Сабақтың нөмірі: 5 Сабақтың тақырыбы: Ш. Құсайынов «Томирис» драмасы туралы әдеби сын



Дата31.05.2020
өлшемі19,81 Kb.
#71818
түріСабақ
Байланысты:
Томирис драмасы 8-са аты


Қазақ әдебиеті пәні бойынша 10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) оқушысының өзіндік жұмыс жоспары
IV тоқсан

Сабақтың нөмірі: 15

Сабақтың тақырыбы: . Ш. Құсайынов «Томирис» драмасы туралы әдеби сын

Сабақтың мақсаты: Бұл сабақта оқушылар Ш. Құсайыновтың «Томирис» драмасын идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазады.

1. Сабаққа керекті мәліметтер:

Әдеби сын –  өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын шығармашылық  Әдеби сынның басты ерекшелігі: қазіргі әдебиеттің жай-күйін қарастыруында, әдеби мұраларды бүгінгі заман тұрғысынан пайымдауында. Сан қырлы өмір оқиғаларының көркем әдебиетте қалайша көрініс тапқандығын анықтап отырады. Әдеби сында берілген баға – сол кезеңдегі әдеби процестің үні. Онда пікірлер қайшылығының кездесуі заңды да. Әдеби сын көркем шығармашылыққа дер кезінде үн қосып, сыр-сипатын айқындайды, баға беріп, пікір білдіреді.

2. Берілетін тапсырмалар:

1-тапсырма.

Тұмар ханшайымның ел басқарудағы ерекшелігіне талдау жасаңыз. /Тарихи деректер арқылы

«Томирис» драмасында көрініс тапқан ұлттық құндылықтарды анықтап, шығармадан дәлелдер келтіріңіз.


Тұмар ханшайымның атынан бүгінгі ұрпаққа монолог жолдаңыз

1.

2.

3.

1.

2.




2-тапсырма.

«Томирис» драмасындағы ұлттық құндылықтардың көрінісі мен Жанна д'Арк ерлігінің арасындағы үндестікті анықтаңыз. Венн диаграмма жасаңыз



3-тапсырма. «Қазақ тарихындағы Томирис бейнесі» тақырыбында әдеби сын жазыңыз. Ұсынылған тіркестерді қолданыңыз.

Дескриптор:

Қолдануға берілген тіркестер:

әдебиет үлгілерімен салыстырар болсақ...

қазақ әдебиетіндегі шығармалар қатарында

драма үлгісі

әйел бейнесі

шындықты бүкпесіз жеткізуде

рухани күштің жаңа тынысы



шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына катысты

өзіндік ерекшелігі

жалпы бұл шығарма эстетикалық жағынан

автор шығарманың ұлттық сипатын

3. Кері байланыс:



  • Балалар, орындаған тапсырмаларыңызды электронды пошта немесе «WhatsApp» мобильді қосымшасына жіберіңіздер.


Әзірлеуші: Рыскелдиева Гульмира Даулетказиевна, Ш. Смаханұлы атындағы № 62 гимназияның қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі. (Алматы қаласы Білім Басқармасы ҚББЖТҒӘО қолдауымен)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет