Сабақтың мақсаты:Оқушыларға есірткінің зияны, адам өміріне қауіптілігін түсіндіру, әрбір маман иесінен зияндылық туралы мәлімет ала отырып, жат әдеттерге бармауға, пайдаланбауға үйрету, тәрбиелеу мақсатында баспасөз конференция сабағын өткіздім.
Сабақты мұғалім кіріспе сөзбен бастайды.
Мұғалім: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Дені сау балаларсыз, елдің келешегі жоқ». Бүгінгі таңда, адамзат өзінің дамуында көп ілгері жылжуда. Сонымен қатар бүгінгі күні біздің планетамызда тұратын адамдардың басына үш басты жыландай – темекі шегу, ішімдікке салыну және нашақорлық қауіпі туып отыр. Ал. Құрметті тілшілер, өздеріңізді қызықтырып жүрген сұрақтарыңыз болса, мамандарға қоюларыңызға болады.
1-оқушы: Мен «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісімін. Сұрақ: Темекі, ішімдік, есірткінің адамның биологиялық жасына қандай әсері бар?
Биолог: Адамның биологиялық жасы орташа 150 жас екені анықталған. Адамның биологиялық жасқа жете алмау себебі, адам организміне әсер ететін зиянды заттарды (темекі, ішімдік, есірткі) жие қолдануға байланысты. Қылмыстың 75% осыған байланысты. ЖҚТБ жұқтырушылардың 78% нашақорлық болып келеді. Пәле ауруымен ауыратындардың көпшілігі темекі шегетіндер. Ұлы ойшыл Л.Толстой «Егер адамдар өздерін-өзі арақ-шарап, темекі апиынмен есіртпей және уландыра бермесе, онда біздің өмірімізде арман еткендей бақытты өзгеріс болар еді» - деген екен.
2-оқушы: Мен «Жас алаш» газетінің тілшісімін. Сұрақ: Темекінің ауыз қуысы мен тіске қандай зияны бар?
Тіс дәрігері: Темекі шегуден тістің кіреукесі бұзылып, тіс сарғайып кетеді. Содан ол тіс жегісіне шалдығады. Адамның ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығады.
3-оқушы: Мен «Денсаулық» журналының тілшісімін. Сұрақ: Туберкулез бен өкпенің қабынуына зиянды заттардың әсері қандай?
Терапевт дәрігер: Темекі түтінінде адам организміне зиянды 300-ден астам улы заттар бар. Бұл заттар және темекі түтіні тыныс жолының кілегейлі қабығын қабындырады. Темекі түтінінде болатын қара күйе мен қара май ұсақ бронхылар мен өкпе көпіршіктерін бітеп тастайды. Өкпе организмді оттекпен толық қамтамасыз ете алмай, газ алмасу бұзылады.
Темекі түтінідегі радиоактивті заттар организмге жиналады.Темекі көп шеккен адамның өкпесі қатерлі ісікке көбірек шалдығады. Өкпедегі пәле ауруымен ауыратындардың 97% шылым шегетіндер. Неғұрлым бала жас кезінен темекі шегумен айналысса, соғұрлым пәле ауруына жиі шалдығады. Жылына темекінің кесірінен дүние жүзінде 3 млн. Адам қайтыс болады. Темекі түтінінде ең улы зат – никотин бар. Күніне 20 тал темекі тартқан адам 90 мг никотин жұтады. Никотин тыныс алу мүшелерін тітіркендіріп, оны қабындырады, сөйтіп қорғаныс қабілеті нашарлайды да, ауру тудыратын микробтар, туберкулез таяқшасы еніп, ауруға тез шалдығады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Темекі әсіресе, жас организмді тез уландырады. Жас достар! Темекіге әуестенбеңіздер!
4-оқушы: Мен «Хабар» телеарнасының тілшісімін. Сұрақ: Ішімдік пен темекінің, есірткінің бүйрекке зияны бар ма?
Уролог: Адам тіршілігі үшін бүйректің маңызы зор. Бүйректің жұмыс істеуіне ішімдікті пайдалану өте зиян. Ішімдікті көп ішу бүйрек жұмысынбұзады. Бүйрек 5 минут сайын ересек адамдарда 5 л қанды сүзіп өткізеді. Алкоголь бүйрек жұмысына қауіпті , организмді улайды. Бұл өмірге қауіпті, одан өліп кетуі де мүмкін.
Ішімдікпен уланған бүйрек бүрісіп, зәпдің болінуі тоқталады. Түрлі ауруларға ұшырайды. Сондықтан сіздерге ішімдікке жоламаңыздар дер едім.
5-оқушы: Мен Астана телеарнасының тілшісімін. Сұрақ: Зиянды заттардың жүрек жұмысына әсері қандай?
Кардиолог: Никотинде у болғандықтан, ең алдымен жүректің жирылуын жиілетіп, қантамырларын тарылтады. Жүрек бұлшықеттері тез шаршайды. Темекі шегетіндер тез шаршап, басы ауырып ұмытшақ болады. Темекі тартатындардың, тартпайтын адамдарға қарағанда 15-16 рет жүрегі жиі соғады. Ол жүректі ауруға ұшыратады. Жүректе стенокардия, аритмия сияқты аурулар пайда болады. Қан қысымы көтеріледі. Академик Чазов журектің анемиялық ауруын темекі тартудан болады деген. Алкоголь қанға тез әсер етеді де, эритроциттерді бұзады, мидың жұмысы бұзылады.
6-оқушы: Мен «Қазақстан» телеарнасының тілшісімін. Сұрақ: Зиянды дағдылардың көзге қандай қатысы бар?
Окулист: Көздің жұмысы темекі тартудан, алкоголь әсерінен бұзылады. Темекіден улы заттар қанның құрамына өтіп, рецептор жасушаларына әсер етеді, оның сезімталдығын нашарлатады. Алкоголь ұрт тамырлары арқылы қанға өтіп, оның ішіндегі оттекті таситын эритроциттерді бұзады да, оттектің мөлшерін азайтады. Көздің рецептор жасушаларында зат алмасу баяулайды. Темекі көру қабілетін 25% төмендетеді екен. Көздің қарашығына әсер етіп, адамда глаукома ауруы пайда болады.
7-оқушы: «Хабар» телеарнасының тілшісімін. Сұрақ: Сәбидің жатырда дамуына темекі, ішімдіктің, есірткінің әсері қандай?
Гинеколог: Шылым шегу әйелдерді ерте қартайтады және жүктілік кезінде әр түрлі асқынуларға әкеп соғады. Халықаралық статистиканың мәліметіне қарағанда шылым шегетін әйелдерден туған балалардың өлімі, шылым шекпейтіндерге қарағанда 40% жоғары. Ал, ішімдікті үнемі қолдану ұрық клеткаларының зақымдануына әкеліп соқтырады. Бұл жағдайда бойы аласа, дене салмағы кем, нашар жетілген, ақыл-есі кем, түрлі ауруларға шалдыққан бала дүниеге келеді. Маскүнем балаларының есте сақтау қабілеті нашар болады, мұндай балалар нашар оқиды, шыдамсыз болады, тіпті кейде кеміс болып туылады. Темекінің әсерінен түсік тастау, балалардың өлі тууы мүмкін. Ананың темекі шегуі кешірілмейтін күнә. «Ұрпағымыз азбасын десек» темекі, арақ, есірткіге жоламаңыздар жас достар!
8-оқушы: Мен «Еларна» телеарнасының тілшісімін. Сұрақ: Алкоголь мен есірткінің ас қорытуға әсері қандай?
Гастроэнтеролог: Шылым шегу денсаулыққа зиянды. Темекінің түтіні дәм сезуді және адамның тамаққа тәбетін нашарлатады. Темекінің уы қарынның қабырғасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Қарында, ұлтабарда жара пайда болады. Темекі түтініндегі улы заттар асқорыту жүйесінің мөлшерін пәле ауруына шалдықтырады. Алкоголь өте жылдам әсер ететін улы зат. Ол қанға өтіп онымен бүкіл организмге тарап уландырады.
Үнемі тітіркенуден асқорыту мүшелері қабынады да жара және пәле ауруына шалдықтырады. Алкогольдің әсерінен бауыр циррозит ауруына шалдығады.
9-оқушы: Мен «Астана» телеарнасының тілшісімін. Сұрақ: Есірткі заттарының онкологиялық ауруға әсері қандай?
Онколог дәрігер: Темекі түтініндегі улы заттар асқорыту жүйесінің мүшелерін пәле ауруына шалдықтырады. Ішімдік қарынның сілемейлі қабықшасын, ішек, т.б. асқорыту мүшелерін тітіркендіреді. Үнемі тітіркендіруден асқорыту мүшелері қабынып жара пайда болады. Спирттік ішімдіктер өңештің кілегейлі қабаттарын қабындырып, қатерлі ісікті пайда етеді. Бұл адам өмірі үшін қауіпті. Есірткі асқазан жарасының пайда болуына итермелейді. Темекі тартатындардың тыныс жолдары қабынып өкпе пәлесіне, көмекей пәлесіне шалдығады. Дүние жүзінде жылына 3 мдн. Адам темекінің кесірінен қайтыс болады. Деніміз сау болсын десеңіздер, есірткі заттарға жоламаңыздыар!
10-оқушы: Мен «Хабар» телеарнасының тілшісімін. Сұрақ: Есірткі заттар адамның жүйке жүйесіне қалай әсер етеді?
Психолог: Ішімдік ми қыртысының жұмысын тежейді. Ми қыртысы мидың басқа бөлімдеріне бақылау жасай алмай қалады. Есірткі, ішімдік жүйке жасушасына әсер етеді. Ол липоид затын ерітеді. Липоид заты азайған жүйке жасушасы қалыпты қызмет жасай алмайды. Мидың мүшелермен байланысы үзіледі. Сондықтан мас адам өзін басқара алмай қалады және де жол апаттары соның кесірінен болады. Есірткіні әр түрлі жағдайда пайдаланады. Оны пайдаланғаннан кейін нашақор мәңгіріп отырады, өзін-өзі ұмытады. Кейде жалған дыбыстар мен елестер жетегінде кетеді. Мұндай жағдайда өзінің не істеп, не қойғанын білмей қалады. Сол сәтте оның рахатын біреу бұзса, ол адамды өлтіруге дейін барады. Ол адам терезеден секіруі, машинаның астына түсуі, зорлық жасап, адам өлтіруі мүмкін. Есірткі денесіне енгеннен кейін терісінің астында құрт, бит, қандала жүргендей болады. Мұндай сәттерде жәндіктерді алып тастаймын деп, өзіне-өзі қол салып, денесін жұлып, зақымдап тастайды. Ол адам туған-туысқан, бала-шағаны ұмытып, тек қара басының қамын ойлайды. Сондықтан жастар есірткіге жоламаңыздар!
11-оқушы: Мен «КТК» телеарнасының тілшісімін. Сұрақ: Қазіргі жасөспірімдер арасында есірткіні пайдаланатындардың үлесі қандай?
Нарколог: Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп отырмыз. Соңғы 10 жылда елімізде экономикалық ахуалдың өзгеруі халықтың әлеуметтік қалпының бұзылуына әкеліп соқтырды. Бұл құбылыс жастар арасында жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр. Темекі шекпейтіндерге қарағанда шегетіндер арасында өлім 3 есе артық, 12-14 жас аралығында оқушылардың 10%, 15-17 жастағы оқушылардың 21%, яғни әрбір 5 жасөспірім темекі шегеді. Социологтердің зерттеулеріне қарағанда 10-15 жастағы жасөспірімдер ішімдікке әуес болады. Жасөспірімдердің ішімдікке салынуы тәрбиенің дұрыс болмауы, білімнің төмендегі, мәдениеттің жеткіліксіздігі. Бүгінде есірткі қолданушылардың саны құрт өсуде. Мектеп оқушыларының есірткі қолдануы жиілеуде. Есірткі заттар: темекі, ішімдік,героин, кокаин т.б. заттар қолданады. Есірткіні пайдаланған адам қылмысқа барады. Күнделікті кездесетін қылмыстың 50% осыған байланысты. Дүние жүзінде 142 млн. Адам үздіксіз марихуана тұтынады. Қазақстанда 53 мыңнан астам адамдар ЖҚТБ ауруын жұқтырған, оның 24 жас балалар . Нашақорлықты емдеу өте қиын. Сондықтан оны бастамау керек.
Басқа планетадан келген адам (ағылшын тілінде сөйлейді).
Тілмаш: (Тілмаш ағылшын тіліне аударады) Мен қазақ халқының жері қандай кең болса, өздері де кең пейілді, қонақжай ел деп келіп едім. Қазір мына дәрігер-ғалымдардың айтқан сөздеріне куә болдым.
Мен бұл елден шошынайын дедім. Жастар есірткі құрбанына айналса, болашағы не болмақ. Сондықтан мен өз ғаламшарыма қайта ораламын. Мен болашағымның ұл-қыздарының нашақор болғанын қаламаймын.
Ақсақал атаның сөзі: Жоқ! Сіз қателесесіз. Қазақ халқы қонақжай, кең пейілді халық. Біз жастарды дұрыс жолда тәрбиелеп жатырмыз. Ұл-қыздарымызды имандылыққа, жат әдеттен аулақ болуға тәрбиелеудеміз. Біздің елде барлық мектептерде салауаттану пәні оқытылады. Еліміздің бірінші ханымы Сара Назарбаеваның қолдауымен «Өзіңді-өзің таны» атты пән енгізіліпжатыр. Ал, балалар сендерге айтарым, есірткіден сақ болыңыздар!
Жүргізуші. Бұл нашақорлық, маскүнемдік және есірткі адамды құрдымға кетіретін дерт қана емес, бұл қоғам дерті. Біздің егеменді еліміздің өзегіне құрт түсіп осындай дертке шалдықпау үшін, осы жаман әдеттерге қарсы күресу парызымыз. Шығыс данасы, ғалымы Әл-Фараби «Баласын көріп, елін таны» деген екен. Қандай данышпандықпен айтылған сөз! Егер жастарымыз есірткі шырмауында жүрсе, онда қандай ел болмақпыз. «Ел болам десең – бесігінді түзе» деген екен халқымыз. Сондықтан жас достар болашағымыз Сіздерге байланысты.
«Тайпақ мектеп-гимназиясы» КММ
Тақырыбы:
« Ғасыр дертіне тосқауыл »
Конференция сабақ
Өткізген: Д.Б.Жумагалиева
2016 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |