СЛАЙД 1
Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Бүгін 8-сыныптың қазақ әдебиетінен өтетін тақырыбымыз-Шалкиіз жыраудың "Би Темірге айтқан бірінші толғауының" көркемдік ерекшелігі.
СЛАЙД 2
Сабақтың мақсаттары:
Сіз бұл сабақта жасай аласыз:
-толғаудағы көркемдегіш құралдарды ажырата аласыз;
-көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай аласыз;
-ақын стилін анықтай аласыз:
СЛАЙД 3
Олай болса, бағалау критерийі мен дескрипторға назар аударыңыздар.
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
|
Дескриптор
|
• Шығармадағы көркемдегішқұралдардың
(психологиялық параллелизм, перифраз,
сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын
талдайсыз.
•Автор стилін анықтайсыз.
|
1
2
|
Білім алушы :
-жырда қолданылған көркемдегіш құралдарды ажыратасыз;
-көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайсыз;
-автор стилін анықтайсыз.
|
Слайд 4
Олай болса, біз бірінші көркемсөз айшықтары дегеніміз не, осыған тоқталып өтсек. Сіздер бұрынғы сабақтарда көркемсөз айшықтарының теңеу, эпитет, метафора деген түрлерімен таныс болғансыздар. Олай болса, Көркемсөз айшықтары дегеніміз- әдеби туындыдағы бейнелі, суретті сөздер.
Теңеу дегеніміз-зат немесе құбылысты басқа бір ұқсас зат не құбылыспен салыстыру. М: ақиықша, құба талы секілденіп,тұндырған шай секілді, түлкідей.
Эпитет дегеніміз- заттың айрықша сынын, сипатын білдіретін сөздер.
М: ақ түлкі, құба тал, алқызыл гүл, асыл еркем.
Метафора дегеніміз- зат не құбылысты басқа бір зат не құбылысқа балау
М: Арыстанмын айбатыма кім шыдар, Жолбарыспын маған қарсы кім тұрар?
СЛАЙД 5
Көркемсөз айшықтарының басқа да түрлері бар:
Ирония (кекесін) – келемеждеу, кекету
Сатира- көркем шығармада өмірдің бір жағымсыз жақтары мен құбылысын күлкі ете, мысқылдай суреттеу.
Гротеск – адамның келбетін, жануарлар мен өсімдіктердің әлпетін батыстырып, бір -бірімен араластыра бейнелеген суреттер.
Сөз тастап кету, яки эллипсис. Грек тілінен аударғанда түсіріп, аттап айту – сөйлем ішінде немесе өлең шумағында атап айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай тастап кету:
Егіздеу яки параллелизм. Грек тілінен аударғанда –қатар жүру, қатынасу.Екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу.
Перифраз - құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыру тәсілі.
Бүгінгі біздің сабағымыздың мақсатында осы көркемсөз айшықтарын толғаудың ішінен табу.
СЛАЙД 6
Олай болса, тәжірибелік кезеңіміздің 1-тапсырмасын орындап көрейік. сіздердің алдарыңызда толғаудан үзінділер берілген. Үзінділерден көркемсөз айшықтарының түрін ажыратып көріңіз.
Сен-алтынсың, мен-пұлмын. Көркем сөз айшықтарының қай түрі деп ойлайсыз?Әрине, метафора. Яғни, зат не құбылысты басқа бір зат не құбылысқа балау.
Алтынды кесе сары бал. Дұрыс жауабы-эпитет. Заттың айрықша сипатын білдіретін сөздер.
Аспанды бұлт құрсайды,
Күн жауарға ұқсайды.
Көлдерде қулар шулайды-
Көкшіліден ол айуан
Соққы жегенге ұқсайды. Дұрыс жауабы- әрине ,параллелизм.Яғни,екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу.
Соңғысы,
Жақсы да келер бұ көпке,
Жаман да келер бұ көпке. Дұрыс жауабы-әрине, перифраз. Құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыру тәсілі. Бұл жердегі перифраз-"жақсы", "жаман" деген сөздер.
СЛАЙД 7
Біздің екінші тапсырмамыз- көркемдегіш құралдардың қолданысын талдап, ақын стилін анықтау. Ол үшін сіздер бірінші тапсырмада берілген көркемсөз құралдары толғауда не үшін пайдаланған, автор ол сөздерді пайдалану арқылы нені айтқысы келді, әдеби туындыға қандай әсері болды? Осы жөнінде өздеріңіздің ойларыңызды жинақтап, шағын мәтін құрап жазып көріңіз.
СЛАЙД 8
Бірінші және екінші тапсырмаларды орындап болсаңыздар, білімімізді бақылап көрейік.
1. Перифраз дегеніміз не? Дұрыс жауабы қайсы деп ойлайсыздар. Сіздердің алдарыңызда 4 түрлі жауап тұр. Әрине, бұл жердегі дұрыс жауабымыз- құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыру тәсілі.
2. Параллелизм дегеніміз не? Дұрыс жауабы- Екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу.
СЛАЙД 9
Олай болса, оқушылар, сабағымыздың соңында "Аяқталмаған сөйлем" рефлекциясы бойынша кері байланыс жасап көрейік.
Бүгін сіз сабақта не білдіңіз?
Сіз үшін не қызық болды?
Сіз үшін сабақта не қиын болды?
Сіз қай тапсырмаларды орындай алдыңыз?
Достарыңызбен бөлісу: |