Сабақтың мақсаттары Т/А3 Тыңдалған материал бойынша жауап беру Сабақтың оқыту мақсаттары



Дата25.08.2017
өлшемі87,08 Kb.
#25789
түріСабақ

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы:



Білім. Жаһанданған әлем және шет тілдерді үйрену

Ақтөбе қаласы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

2-сабақ



Оқытушы аты-жөні:

Оракова Мейрмхан Сахитжановна

СЫНЫП: 7 (Т1)

Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспағандар:

Сабақтың мақсаттары

Т/А3 Тыңдалған материал бойынша жауап беру


Сабақтың оқыту мақсаттары


Әр түрлі идеяларға қажетті мысалдарды қолдана отырып, өз ойларын жан-жақты дамытады және тұжырымдайды.

Кілт сөздер: білім, жаһандану,ғылыми жаңалықтар,үдеріс.

Пәнаралық байланыс: Тарих, география, мәдениеттану, саясаттану.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер


Дереккөздері

Сабақтың басы

5 минут


5 минут


Сабақтың ортасы
20 минут

5 минут


Сергіту.

«Әсем- әдемі» тренингімен сабақты бастау.
Парталардың астына жабыстырылған «global», «робот», «ғаламдану», «ғылыми прогресс» сөздері арқылы 4 топқа бөлу.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
Бағалау үшін жетістік критерийі:

Жетті:

1. Тыңдалым мәтінінің негізгі ойын түсінеді

2.Берілген сөздердің синонимдері мен антонимдерін тыңдалым мәтінінен таба алады.

3. Тақырып төңірегінде ойын, пікірін еркін білдіре алады.


-Мұғалім мәтінді дауыстап оқиды.

-Мәтіннің тақырыбы мен идеясына оқушылармен бірге тоқталады.

-Мәтіндегі түсініксіз сөздердің мағынасын оқушыларға аштырады.

-Тапсырмаларды орындау нұсқаулығымен таныстырып болғаннан кейін екінші рет оқиды.

Бүгінгі таңда еуропа-американдық немесе батыстық мәдениеттің "мысы" басым болып тұр. Ал қалған елдер не батыстың құндылықтарын, мәдениетін қабыл алып, батыстың "жүрдек пойызының соңғы тепшегіне жабысады", яғни жаһанданады, не өздерін батыс ықпалынан шығарып алу үшін томаға–тұйықтық, жабықтық стратегия ұстанады.

Жаһандану біздің елде де басталып кетті. Осы тұста бір үлкен мәселе туады, ол – жаһандану заманында біз елдігімізді, мәдениетімізді, тілімізді сақтай аламыз ба деген сауал. Батыстың мәдениеті ықпалды болып тұрғаны рас. Бірақ осы орайда біз Батыстан нені алуымыз, нені алмауымыз керек? Жалпы мәдениеттің өзі екі жолмен пайда болады. Біріншісі – дүниетанымнан келіп шығатын, екіншісі – ғылыми-техникалық дамудан келіп шығатын мәдениет. Біз батыстан ғылым мен техниканың дамуынан келіп шыққан мәдениетті алуымызға болады. Тіпті ХХІ ғасырда қазақ жастары озық технологияның барлық қыр-сырын білуі тиіс. Мұны меңгерумен біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ал батыстың дүниетанымынан келіп шыққан мәдениет бізге керек емес. Себебі батыс дүниетанымы өмірдің қызығын бұрмалап, қоғамымызға түнгі клубтар, нашақорлық т.б. көріністерді енгізуде. Бұл әсіресе жас буынның санасын улап жатыр. Біз бұған жол бермеуіміз керек. Егер жастарымыз осындай жеңіл түсінікке ұрынса, онда мемлекетіміздің болашағы не болмақ?

Ұлтымыздың болмысында біткен асқар таудай биік, өмірдің бар асылына бергісіз, сан ғасырлық ғажайып, бірегей мәдениеті бар. Тіл – мәдениеттің құрылымдық элементі, мәдениеттің болу шарты әрі ең жоғары құндылығы. Қазір ғаламдық тіл санатына романдық тілдер тобы, нақтырақ айтсақ, ағылшын тілі сақадай сай дайын тұр.

Ендеше жөргегінде тұншыққандай күйдегі біздің тіліміз – біздің мәдени құндылықтарымыздың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан тілімізге қамқор болу – мәдени мұрамызды түгендеудің тағы бір жолы. Тіл ұлт болып қалудың соңғы қамалы екені баршаға аян. Сол қамалды сақтап қалу - әрбір қазақтың қасиетті борышы. Біздің негізгі мақсатымыз – ана тілімізде сөйлеу арқылы оның өміршеңдігіне қол жеткізу. Сол арқылы келешекке біртұтас ұлт, рухы биік халық ретінде жол тарту.


1-тапсырма. «Синонимдерді тап» тыңдалған мәтіннен төменде берілген сөздердің синонимдерін табу.

1) Әлемилену

2) Халық

3) Сұрақ

4) Әзір тұр

5) Қорғау



2- тапсырма. «Антонимдерді тап» тыңдалған мәтіннен төменде берілген сөздердің антонимдерін табу.
1) Ашықтық

2) Сауал


3) Әлсіз

4) Өткені

5) Аласа



3- тапсырма. Тыңдалым мәтіні бойынша пікірлерін білдіру.

«Диалогтық билет» әдісі бойынша шеңберге шығып, ойларын ортаға салады.


Жабыстырма қағаздар

Интербелсенді тақта

Жаһандану және ел тағдыры
http://massaget.kz/blogs/6896/

Үлестірмелі-кеспе қағаздар




Сабақтың соңы
5 минут


Бағалау:
Рефлексия: «Өз тұжырымым» әдісі арқылы сабақты қорытындылау

  • Жаһандану, менің ойымша ....

  • Жаһандану менің еліме....

  • Мен былай үлес қосар едім...


Интербелсенді тақта



Қосымша ақпарат


Ажырату – сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларына қарағанда анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?



Бағалау –

Оқушылардың оқуын қалай тексермексіз?



Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік тексеріс

АКТ байланыстары

Құндылықтар байланыстары



Топтар бір-біріне қолдау көрсетеді.

аз болуы мүмкін. Анағұрлым қабілетті оқушыларға қарасөздің мазмұнындағы нақыл сөздерді теріп жазуды тапсырамын.




Меңгеруді бақылау

Сұрақ және жауап

Өзара кері байланыс, топтар бір-бірінің жауабын дескрипторлар арқылы бағалайды.


Топтарда жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.)


Қорытындылау

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары қолжетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқу атмосферасы қалай болды?

Менің жұмысым жоспарлы болды ма?

Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба?

Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге?


Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағанадан өз сабағыңызға ең орынды келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Бұл сабақта оқушылар суретке қарап детальдар бойынша мәтін құрастыруды үйренді.Уақытты тиімді пайдалана алдым. Әр тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар өздерінің іс-әрекеттеріне сыни тұрғыдан баға беріп, алдағы уақытта нені жетілдіру керек екендіктерін өздері айтып отырды.Оқу мақсаты қолжетімді болды.Дегенмен, әдеби көркемдегіш сөздерді қолдануда кейбір оқушылардың көмек қажет ететіндігі байқалды.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар туралы нені білдім?









Бүгінгі таңда еуропа-американдық немесе батыстық мәдениеттің "мысы" басым болып тұр. Ал қалған елдер не батыстың құндылықтарын, мәдениетін қабыл алып, батыстың "жүрдек пойызының соңғы тепшегіне жабысады", яғни жаһанданады, не өздерін батыс ықпалынан шығарып алу үшін томаға-тұйықтық, жабықтық стратегия ұстанады. Жаһандану біздің елде де басталып кетті. Осы тұста бір үлкен мәселе туады, ол – жаһандану заманында біз елдігімізді, мәдениетімізді, тілімізді сақтай аламыз ба деген сауал. Батыстың мәдениет ықпалды болып тұрғаны рас. Бірақ осы орайда біз Батыстың нені алуымыз, нені алмауымыз керек? Жалпы мәдениеттің өзі екі жолмен пайда болады. Біріншісі – дүниетанымнан келіп шығатын, екіншісі – ғылыми – техникалық дамудан келіп шығатын мәдениет. Біз батыстан ғылым мен техниканың дамуынан келіп шыққан мәдениетті алуымызға болады. Тіпті ХХІ ғасырда қазақ жастары озық технологияның барлық қыр-сырын білуі тиіс. Мұны меңгерумен біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ал батыстың дүниетанымынан келіп шыққан мәдениет бізге керек емес. Себебі батыс дүниетанымы өмірдің қызығын бұрмалап, қоғамымызға түнгі клубтар, нашақорлық т.б. көріністерді енгізуде. Бұл әсіресе жас буынның санасын улап жатыр. Біз бұған жол бермеуіміз керек. Егер жастарымыз осындай жеңіл түсінікке ұрынса, онда мемлекетіміздің болашағы не болмақ?



Ұлтымыздың болмысында біткен асқар таудай биік, өмірдің бар асылына бергісіз, сан ғасырлық ғажайып, бірегей мәдениеті бар. Тіл – мәдениеттің құрылымдық элементі, мәдениеттің болу шарты әрі ең жоғары құндылығы. Қазір ғаламдық тіл санатына романдық тілдер тобы, нақтырақ айтсақ, ағылшын тілі сақадай сай дайын тұр.

Ендеше, жөргегінде тұншыққандай күйдегі біздің тіліміз – біздің мәдени құндылықтарымыздың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан тілімізге қамқор болу – мәдени мұрамызды түгендеудің тағы бір жолы. Тіл ұлт болып қалудың соңғы қамалы екені баршаға аян. Сол қамалды сақтап қалу - әрбір қазақтың қасиетті борышы. Біздің негізгі мақсатымыз – ана тілімізде сөйлеу арқылы оның өміршеңдігіне қол жеткізу. Сол арқылы келешекке біртұтас ұлт, рухы биік халық ретінде жол тарту.
Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет