Портфолио жетекшісі:Филология ғылымдарының докторы,профессор М.К.Айтимов
Әдебиет сыны – әдеби сын, көркем әдеби сын – әдебиеттану ғылымының бір саласы. Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындықарақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдеби-публицистикалық, ғылыми-эстетикалық шығармашылық түрі.

Әдебиет сыны – аса күрделі сала. Оның негізгі зерттеу объектісі –көркем әдебиет, әдеби процесс.
Жалпы қазақ халқы сөз өнеріне ерекше мән берген. Шешен, билері күрделі әлеуметтік мәселенің шешімін қиыннан қиысқан бір-ақ ауыз сөзбен айтып отырған. Орынды айтылған сөзге, уәжге тоқтау – қазақ халқының ұлттық ерекшелігі. Тұрлаулы мәселелрді шешуге ел билеген әкімдерден гөрі сөздің майын тамызған шешендер, көркем сөзден кесте тоқыған ақын-жыраулар көбірек танымал болған. Ел билеуге сөздің құдіретін түсінетін «аузы дуалы» азаматтар араласқан. Сөйтіп сөз өнерін қадірлейтін ақын-жыраулар халықтың ұлттық талғамымен бірге эстетикалық көзқарастарын да дамытқан.