Сабақтың мақсаты: Сабақтың міндеттері: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету. -отбасының негізі өмірдің ұйтқысы, киелі қасиетке ие болу сыры туралы түсініктерді кеңейту; -отбасы тірлігі мен құндылықтарын атап, қадір-қасиеті туралы философиялық астарына назар аудару; -отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, алдағы өмірге даярлау. Шаттық шеңбері Қош келдіңіздер! «миға шабуыл» «Отбасы – өмір аясы» сөзінің мағынасы неде?
ӘҢГІМЕЛЕСУ Ол кімдерге байланысты деп ойлайсыңдар? - Өз отбасың үшін алаңдайсың ба, жауапкершілік сезінесің бе? - Отбасы бақыты дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Өнеге отбасынан
Оқу ақпараты Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай, үй болу қиын» дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі - бала. Баланың тәрбиелі, жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы зор. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құралады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасындағы өзара қарым-қатынас сыйластыққа, құрметке, қайырымдылыққа құрылуы тиіс. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру- ата-ананың ең маңызды міндеті. «Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі отбасынан басталады. Отбасы діңгегі –бала, ұрпақ өсіру, оның тәрбиесі. Отбасылық өнеге махаббатта, сыйластықта, береке мен бірлікте. Елдің, ұлттың болашағы әр отбасында шешіледі.