұлақтың адам ағзасы үшін келтіретін зиянын түсіну.
Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдістері мен диалог философиясы:
-Оқушыларға қолайлы оқу ортасын құру;
-Топтасып,бірлесе жұмыс істеудің ережесін терең менгеру;
-Топтағы оқушылар бірін-бірі тыңдайды,сыйлайды,бір-біріне үйренеді.
Үйрену арқылы:осы тақырыпты менгеру барысында пайда болған мәселені жеке топтық жұмыстар нәтижесінде шешеді.
Күтілетін нәтиже:
-Мәселені анықтайды.
-Мәселені шешудің жолдарын табады.
-Сұрақтар қоя біледі.
-Пайда болған сұрақтарға өз пікірлері мен көзқарастары арқылы жауап таба алады.
-Өз білімдерін өмір тәжірибесімен байланыстырады.
Пән аралық байланыс: Өсімдіктану,биология, география,жаратылыстану.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Проблемалық ізденіс топтасып жұмыс жасау.
Сабақтың көрнекілігі: Қаракүйе,тат,ақүнтақ саңырауқұлақтарымен зақымдалған өсімдіктердің кеппешөптері /жүгері,қамыс,бидай,шоғайна/
Плакат,маркер түрлі- түсті, жапсырма, түрлі-түсті бояу қарындаштар.
Кітап, тақта,дәптер.
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сыныптың дайындығы.
2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау: Венн диаграммасы бойынша оқушылар
интерактивті тақтада жұмыс жасайды.
Жеуге жарамды
Жеуге жарамсыз
Айырмашылығы
1.Жаңа сабақ:
Қызығушылықтарын ояту сатысы.
а/Паразит саңырауқұлақ-дегенді қалай түсінесіңдер?
ә/Паразит саңырауқұлақ жайлы мәліметті оқыған соң не ойладыңдар?
б/ Паразит саңырауқұлақ қандай азық-түлікте болатыны және ағзаға тигізетін әсері жайлы не үйрендіңдер?
в/Күресу шаралары? /формалинмен өңделеді/
/Оқушылар пікірлесіп өз –ойларын ортаға салады/.
2.Мағынаны ажырату сатысы.
Әр топта бес оқушыдан отырады. Ол жанұя тобы.
Бұл топтарға екі тапсырмадан беріледі.
1-топтың тапсырмасы-
а/Паразит саңырауқұлақ-дегенді қалай түсінесіңдер?
ә/Паразит саңырауқұлақ жайлы мәліметті оқыған соң не ойладыңдар?
2-топтың тапсырмасы-
б/ Паразит саңырауқұлақ қандай азық-түлікте болатыны және ағзаға тигізетін әсері жайлы не үйрендіңдер?
в/Күресу шаралары.
3.Келесі тапсырма кестемен жұмыс.Әр оқушыға таратылады.
Паразит саңырауқұлақтың аты
|
Қандай өсімдікте болады
|
Қай мүшесі зақымдалған
|
|
|
|
Сабақты қорытындылау: Ой толғаныс: Сұрақтар қою.
а/ Тат саңырауқұлағымен зақымдалған астықтың дәні қанша пайызға дейін төмендейді? /15%-ға/
ә/Діңқұлақ деп неге аталған? /малдың тұяғына ұқсас/
б/Саңырауқұлақтарды неге «паразит» деп атайды?
Сабақты бағалау:
Аналитикалық бағалау – оқушылар үшін көзделген нақты қабілеттерді белгілі бір ұзақ мерзім ішінде біртіндеп бағалап отыру және бағалау.
Формативтік бағалау – Оқушылардың ауызша жауаптары;
Оқушылардың жазбашы жұмыстары;
Сабақты бекіту:
Оқушылардың бүгінгі сабақта алған білімдері жайлы өз пікірлері.
/стикер тарату/
Үйге тапсырма: Шығармашылық жұмыс.
а/ Паразит саңырауқұлағына эссе жазу.
ә/ Сурет салу. / Көрме /
Достарыңызбен бөлісу: |